"Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 қаңтар N 88

Жаңартылған

      Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн. 
      2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: 
      1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Yкіметiнiң                 
2001 жылғы 20 қаңтардағы        
N 88 қаулысымен             
бекiтiлген                 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер
мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат): 
      1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын; 
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180   қаулысымен .
      4. <*>
       Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .