Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Солтүстік Қазақстан университеті "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімінде:
реттік нөмірлері 470-99, 470-102, 470-103, 470-105, 470-128, 470-133-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"470-99 "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университеті" қазыналық Ақтөбе
кәсіпорны қаласы;
470-102 "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты" Арқалық
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-103 "Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті" Атырау
қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-105 "Д.Серікбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттік техникалық Өскемен
университеті" қазыналық кәсіпорны қаласы;
470-128 "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті" қазыналық Көкшетау
кәсіпорны қаласы;
470-133 "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік
университеті" қазыналық кәсіпорны Петропавл
қаласы";
2)№<*>
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі