Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:
1) Ы.Алтынсарин атындағы Алқалық педагогикалық институты "Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) Солтүстік Қазақстан университеті "Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) қайта аталған кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, сондай-ақ олардың әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі