Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 161

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы"

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі  

Z990365_

  Заңына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың 
және төлеудің ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арнаулы 
мемлекеттік жәрдемақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
     3. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнiң
                                                2001 жылғы 31 қаңтардағы
                                                    N 161 қаулысымен
                                                       бекiтiлген
                        Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
                     тағайындаудың және төлеудiң ережесi
     


      Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Z990365_ Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.

                               1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) - әлеуметтiк көмекке мұқтаж адамдарға жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан берiлетiн ақшалай төлем;
      2) республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары;
      3) жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi;
      4) жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - жәрдемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орган" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны);
      5) жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган - заңнамада белгiленген тәртiппен таңдап алынған банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар. V001333_
      2. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақы төлеу республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетілген негiздер

бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға жәрдемақы төлеу жергiлiктi 
бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
     3. Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы 
алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негiздер бойынша 
ғана жүргiзiледi.
     4. Жәрдемақы ай сайын өткен ай үшiн және оны алуға құқығы туындаған 
сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған шарттардың сақталуы кезеңiне, Заңда 
белгiленген мөлшерде төленедi.
                    2. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
                             тағайындаудың тәртiбi
     
     5. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген 
негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар жәрдемақы 
тағайындату үшiн тұрғылықты жерiндегi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi 
органға мынадай құжаттарды ұсынады;
     1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат;
     3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;
     4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлiк;
     5) тұрақты тұратын жерiн растайтын, тұрғындарды есепке алу кітабы.
     6. Жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар:
     1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi үшiн - Ұлы Отан 
соғысына қатысушының немесе мүгедегiнiң куәлiгi;


      2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежедегi Даңқ орденiнiң, үш дәрежедегi Еңбек Даңқы орденiнiң иегерлерi үшiн - награданың куәлiгi;
      3) жеңiлдіктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар (2, 3, 4-қосымшалар) үшiн:
      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 U952247_ Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, не тиiстi кезеңде қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгіленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына есептелетiн қалаларда болған адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар үшiн - белгіленген үлгiдегі куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құралымдар құрамында қатысқан адамдар үшiн - белгіленген үлгідегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiк;
      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшілiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшілер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың жедел iс-қимыл жасау аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бастапқы кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - белгіленген үлгiдегi куәлiк немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған адамдар үшiн - "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiкке құқығы туралы бар зейнеткерлiк куәлiгi;
      екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшiн - жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігі не екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi;
      басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiметтiк органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшілерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi істер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүргiзiлген кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлер үшін - белгіленген үлгiдегi куәлiк, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтама немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билет, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат және жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттар, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiк;
      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнен азаматтық немесе әскери тағайындау объектілерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтама;
      4) жеңілдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрілген адамдар үшiн:
      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшiн - әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендiгi туралы куәлiгi (Кеңес Армиясы мүгедегiнiң жеңілдiктерге құқығы туралы), жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзілген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының Iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтама, Iшкi iстер органдарының, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi анықтамасы немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
      1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-i, Беларусь КСР-i, Литва КСР-i, Латвия КСР-i, Эстон КСР-i аумақтарында iс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлермен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшiн - белгiленген үлгідегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, әскери комиссариаттан соғыс қимылдарына қатысқан фактiсiн растайтын анықтама немесе Жарлыққа сәйкес жеңілдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
      басқа елдерде iс-қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектiгi туралы анықтама, тиiстi санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжат немесе Жарлыққа сәйкес жеңiлдiктерге құқығы туралы белгi соғылған зейнеткерлiк куәлiгi;
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiмен мүгедектiгi тектiк байланыстағы олардың балалары үшiн - белгiленген үлгiдегi куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектiгі жөнiндегi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептiк байланысын анықтау жөнiндегi орталық ведомствоаралық кеңестiң қорытындысы; <*>
      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесiрлерi үшiн - әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қайтыс болғандығы немесе қаза тапқаны туралы анықтама, әскери қызметшiге туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
      6) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының салдарынан және басқа себептерден (заңға қарсы әрекеттерден басқа) мүгедек деп танылған азаматтардың әйелi (күйеуi) үшiн - неке туралы куәлiгi, зайыбының қайтыс болғандығы туралы куәлiк, жұбайының (зайыбының) мүгедектiгiн растайтын құжат болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
               жылғы 28 маусымдағы N 703 P020703_ қаулысымен.
      7. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқасында және көшiрмесiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне ұсынылады. Салыстырылып болғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш иесiне қайтарылады. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, істердi түзедi және жәрдемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлейдi.
      8. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi 5 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жiбередi.
      9. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган құжаттар мен шешiмдердiң жобалары жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдарынан келiп түскеннен кейiн 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмді жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық (Астана және Алматы қалалық) филиалдары арқылы жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
      Жәрдемақы тағайындау туралы не оны төлеуден бас тарту туралы шешiмге республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы (оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартқан жағдайда республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тартудың себептерi туралы жазбаша дәлелдеп көрсетедi және құжаттарды жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi арқылы өтiнiш иесiне беру үшiн қайтарады.
      10. Жәрдемақы тағайындалуы үшiн негiз жойылған жағдайда жәрдемақы алушылар бұл туралы 10 күн iшiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне хабарлауға мiндеттi.
      Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жәрдемақы мөлшерiн қайта қарау жүргiзiледi, ол үшiн жәрдемақы төлеу жөніндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi тиiстi шешiмнiң жобасын республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      Жәрдемақы оны алу құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттарымен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасаған күн болып саналады.

                   3. Жәрдемақыны республикалық бюджеттен
                               төлеудiң тәртiбi

      11. Заңның 4-бабының 1), 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы тағайындау үшiн жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілетті органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган қабылдаған жәрдемақы тағайындау туралы шешiмдердiң негiзiнде 3 дана етiп тiзiм-ведомосын және ағымдағы айдың 15-iндегi жағдай бойынша қала немесе аудан бойынша жәрдемақы алушылардың санаттары шегiнде жәрдемақыларды төлеуге арналған қажеттілiк өтiнiмiн жасайды.
      12. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi:
      ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына;
      ағымдағы айдың 25-iне дейiн тiзiм-ведомосының 2 данасын заңнамада белгiленген тәртiппен қызмет көрсетуге шарт жасалған жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
      Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақыларды төлеп болғаннан кейiн салыстыру актiсiн жасау үшiн тiзiм-ведомосының бiр данасын нақты төленген төлемдердi көрсете отырып, аудандық (қалалық) жәрдемақы төлеу жөнiндегi бөлiмшеге қайтарады.
      13. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана, Алматы қалалық филиалдары кiшi бағдарламалар бойынша облыстар, қалалар бойынша жиынтық өтiнiмдi жасап, ағымдағы айдың 23-не дейiн оны жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      14. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган республика бойынша жиынтық өтiнiмдi ағымдағы айдың 25-не дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жiбередi.
      15. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiбередi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жәрдемақы төлемдерiне арналған қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң тиiстi бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша шығыстар тiзiмдемесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне бөледi.
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бұл қаражатты төлем тапсырмасы арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған шарт негiзiнде қазыналық рұқсатпен бөлiнген сома шегiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады. Қаражатты аудару Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп бекiтiлген күнделiкті төлеу кестесiне сәйкес жүргiзіледi.
      16. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган алынған қаражатты төлем тапсырысы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады, ал ол ұсынылған тiзiм-ведомосына сәйкес оларды аудандар (қалалар) шегiнде бөледi.
      17. Жәрдемақы беру жөнiндегi қызмет көрсетулерге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлетті орган арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.

     Жәрдемақы алуға құқығы болған адам қайтыс болғаннан кейiн жәрдемақы 
беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алған, бiрақ қайтыс болған адамның жеке 
шотына аударылмаған жәрдемақы сомасы жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi 
органның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы 
төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
     Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған жәрдемақы 
алушылар үшiн ашылған жеке шоттар сақталады.
                     4. Жәрдемақыны жергiлiктi бюджеттен
                            тағайындаудың тәртiбi
     18. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген 
негiздер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтар тұратын жерiндегi 
жергіліктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға 
мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат;
     3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;
     4) әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік;
     5) тұрақты тұратын жерiн растайтын тұрғындарды есепке алу кiтабы.
     19. Жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар:
     1) қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) әскери 
қызметшiлердiң отбасылары үшiн, атап айтқанда:


      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi) құжат;
      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiнiң отбасы, қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) адамның асырауындағы балалар үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң бейбiт уақытта қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын (неке туралы куәлiк, балалардың туу туралы куәлiгi) құжат;
      қызмет мiндеттерiн өткеру кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасы үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе куәлiк, iшкi iстер органдарынан қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде қайтыс болғандығын растайтын анықтама немесе құжат;
      ата-аналары үшiн - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе анықтама, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (балалардың туу туралы куәлiгi);
      қайтадан некеге отырмаған әйелi (күйеуi) - қаза тапқан адамның өлiмi туралы хабарлама немесе анықтама, әскери комиссариаттан әскери қызметшiнiң қаза тапқаны немесе хабар-ошарсыз кеткенi туралы анықтама және қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлігі);
      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы үшiн - қаза тапқан адамның қайтыс болғандығы туралы куәлiк, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қайтыс болғандығын растайтын құжат, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
      Чернобыль АЭС-індегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың әсерiнен болғаны анықталған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы үшiн - Чернобыль АЭС-iндегi апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып, қайтыс болғандардың немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың әсерiнен болғаны анықталған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың сәуле ауруынан қайтыс болғандығын растайтын куәлiк, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжат (неке туралы куәлiгi, балалардың туу туралы куәлiгi);
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар үшiн - белгіленген үлгiдегi куәлiк, марапаттауға қоса берiлетiн куәлiк, немесе мұрағаттық анықтама, марапатталу фактiсi туралы жазылған еңбек кiтапшасы (5-қосымша);
      3) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандар қатарындағы, оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз бетiмен кеткен) және Қазақстан Республикасына көшiрiлген адамдар үшiн, эвакуация кезiнде ұрық күйiнде болған балаларды қоса алғанда, - Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысушының куәлiгi немесе Чернобыль АЭС-iндегi апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлiгi;
      4) I, II және III топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектiк тобының белгiленгендiгi туралы халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы (белгiленген үлгiдегi); <*>
      5) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балалар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің анықтамасы (белгіленген үлгiдегi); <*>
      6) "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған, немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар үшiн - марапатталғандығын немесе атақ алғандығын растайтын құжат;
      7) төрт немесе одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар (соның iшiнде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалары, - олар кәмелетке толғаннан кейiн - олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейiн) көп балалы отбасылар үшiн - балалардың туу туралы куәлiктерi және балалардың бiрге тұратын фактiсi көрсетілген отбасының құрамы туралы анықтама, оқу орындарынан балалардың оқып жүрген фактiсi туралы анықтама;
      8) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдар үшiн - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесінің мүгедектiк тобын белгілегендiгi туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасы, зейнетақылық куәлiгi, ақталған азаматтың куәлiгi, прокуратура органдарынан немесе iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарынан ақтау туралы анықтама немесе соттың ақтау туралы шешiмi; <*>
      9) Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақысы тағайындалған адамдар үшiн - дербес зейнеткер куәлiгi немесе Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы тағайындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сiңiргенi үшiн зейнетақы тағайындау жөнiндегi комиссия шешiмiнiң көшiрмесi.
      ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002
               жылғы 28 маусымдағы N 703 P020703_ қаулысымен.
      20. Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшiн көшiрмесiнде жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi органға ұсынылады, ол құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады және оларды іске түзедi.
      21. Жергiлiктi бюджеттен мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап 5 күн мерзiмде жәрдемақы тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды және осы шешiмдi iс қағаздарымен бiрге жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.
      Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органның қызметкерлерi бас тарту себебiн жазбаша дәлелдейдi және құжаттарды өтiнiш иесiне қайтарады.
      22. Жәрдемақы алушылар жәрдемақы тағайындату үшiн негiз жойылған жағдайда, бұл туралы 10 күн ішiнде тұратын жерiндегi жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттенедi.
      Мүгедектiк тобы өзгерген кезде жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақының мөлшерiн қайта қарайды.
      Жәрдемақы жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн жәрдемақы тағайындатуға өтiнiш жасаған күннен бастап тағайындалады. Барлық құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күн өтiнiш жасалған күн болып саналады.
      23. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған, осы Заңның 4-бабының 3), 5),-12) тармақшаларында көрсетілген адамдар қатарындағы жәрдемақы алушылардың тiзiмiн (6-қосымша) жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.

            5. Жәрдемақыны жергілiктi бюджеттен төлеудiң тәртiбi

      24. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген адамдарға жәрдемақы төлемдерiн жүзеге асыру үшiн жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган жергілiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi орган қабылдаған жәрдемақы тағайындау туралы шешiмнiң негiзiнде 3 дана етiп тiзiм-ведомосты және ағымдағы айдың 15-дегi жағдай бойынша қала немесе аудан бойынша жәрдемақы алушылардың санаттары шегiнде жәрдемақы төлеуге арналған қажеттілiк өтiнiмiн жасайды.
      25. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi:
      ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына;
      ағымдағы айдың 20-на дейiн өтiнiмдi жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi, ал олар оны облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерiне (басқармаларына) жiбередi;
      ағымдағы айдың 25-не дейiн тiзiм-ведомосының 2 данасын жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органға бередi.
      Жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкiлеттi орган жәрдемақыларды төлеп болғаннан кейiн салыстыру актiсiн жасау үшiн нақты төленген төлемдердi көрсете отырып, тiзiм-ведомосының бiр данасын жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне қайтарады.
      26. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары облыстар, аудандар бойынша жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның өткен айлағы нақты жүргiзген төлемдерi үшiн сыйақыны ескере отырып, жиынтықты өтiнiм жасайды және оны ағымдағы айдың 25-не дейiн облыстық, Астана, Алматы қалалық қаржы органдарына жiбередi.
      27. Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi (басқармалары) жергiлiктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның өтiнiмдерi негiзiнде облыс, қала бойынша өтiнiмдi ағымдағы айдың 28-не дейiн қаржы органдарына жiбередi.
      28. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қаржы органдары жәрдемақы төлеуге арналған қаражатты жергiлiктi бюджеттiң тиiстi бағдарламалары (кiшi бағдарламалары) бойынша шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерiне (басқармаларына) бөледi.
      29. Облыстық (Астана, Алматы қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаменттерi (басқармалары) алынған қаражатты төлем тапсырмасы арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған шарт негiзiнде қазынашылық рұқсатпен бөлiнген сома шегiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарының шоттарына аударады.
      Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдары алынған қаражатты ұсынылған тiзiм-ведомостарға сәйкес аудандар (қалалар) шегiнде бөле отырып, заңнамада белгіленген тәртiппен жасалған шарттардың негiзiнде төлем тапсырмасы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шоттарына аударады.
      30. Қаржы органдары жәрдемақыларды аудандық, қалалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төлеген кезде төлеуге арналған қаражатты тиiстi бюджеттiң шығыстары тiзiмдемесiне сәйкес жергіліктi бюджеттен жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бөледi, ал олар бұл қаражатты олардың арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттарға сәйкес жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана және Алматы қалалық филиалдарына аударады.
      31. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстық, Астана, Алматы қалалық филиалдары алынған қаражатты өздерiнiң арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттарға сәйкес төлем тапсырмасы арқылы жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi органның шотына аударады.
      32. Жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алынған тізiмдерге сәйкес жәрдемақы төлеудi жүзеге асырады.
      Арнаулы жәрдемақыны алуға құқығы бар алушы қайтыс болғаннан кейiн қайтыс болған адамның жеке шотына аударылмай қалған, жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган алған жәрдемақы сомасы жәрдемақы төлеу жөнiндегi органның аудандық (қалалық) бөлiмшесiнiң хаты (өкiмi) негiзiнде жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтарылады.
      Жәрдемақы 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн тағайындалған алушыларға ашылған жеке шоттар сақталады.
      33. Заңның 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетiлген, жәрдемақы тағайындау туралы шешiм шығарылған, бiрақ тiзiм-ведомостарына енгiзiлмеген азаматтардың санаттарына бұрын төленбеген жәрдемақы ағымдағы төлемдермен бiрге төленедi.
                                           1-қосымша

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органының бастығы _____________________

                                           Аудандық (қалалық) халықты

әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы _____________________

                                  Өтініш



     ___________________________________________________________________


      (түрі, санаты көрсетіледі) ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 
тағайындауды сұраймын.
     
Тегі ___________________________________________________________________   
Аты  ___________________________________________________________________  
Әкесінің аты ___________________________________________________________
Туған күні _______ _____________ ______________ ж.
Мекен-жайы _______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _________________________________
                                           (құжаттың түрін көрсетеді)     
     
Сериясы _______________ Нөмірі _______________ кім берді _______________
ӘЖК 
жеке
шотының
нөмірі ___________________________________________________________________ 
 
     Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы 
бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, 
зейнетақы аламын
     ___________________________________________________________________  
                             (тиістісін сызады)
     
     арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба     
     ___________________________________________________________________  
         (иә, жоқ; бар болса, қандай негіз бойынша екені көрсетіледі)
     
     Жәрдемақы алуға арналған негіз жойылған жағдайда, 10-күндік мерзімде 
жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органды хабардар етуге 
міндеттенемін
     
     Күні _________________________
     Қолы _________________________
     
     Өтініш қабылданды _______ __________  ___________________
     Қолы ____________________
     
                                                            2-қосымша
     
                     Қазақстан Республикасы азаматтарының
                қатысуымен ұрыс іс-қимылдары жүрген қалалар 
                         мен жүргізілген кезеңдердің 
                                   ТІЗБЕСІ
     
     Одесса қаласын қорғау: 1941 жылғы 10 тамыздан 16 қазанға дейін;
     Ленинград қаласын қорғау: 1941 жылғы 8 қыркүйектен 1944 жылғы 27 
қаңтарға дейін;
     Севастополь қаласын қорғау: 1941 жылғы 5 қарашадан 1942 жылғы 4 
шілдеде дейін;
     Сталинград қаласын қорғау: 1942 жылғы 12 шілдеден 19 қарашаға дейін.
                                                            3-қосымша
                          Қазақстан Республикасы
          азаматтарының қатысуымен басқа мемлекеттер аумағында
                жүргiзiлген ұрыс iс-қимылдары кезеңдерiнiң
                                ТIЗБЕСI
     Алжирдегi ұрыс іс-қимылдары: 1962-1964 жылдар;


      Мысырдағы (Бiрiккен Араб Республикасы) ұрыс іс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы маусым 1968 жыл; 1969 жылғы наурыздан 1972 жылғы шiлдеге дейiн; 1973 жылғы қазаннан 1974 жылғы наурызға дейiн; 1974 жылғы маусымнан 1975 жылғы ақпанға дейiн (Суэц арнасын минадан тазартуға қатысқан Қара теңiз және Тынық мұхиты флоттары тралшыларының жеке құрамы үшiн).
      Йемен Араб Республикасындағы ұрыс iс-қимылдары: 1962 жылғы қазаннан 1963 жылғы наурызға дейiн; 1967 жылғы қарашадан 1969 жылғы желтоқсанға дейiн.
      Вьетнамдағы ұрыс iс-қимылдары: 1961 жылғы қаңтардан 1974 жылғы желтоқсанға дейiн.
      Сириядағы ұрыс іс-қимылдары: 1967 жылғы маусым; 1970 жылғы

наурыз-шiлде 1972 жылғы қыркүйек-қараша 1973 жылғы қазан;
     Анголадағы ұрыс iс-қимылдары: 1975 жылғы қарашадан 1979 жылғы 
қарашаға дейiн.
     Мозамбиктегі ұрыс iс-қимылдары: 1967-1969 жылдар, 1975 жылғы 
қарашадан 1979 жылғы қарашаға дейiн.
     Эфиопиядағы ұрыс іс-қимылдары: 1977 жылғы желтоқсаннан 1979 жылғы 
қарашаға дейiн.
     Ауғанстандағы ұрыс iс-қимылдары: 1978 жылғы сәуiрден 1989 жылғы 15 
ақпанға дейiн.
     Камбоджадағы ұрыс iс-қимылдары: 1970 жылғы сәуiр-желтоқсан.
     Бангладештегi ұрыс іс-қимылдары: 1972-1973 жылдар (КСРО Әскери-Теңiз 
Флоты корабльдерi мен көмекшi кемелерiнiң жеке құрамы үшiн).
     Лаостағы ұрыс iс-қимылдары: 1960 жылғы қаңтардан 1963 жылғы 
желтоқсанға дейiн 1964 жылғы тамыздан 1968 жылғы қарашаға дейiн; 1969 
жылғы қарашадан 1970 жылғы желтоқсанға дейiн.
     Сирия мен Ливандағы ұрыс іс-қимылдары: 1982 жылғы маусым.
                                                          4-қосымша
              Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен
            ұрыс iс-қимылдары болған мемлекеттер, аумақтар және
                            жүргiзiлген кезеңдер
                                  ТIЗБЕСІ
     Азаматтық соғыс: 1918 жылғы 23 ақпаннан 1922 жылғы қазанға дейiн.
     Кеңес-поляк соғысы: 1920 жылғы наурыз-қазан.
     Испаниядағы ұрыс iс-қимылдары: 1936-1939 жылдар.
     Финляндиямен соғыс: 1939 жылғы 30 қарашадан 1940 жылғы 13 наурызға 
дейiн.
     Ұлы Отан соғысы: 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 (11) мамырға 
дейiн.
     Жапониямен соғыс: 1945 жылғы 9 тамыздан 1945 жылғы 3 қыркүйекке дейiн.
     Басмашыларды жою жөнiндегi ұрыс операциялары:
     1922 жылғы қазаннан 1931 жылғы маусымға дейiн.
     Хасан көлi ауданындағы ұрыс іс-қимылдары: 1938 жылғы 29 шiлдеден 11 
тамызға дейiн.
     Халкин-Гол өзенiндегi ұрыс iс-қимылдары: 1939 жылғы 11 мамырдан 16 
қыркүйекке дейiн.
     КСРО, Батыс Украина және Батыс Белоруссия қосылған кездегi ұрыс 
іс-қимылдары: 1939 жылғы 17-28 қыркүйек.
     Қытайдағы ұрыс iс-қимылдары: 1924 жылғы тамыз 1927 жылғы шiлде; 1929 
жылғы қазан-қараша; 1937 жылғы шiлде 1944 жылғы қыркүйек; 1945 жылғы 
шiлде-қыркүйек; 1946 жылғы наурыз - 1949 жылғы сәуiр; 1950 жылғы 
наурыз-мамыр (ӘШҚ әскерлерiнiң жеке құрамы үшiн), 1950 жылғы маусым 1953 
жылғы шiлде (Солтүстiк Кореядағы ұрыс іс-қимылдары Қытай аумағынан 
қатысқан әскери бөлiмшелердiң жеке құрамы үшiн).
     Венгриядағы ұрыс iс-қимылдары: 1956 жыл.
     Даман аралындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы наурыз.
     Жалаңашкөл ауданындағы ұрыс iс-қимылдары: 1969 жылғы тамыз.
                                                              5-қосымша
     
             Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі 
          мен қалтқысыз әскери қызметі үшін берілетін наградаларға 
                  жатқызылған бұрынғы КСРО медальдарының 
                                  ТІЗБЕСІ
     "Ерлігі үшін" Ушаков медалі
     "Жауынгерлік еңбегі үшін" Нахимов медалі
     "Ерен еңбегі үшін" 
     "Үздік еңбегі үшін" 
     "Ленинградты қорғағаны үшін" 
     "Москваны қорғағаны үшін" 
     "Одессаны қорғағаны үшін" 
     "Севастопольді қорғағаны үшін" 
     "Сталинградты қорғағаны үшін" 
     "Киевті қорғағаны үшін" 
     "Кавказды қорғағаны үшін" 
     "Советтік Запольярені қорғағаны үшін" 
     "Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" 
     "Жапонияны жеңгені үшін" 
     "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" 
     
                                                              6-қосымша
     
     "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы"
       Заңы 4-бабының 3), 5)-12) тармақшаларында көрсетілген негіздер      
   бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар қатарынан 2001 жылғы 01.01.  
         жағдайы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың 
                                      тізімі
     
                     Банк филиалының N ____, пошта N _____
     
---------------------------------------------------------------------------
 N !Іс N !АМЖ алушының!  АМЖ  !  АМЖ  ! _______!Банктегі!Тұратын! ЗТМО  
р/с!     !тегі, аты,  !алушы. !мөлшері!мерзімге!жеке шо.!  жері !бөлімін. 
   !     !әкесінің аты!ның    !       !        !тының   !       !дегі алу.
   !     !(толық)     !санаты !       !        !нөмірі  !       !шының
   !     !            !       !       !        !        !       !зейнетақы 
   !     !            !       !       !        !        !       !ісінің    
   !     !            !       !       !        !        !       !болуы     
   !     !            !       !       !        !        !       !туралы    
   !     !            !       !       !        !        !       !белгі
---------------------------------------------------------------------------
 1 !  2  !      3     !   4   !    5  !    6   !    7   !   8   !     9   
---------------------------------------------------------------------------
     
М.О. Берді: __________ аудандық (қалалық) ЗТМО бөлімінің бастығы _________
2001 ж. "___"_________
М.О. Қабылдады: Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау 
аудандық бөлімінің бастығы ____________ 2001 ж. "___"_________
  
     
                                                 Қазақстан Республикасы
                                                       Yкiметiнің
                                                2000 жылғы 31 қаңтардағы
                                                    N 161 қаулысына
                                                         қосымша
                      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                      күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
                                    тiзбесi


      1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға және заңды тұлғаларға оған байланысты шығындарды өтеудiң тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 P960527_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 18, 155-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 11 қарашадағы N 1365 P961365_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 45, 438-құжат).
      3. "Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген

санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын 
үй-коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну туралы" 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266  

P971266_

 
қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 38, 
362-құжат).
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.