"Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қаңтар N 88

Жаңартылған

      Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
      2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкіметiнiң                
2001 жылғы 20 қаңтардағы       
N 88 қаулысымен            
бекiтiлген                

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер
мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-158-жолмен толықтырылсын:
      "470-158 "Ғылым" ғылыми-баспа
               орталығы Алматы қаласы".
      2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
      1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
      4. "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-9-жолмен толықтырылсын:
     "157-9. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы".