1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi:
1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның
мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-158-жолмен толықтырылсын:
"470-158 "Ғылым" ғылыми-баспа
орталығы Алматы қаласы".
2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 P981271_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат):
1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 P990499_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде "Басқа ұйымдар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 51-жол алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң
мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 P991754_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-9-жолмен толықтырылсын: "157-9. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы". Мамандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.