1. 1-қосымшаға сәйкес кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты уәкiлеттi органдар болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (уәкiлеттi органның РМК үшiн):
Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ұлттық компанияны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын ескере отырып, қарыз алу лимиттерiн қоса алғанда, ұйымның жыл сайынғы бизнес жоспарларын;
орталық аппарат бойынша шығыстарды және демеушiлiк көмек ретiнде бөлiнетiн қаражатты (әлеуметтiк шығыстарды) бөлiп, ұйымның бюджетiн;
ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын;
ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн;
2) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (уәкiлеттi орган - РМК үшiн) алдында жыл сайынғы бизнес жоспары мен ұйым бюджетiнiң iске асырылуы туралы тоқсан сайын есеп беруiнiң жүзеге асырылуын;
3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (уәкiлеттi органның - РМК үшiн) ұйымның атынан:
ұлттық компанияны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын, жыл сайынғы бизнес жоспарды, ұйымның бюджетiн орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келiсiм-шарт;
аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын;
4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (уәкілеттi органмен - РМК үшін) келiсiм бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын;
5) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен тiзiм бойынша аудиторлық ұйымдардың бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң қазақстандық және халықаралық стандарттарына сәйкес ол аяқталғаннан кейiн 90 күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қаржы жылының қорытындысы бойынша ұйымның жыл сайынғы аудитiнiң жүргiзiлуiн;
6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын; <*>
7) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен тiзiм бойынша несиелiк рейтинг агенттiктерiнiң кемiнде бiреуiнде несие рейтингiнiң жыл сайын расталуын;
8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келiсiлуiн;
9) қоғамның директорлар кеңесі төрағасының (уәкілетті органның - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен нысандар бойынша мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 1-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 1-күнінен кешіктірмей ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ететін көрсетілген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың 2001 жылғы 31 наурызға дейін енгізілуін қамтамасыз етсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482
қаулысымен. P010482_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi туралы тоқсандық және жылдық ақпаратты мынадай мерзімдерде:
- 1, 2, 3-тоқсандардың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей;
- 4-тоқсанның және жылдың нәтижелері бойынша есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылуын қамтамасыз етсiн. <*>
2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келiсiм бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 P010482_ , 2-1-тармақпен толықтырылды - 2001.10.08. N 1298 P011298_ қаулыларымен.
3. Уәкiлеттi органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң сайлануын қамтамасыз етсiн. 4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына 1-қосымша ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 P010482_ , 2001.05.02. N 591 P010591_ , 2001.08.03. N 1025 Р011025_ қаулыларымен. Кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) ТIЗБЕСI <*> 1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ 2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ <*> 3. "ҚазТрансГаз" ЖАҚ 4. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ 5. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" ЖАҚ 6. <*> 7. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ 8. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 9. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 10. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ 11. "Қазпочта" ААҚ 12. "Қазақтелеком" ААҚ 13. <*> 14. "Қазақстан темiр жолы" РМК 15. "Қазаэронавигация" РМК 16. "Ақтау теңiз сауда порты" РМК 17. "Астана халықаралық әуежайы" РМК Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына 2-қосымша ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 482 P010482_ , 2001.08.03. N 1025 Р011025_ , 2001.08.08. N 1041 Р011041_ , 2001.10.08. N 1298 P011298_ , 2001.12.04. N 1565 Р011565_ , 2001.12.05. N 1575 P011575_ қаулыларымен. Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар директорлар кеңестерiнiң құрамдары 1. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ:
Еламанов Болат Далдайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары; Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; <*> Иденов Мақсат Бағытұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi (келiсiм бойынша); Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның президентi; Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі; <*> Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Маңғыстау облысының әкімі. <*> 2. "ҚазТрансОйл" ЖАҚ: Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның президентi.
3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ:
Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Ыбырайымов Серiкхан Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Заң департаментiнiң директоры; <*>
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының орынбасары;
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi. <*>
4. "Қазпочта" ААҚ:
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға;
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; <*>
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ:
Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; <*>
Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi. <*>
6. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төраға;
Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
Босс Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның президентi.
7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрайым;
Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша); <*>
Бахмутова Еленеа Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; <*>
Аймағамбетов Көпжасар Төленұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Экономикалық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi;
Сүлейменов Серiк Жүсiпұлы - "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның директоры.
8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ:
Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;
Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi; <*>
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты;
Гусак Дмитрий Иосифович - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның президентi;
Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келiсiм бойынша). 9. <*> 10. "Қазақтелеком" ААҚ: Нәлібаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға; Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты; Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi. 10-1. <*> Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнің тiзбесi
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компания" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 216 P990216_ қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 P990308_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат).
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт" корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегi N 1404 P991404_ қаулысы.
4. "КЕGОС" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ашық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 P991628_ қаулысы.
5. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының Директорлар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 қарашадағы N 1740 P991740_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 500-құжат).
6. "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлiк қоғамының жекелеген мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2026 P992026_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 577-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 наурыздағы N 308 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы N 404 P000404_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 153-құжат).
8. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1083 P001083_ қаулысы. 9. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 15 тамыздағы N 1261 P001261_ қаулысы. 10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 қазандағы N 1628 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1766 P001766_ қаулысы. Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.