Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 шілдедегі N 702 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетін құруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 8236000 (сегіз миллион екі жүз отыз алты мың) теңге бөлінсін.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.22. N  1241  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі