Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 163

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
      1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
      6) Солтүстік Қазақстан университеті "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
      1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ

олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай 
өзгерістер енгізілсін:
     1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  

P960790_

  
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың тізбесінде:
     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде: 
     реттік нөмірлері 470-99, 470-102, 470-103, 470-105, 470-128, 
470-133-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
     "470-99 "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе 
     мемлекеттік университеті" қазыналық                         Ақтөбе    
     кәсіпорны                                                   қаласы;
     470-102 "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
     мемлекеттік педагогикалық институты"                        Арқалық
     қазыналық кәсіпорны                                         қаласы;
     470-103 "Халел Досмұхамедов атындағы
     Атырау мемлекеттік университеті"                            Атырау
     қазыналық кәсіпорны                                         қаласы;
     470-105 "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
     Қазақстан мемлекеттік техникалық                            Өскемен
     университеті" қазыналық кәсіпорны                           қаласы;
     470-128 "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
     мемлекеттік университеті" қазыналық                         Көкшетау
     кәсіпорны                                                   қаласы;
     470-133 "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
     университеті" қазыналық кәсіпорны                           Петропавл
                                                                 қаласы";
     2)№"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 
қарашадағы N 1754  

P991754_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 
1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
     реттік нөмірлері 170, 174, 175, 177, 201, 207-жолдар мынадай 
редакцияда жазылсын:
     "170. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті;
     174. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 
институты;
     175. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті; 
     177. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық 
университеті;
     201. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті;
     207. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті".
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.