Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161 қаулысына өзгерістер мен тоқтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы N 499 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 161  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң ережесiнде:
      мәтiнде:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетін жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Жарлығына", "Жарлық", "Жарлыққа" деген сөздер тиісiнше "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247  Заңына ", "Заң", "Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "республикалық бюджеттен" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) азаматтарды тіркеу кiтабы.";
      6-тармақта:
      7) тармақшада "адамның" деген сөздiң алдынан "(қайтыс болған)" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "фабрика-зауыт училищелерiнде оқыған фактiсiн растайтын анықтамалар";
      12) тармақшада "мүгедектiк тобын" деген сөздер "мүгедектіктi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) тармақшада "отбасының құрамы туралы анықтамалар" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Арнайы комиссиялар жұмыс стажын белгiлеудi өтiнiш берушiнi бiр кәсіпорында, ұйымда, мекемеде, ұжымшарда бiрге iстеген жұмысы бойынша бiлетiн және оған қатысты өтiнiш берушiнiң жұмысын растайтын уақыт ішінде өзiнiң жұмысы туралы құжаттары, оның iшiнде егер зейнетақы iсiндегi деректер бойынша еңбек стажы куәгердiң айғақтары бойынша зейнетақы тағайындалғанда ескерілсе, куәгерлердiң өздерiнiң жауаптарының хаттамалары бар, бiр куәгер айғағының негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн.
      19-2. Арнайы комиссиялар куәгерлердi жеке айғақтар үшiн шақыру немесе куәгерлердің қолының түпнұсқа екендiгi нотариалды тәртiппен куәландырылған кезде олардың жазбаша айғақтарын қараумен шектелу туралы мәселенi өз қалауы бойынша шешедi.
      19-3. Өтiнiш берушiде жұмыс фактiсi туралы құжаттар сақталмаған, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырдағы жұмысын растайтын куәгерлердi ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайларда жұмыс фактiсiн арнайы комиссия Ардагерлер кеңестерiнiң қолдаухаттары негiзiнде белгiлейдi.
      Қолдаухатқа мұрағат органдарының, ұйымдардың мұрағаттардың жоқтығы туралы анықтамалары қоса беріледi.";
      Ережеге 9-қосымшада:
      "жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      Ережеге 10-қосымшада тақырыптағы "(жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар органының)" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Қазақстан Peспубликасының
      Премьер-Министрі