1. Қосымшаға сәйкес квоталар белгілеу жолымен 2001 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулы күшіне енгенге дейін "Қазақстан Республикасына жекелеген тауарларды әкелуге арналған квоталарды берудің тәртібі мен шарттары туралы" нұсқаулықты әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркесін.
3. Қазақстан Республикасы Кіріс министрлігінің Кеден комитеті қосымшада белгіленген квота шеңберінде жекелеген тауарлардың Қазақстан Республикасына әкелінуіне бақылауды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының жекелеген тауарларды әкелуге арналған шектеулер енгізетіндігі туралы хабардар етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін. 6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 457 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде квоталанатын тауарлардың тізбесі ________________________________________________________________________ СЭҚ ТН коды ! Тауардың атауы ! 2001 жылға арналған квота көлемі ________________________________________________________________________ жеңіл дистиляттар: ________________________________________________________________________ 2710 00 110 қайта өңдеудің ерекше 1000 тонна процестері үшін ________________________________________________________________________ 2710 00 150 27100 00 110 кіші субпо. 2000 тонна зицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін, ________________________________________________________________________ арнайы бензиндер: ________________________________________________________________________ 2710 00 210 уайт-спирит 100 тонна ________________________________________________________________________ 2710 00 250 басқалары 1000 тонна ________________________________________________________________________ 2710 00 390 басқа да жеңіл 50 тонна дистиляттар ________________________________________________________________________ орта дистиляттар: ________________________________________________________________________ 2710 00 410 қайта өңдеудің 50 тонна ерекше процестері үшін ________________________________________________________________________ 2710 00 450 27100 00 410 кіші суб. 50 тонна позицияда көрсетілгеннен басқа, процестердегі химиялық түрлендірулер үшін ________________________________________________________________________ Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.