Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама бекiтiлсін.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiндегі 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1956 қаулысымен бекітілген
"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн
радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және
дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты
ғылыми-техникалық бағдарлама
Ескерту. Бағдарлама өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462 қаулысымен .
Атауы Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер
үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен
құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту.
Бағдарламаның
қысқаша мазмұны Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi:
отандық аспап-сайман паркiн, соның
iшiнде ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйелер үшiн құру мақсатында жоғары
технологиялық, ғылымды қажетсiнетiн
радиоэлектрондық аспаптар мен құралдар
әзiрлеу, өндiрiстi ұйымдастыру және
шығару;
отандық ғылымды қажетсiнетiн
өндiрiстердi дамыту және радиоэлектрондық
мақсаттағы бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi
шығару; жоғары ақпараттық
технологияларды, соның iшiнде ғарыштық
ұшу аппараттарынан алынған ақпаратты
пайдалану арқылы геоақпараттық жүйелердi
("ГАЖ-технологиясы") дамыту; мемлекеттiң
радиотехникалық саладағы қорғаныс
жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету; елде бар
ғылыми-техникалық әлеуеттi және жоғары
бiлiктi жұмыс күшiн мейлiнше пайдалану
және қосымша жұмыс орындарын құру.
Күтiлетiн нәтижелер:
жоғары ақпараттық-телекоммуника-
циялық технологияны, соның ішінде сандық
электрондық карталар негiзiндегi
автоматты басқару жүйелерiн игеру үшiн
радиоэлектрондық құралдар мен жүйелердi
шығару және техникалық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiн басқарудың тиiмдiлiгi мен
шапшаңдығын арттыру мақсатында автоматты
басқару жүйелерiн әзiрлеу және құру;
жалпы және арнайы мақсаттағы
телекоммуникация және байланыс жүйесiн
дамыту үшiн ғылыми және жобалау-
конструкторлық база құру.
Қаржыландыру көлемi мен көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық
сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге
арналған республикалық бюджетте
көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде
жүзеге асырылады. Бағдарламаны 2001-2005
жылдарға арналған бюджеттен
қаржыландырудың қажеттi көлемi 690,0
миллион теңгенi құрайды, оның iшiнде
жылдар бойынша: 2001 жылға - 130 млн.
теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003
жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140
млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге.
Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттiк
бағдарлама бойынша республикалық
бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес
нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша
тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың
жоспарланатын көлемi шамамен 2,0 млрд.
теңгенi құрайды.
Мемлекеттiк тапсырысшы-Бағдарламаның
әкiмшiсi - Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi.
Іске асырылу 2001-2005 жылдар.
мерзімі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 8
қаулысына
сәйкес құрылған "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығының" негiзгi мiндеттерi отандық радиоэлектроника саласын дамыту үшiн ғылыми-әдiстемелiк, техникалық, кадрлық әлеуетті сақтау мен дамыту және база құру, "Сары-Шаған" полигонының аппараттық-аспаптық кешенiн конверсиялау болып белгiлендi. Осы мiндеттердiң шешiмi "Телекоммуникациялар мен байланыстың қазiргі заманғы жүйелерiн құру" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылды, оның 1997-2000 жылдарға арналып түзетілген негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1002
қаулысымен
бекітiлдi.
Қазiргi кезде жоғарыда аталған Бағдарламаның негізгi мiндеттерi мен көрсеткiштерi орындалды: радиоэлектроника саласын дамыту үшiн материалдық-техникалық және технологиялық база құрылды, радиоэлектрондық және радиотехникалық, аспаптардың бiрқатар шағын топтамалары әзiрленiп, шығарылды. "Сары-Шаған" полигонында радиотехникалық кешендерi конверсиялау жүзеге асырылды, ол ғарыштық ақпаратты қабылдау және өңдеу жүйесiн құруға және бiрiншi ғарыштық түсiрулер алуға мүмкiндiк бередi.
Осы саладағы жұмыстардың ары қарай дамуы Қазақстанның радиоэлектрондық бейiндегі конверсиялық кәсiпорындарының өндiрiстiк қуаттары базасында, соның iшiнде "Қазақстан Республикасының Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталығы" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "ҚР РЭБ ҰО" ААҚ) кәсiпорындарында, алдыңғы қатарлы технологиялар негiзiнде радиоэлектроника құралдары мен өнiмдерi өндiрiсiн әзiрлеп, ұйымдастыру болып табылады.
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында жақын және алыс шетелдер шығарған әртүрлi бақылау-өлшеу және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдары мен жүйелерi пәрмендi түрде сатып алынып, енгізiлiп жатыр. Олар кәсiпорындар қажеттiлiктер үшiн де, аса ауқымды, жалпы мемлекеттiк мәнi зор қажеттiктер үшiн де пайдалануда. Бұл ағым жас мемлекетiмiздiң технологиялық тәуелсiздiгiне қауіп төндiретiндiктен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе саласындағы отандық мамандарды алаңдатып отыр, соның iшiнде:
ақпараттандыру мен телекоммуникацияландыру жүйесінде негiзгi құрал ретiнде шетелдiк техника мен технологияны енгiзе отырып, Қазақстан телекоммуникациялық техника мен оны бағдарламалық қамтамасыз ететiн шетел өндiрушiлерiне тәуелді болады:
шетелдiк жүйелердi сатып алу мен техникалық қамтамасыз ету үшiн қаражат пен адамдар күшi кетедi, оның орнына өзiмiздiң ақпараттық-телекоммуникациялық жүйенi құру арқылы республика жұртшылығын еңбекпен қамту деңгейiн көтерiп, қосымша жұмыс орындарын құру тиiмдi болар едi;
тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, шетелдiк жүйелердi енгiзу, Қазақстанның өз ұлттық ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құрудың ауқымды мәселелерiн жоя алмайды, өйткенi шетелдiк жүйелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы байланыс жүйесiнiң ерекшелiктерiн ескермейдi, оның шарттарына нашар бейiмделедi және ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде ұйымдық-техникалық iс-шаралар жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Осыған орай, мәселенi шешу қазiргi кезде қалыптасып отырған ақпараттық инфрақұрылымның ерекшелiгiн және ең алдымен басым ұлттық мүдденi ескеретiн, ең бастысы - стратегиялық маңызды отын-энергетикалық және кен-металлургиялық кешендер, коммуникациялар мен байланыс салаларында, Қазақстанның аса iрi де, аймақтық та ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру саласындағы меншiктi шетел тауарын алмастыратын жобалар мен әзiрлемелердi iске асыру жөнiнде жағдай туғызу болып саналады.
Осы мiндеттердi шешу үшiн "Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" 2001-2005 жылдарға арналған республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бағытталған. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның мәжiлiсiнде қаралып, мақұлданды (2000 жылғы 27 маусымдағы N 11-60/И-374 хаттама).
3. МӘСЕЛЕНIҢ ҚАЗIРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Елдiң барлық өнеркәсiптiк кешенiнiң толыққанды жұмыс iстеуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау белсендi және толық түрде әлемдiк ақпарат жүйесiне кiрудi және бiрыңғай ақпараттық кеңiстiкке шоғырлануды қажет етедi, ол қазiргі ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру арқылы, олардың негiзiн құраушы табиғаты әртүрлi (эфирлiк, сымдық, талшықты-оптикалық байланыс желiсi (ТОБЖ) және электроөткiзгiш желiсiндегi жоғарғы жиiліктерi (ЭӨЖ-ЖЖ)) ақпаратты берудiң физикалық каналдары болып табылады, сондай-ақ каналқұру және коммутациялық аппараттар жасап шығару.
Пайдаланудағы радиоэлектрондық құралдар мен жүйелер негiзiнен физикалық және моральды ескiрген және қазіргі ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды iске асыруды қамтамасыз етпейдi. Бiрiншi кезекте бұл жалғастырушы байланыс аппараттарына қатысты: телефон станцияларының негiзгi парктерiн он күн сайынғы және орналасу құрылғысы құрайды, олар электрондық бақылау жүйесiн және телефонмен сөйлесулердi тарифтеудi пайдалануға мүмкiндiк бермейдi. Сондай-ақ, практикада пайдаланылатын аяққы терминалдық құрылғысы қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi, олардың негiзгi тұтынушы параметрi көпқызметтiк (мультимедиялылық) болуы тиiс. Республикада аяққы құрылғы ретiнде дербес компьютерлердi пайдаланудың жалпы қабылданған тенденциясын iске асыру қажет. Сатып алынатын қазiргi шетелдiк телекоммуникациялық құралдар мен жүйелер бiрқатар жағдайларда қолданыстағы байланыс жүйелерiне бейiмделмейдi.
Өндiрiстi ұйымдастыру үшiн база болып табылатын ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдар саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргізудi ынталандырушы фактор - отандық сауда-саттықтың айтарлықтай кеңдiгі болып табылады.
Мысалы, магистралдық жүйе саласының ТОБЖ арқылы өтетiн ЭХЖ байланыс желiсiнiң жылдық тұтыну қажеттiлiгі 3 000 км болса, тек қана ашық акционерлiк қоғамы "Қазақтелеком" үшiн 2 000 данадан аса жылдық жердiң жасанды серiгі станциясы қажет.
Ең маңызды мәселе ISDN сандық үлгiге көшу болып саналатын коммутациялық құрал-жабдық саласында республика бойынша жылдық қажеттiлiк мынаны құрайды: абонент желiсi құрал-жабдығының шоғырлануы - 50 мың порттар; коммутациялық құрал-жабдық - 30-50 мың порттар; таксофон кабиналары - 1100 дана; шығыс баулы электрондық жиынтықтар - 3.0 мың дана.
Қазақстан Республикасының радио және телехабарлар желiсiне ескiрген теле және радио тораптарының паркiн шұғыл түрде жаңа, қазiргі уақыт талабына сәйкес элементтiк базасына арналып орындалған отандық құрал-жабдықтармен ауыстыру бiрнеше кезеңде 2000 жылдан 2002 жылға дейiн жүргізiлу жоспарлануда. Мұнда қуаттылығына байланысты жылдық қажеттiлiк 10-нан 1000 данаға дейiн болмақ.
Қазiргi терминалдық құрылғыларға деген республикадағы базар сұраныстарының сыйымдылығы бiрнеше жүз мың дана құрайды, және де бұл талаптардың үзбей өсіп келе жатқан жағдайында, бұл олардың қызметтік мүмкіншіліктері сияқты, сондай-ақ олардың бір операторға деген есебі.
"Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзiрлеу, жасау және дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасы қазақстандық тұтынушыларды отандық радиоэлектрондық аспаптар және құралдармен қамтамасыз ету мiндеттерiн, сондай-ақ шетел тауарларын алмастыру аса маңызды мәселелердi шешуге және жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға бағытталған.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты - ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелердiң отандық аспап-сайман паркiн құру мақсатында жоғары технологиялық ғылымды қажетсiнетiн радиоэлектрондық аспаптар мен құралдардың кең номенклатурасын әзiрлеу, өндiрiстi ұйымдастыру және шығару.
Бағдарламаның мiндеттерi:
отандық ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту және радиоэлектрондық мақсаттағы бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi шығару;
жоғары ақпараттық технологияларды, соның iшiнде ғарыштық ұшу аппараттарынан алынған ақпарат негiзiнде цифрлы электронды карталарды пайдалану арқылы геоақпараттық жүйелердi (ГАЖ-технологиясы) дамыту;
мемлекеттiң радиотехникалық саладағы қорғаныс жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
елде бар ғылыми ғылыми-техникалық әлеуеттi және жоғары бiлiктi жұмыс күшiн мейлiнше тарту және қосымша жұмыс орындарын құру;
қазақстандық өндiрушiлердi халықаралық экономикалық байланыстар жүйесiне және радиоэлектрондық саладағы халықаралық еңбек бөлiнiсiне енгiзу;
қазақстандық радиоэлектрондық өнiмдi тұтынушыларда отандық өндiрiс өнiмiне деген сұранысты қалыптастыру.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН
IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарламаны iске асырудағы негiзгi бағыттар мыналар болып табылады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарын және өндірістік кешенiн ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз ету бойынша жүйелеу жобасын әзiрлеу және iске асыру:
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құруда жеке тораптары мен бөлшектерiн қалыпқа түсiру және жүйелеу талаптарын сақтау бойынша нормативтiк-әдiстемелiк ұсыныстар жасау;
автоматтандырылған бақылау жүйелерiн және көлiк құбыр өткiзгiш телеметриялық жүйелерi мен электрэнергетикасын диспетчерлеудi әзiрлеу, әрекетке келтiру;
темiр жол басқару бөлiмшесiн және ТОБЖ-бен ЭХЖ-ЖЖ байланыс жүйесiн орталықтандырылған диспетчерлiк жүйесiн әзiрлеу мен құру;
көлiк құралдарының тасымалына, бақылау жасайтын телекоммуникациялық жүйе құру.
2. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн отандық өндiрiстiң құрал-аспаптар паркiн қалыптастыру:
апатты жағдайды қауiпсiздендiретiн топтамалы өндiрiстi, электр қуатының сапасы мен шеттен тыс мөлшерiн; байланыс аспаптарының екiншi қуат алу арналарын әзiрлеу; мағлұмат беретiн аспаптар мен телеграфтық 1, 2 және 16 каналды модемi, коммутация пакеттер орталығы мен импульстiк-кодты модуляциялар үшiн аппаратуралар; электр қуатын есептейтiн 2 тармақтық құралдарды, метрлiк және дицеметрлiк арнадағы толқынды ұстайтын телевизиялық құралдарды; аса қысқа толқындағы радиоқабылдағыштарды жедел байланыс жүйесiн әзiрлеу және игеру;
ақпараттың техникалық құралдарын және есептегiш техниканы шығару бойынша ғылыми-әдiстемелiк, технологиялық және өндiрiстiк базаны дамыту;
ақпараттың техникалық құралдарын және есептегiш техниканы сервистiк қызмет көрсету жөнiнде аймақтық орталықтар желiсiн CALS технологиясын қолданумен (Continius Асqisitiоn аnd Life Сусlе Suрроrt-үздiксiз жетiлдiру және өнiмнiң сапасын қолдану) ұйымдастыру;
өнiмнiң сапасын есептейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құру, олардың iстен шығу себебiне талдау жасау, WЕВ-сервис серверлерiн құру;
өндiрiстiк процесте отандық жинақтаушы өнiмдердiң үлесiн ұлғайту бойынша ұйымдастыру-техникалық iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
кәсiпорынның - бағдарламаны орындаушының ғылыми-өндiрiстiк базасын бұдан әрi дамыту.
3. Ғарыштық ұшу аппараттарының ақпараттары негізінде алынған электрондық карталарды пайдалану арқылы ГАЖ-технологияларды құру және дамыту:
электронды карталарды пайдалана отырып, ГАЖ-технологиясын дамыту үшін қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз етуді әзірлеу;
өңдеудiң бағдарламалық-техникалық кешенiн жетiлдiру және табиғатты пайдаланудың, экология, картография және геологияның мiндеттерi мен проблемаларын шешу үшiн болашағы бар ғарыштық аппараттарынан жоғары шешiмдiк Жердi қашықтықтан зерттеу мәлiметтер базасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң мүддесiндегi арнайы мiндеттер құру;
геостационарлық және төменгi орбиталық ғарыштық байланыс жердiң жасанды серiгi туралы астрономиялық және фотометриялық ақпаратты жинақтау және өңдеу аймақтық орталығын құру;
бiрыңғай уақыттың атомдық және Бүкiләлемдiк уақыт Ұлттық жүйесiн салыстыру жүйесiн құру.
4. Мемлекеттiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде радиоэлектрондық кешендер, жүйелер және құралдар құру:
автоматтандырылған кешендер, оның iшiнде жылу сәулелi, радиолокациялық, электросигнализациялық және басқа да арнайы құрал-жабдықтарды пайдалануды әзiрлеу және енгiзу;
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң әуе шабуылының жүйесi үшiн Орталық Азия аймағының әуеғарыштық жағдайы жайлы түскен мағлұматты өңдеп, жинақтайтын автоматтандырылған жүйе әзiрлеу және құру;
отандық әлеуеттi пайдалана отырып, радиоэлектрондық қарсы әрекет мәселесi бойынша тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
қайталау циклi 12 сағаттан аспайтын қайта құрылатын жұмыс бағдарламасы қағидатын пайдалану байланыс аппаратурасын әзiрлеу және шығару;
қуаты 4, 8, 16 КВт электроэнергияның автономдық ұялы көздерiн әзiрлеу және шығару;
әскери мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарына жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн әдiстер және стандартты емес құрал-жабдықтар әзiрлеу;
полигондарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн әскери оқытуды техникалық қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жүргiзу;
әскери мақсаттағы радиоэлектрондық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери-ғылыми орталығына (ҚР ҚМ ӘҒО) ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жобаларды орындауға мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде және конкурстық ірiктеуден өткен, сондай-ақ ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк өнiмдерді аяққы тұтынушы тапсырмалары бойынша келiсiм-шарттарды орындау жүзеге асырылады.
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Осы бағдарламаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының қажеттi ғылыми-техникалық, өндiрiстiк-техникалық және мамандар әлеуетi бар. Мұндай әлеуеттің елеулi бөлiгi бiрiншi кезекте "ҚР РЭБ ҰО" ААҚ-та және оның кәсiпорындары: "Алатаудың" Алматы арнайы конструкторлық бюросы" ғылыми-өндiрiстiк кәсiпорнында, "Гранит" арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы" жабық акционерлiк қоғамында, "Радиоэлектроника институты" жабық акционерлiк қоғамында, Қауiпсiздiк құралдары мен жүйелерi ғылыми-техникалық орталығында және "Алатау" өндiрiстiк кәсiпорындарында шоғырланған. Бағдарламаны іске асыру үшiн Орал мен Петропавл қалаларының радиоэлектрондық бейiндегi өнеркәсiп кәсiпорындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi бейiн институттарының мамандары тартылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер үшiн республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне көзделетiн бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. 5 жылға арналған Бағдарламаны (2001-2005 жылдар) iске асыруға 690,0 миллион теңге бюджет қаражаты қажет болады, оның iшiнде жылдар бойынша 2001 жылға - 130 млн. теңге; 2002 жылға - 140 млн. теңге; 2003 жылға - 140 млн. теңге; 2004 жылға - 140 млн. теңге; 2005 жылға - 140 млн. теңге. Жыл сайынғы көлем тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады. <*>
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қосымша тапсырыс берушiлердiң - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен бағынысты ұйымдарымен және басқа да тұтынушылармен тікелей шарттардың орындалуынан түсетін қаражаттарды тарту, сонымен қатар отандық және шетелдік инвестициялық және инновациялық қорлардан түсетін қаражаттардан тұрады. <*>
Ескерту. 6-бөлім өзгерді - ҚР Үкіметінің
2003.05.20. N 462
қаулысымен
.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРҒАННАН
КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейiн мынандай нәтижелер алынады:
әртүрлi мақсаттағы ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшiн бақылау-өлшеуiш, арнақұратын және коммутациондық жабдықтарды тәжiрибелi-конструкторлық және сериялық өндiрiстi меңгеру;
автоматтандырылған басқару жүйесi және электрэнергетикалық диспетчерлеу көлiгiнiң құбырөткiзгiш телеметрикалық жүйесi, орталықтандырылған диспетчерлеу жүйесi және темiр жол учаскесiн басқару, ТОБЖ-бен ЭХЖ-ЖЖ байланыс жүйелерi, көлiк құралдарының басқару қозғалысының телекоммуникациялық жүйесi iске қосылған;
отандық өндiрiстiң техникалық құралдарын қолданудың басымдығы есебiнен сапалы көп бағдарламалы телерадио хабарлар желiстерiн кеңейту;
сатып алынатын жинақтаушы үлесiн кезеңдiк азайту кезiнде отандық өндiрiстiң есептеуiш техника құралдарын жетiлдiру және мультимедиялық терминалдық құрылғылар ретiнде оларды бейiмдеу жүргiзiлдi;
экология, ауылшаруашылық, картография және геология, көлiк коммуникация желiлерiнiң (мұнай және өнiм өткiзгiштер жүйесiн, электр беру желiлерiн, автомобиль және темiр жолдарын) мiндеттерi мен проблемаларын шешу үшiн жоғары шешiмдiк Жердi қашықтықтан зерттеу мәлiметтерiн пайдалану арқылы ГАЖ-технологиясы құрылды және енгiзiлдi;
геостационарлық және төменгi орбиталық жердiң жасанды серiгi байланысының деректер базасы, сондай-ақ бiрыңғай уақыттың атомдық және Бүкiләлемдiк уақыт Ұлттық жүйесiн салыстыру жүйесi құрылды;
тепловизия, радиолокация, электросигнализация және басқа арнайы жабдықтар базасында периметрлiк техникалық құралдармен жабдықтау, автоматтандырылған кешендер пайдалануға қосылды: арнайы ұшақ аппараттарының ұшуын басқару: Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң бiрiккен әуе шабуылынан қорғаныс жүйесiнiң аймақтық автоматтандырылған бұйрық беру пунктiн басқару жүргiзілдi;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күшiне қазiргi байланыс құралдарын жеткiзу және техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар үлкен энергетикалық және уақыт параметрлерiмен радиоэлектрондық қарсы тұру кешендерiн әзiрлеу және шығаруды ұйымдастыру жүзеге асырылды;
қаружарақ және әскери техникалық радиоэлектрондық саладағы iске қосу, ретке келтiру, қалпына келтiру және жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi;
полигондарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн әскери оқытуды техникалық қамтамасыз ету жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi;
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелердi құру және дамыту басым бағыттары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау оқу әдiстемелiк сыныптарын ұйымдастыру;
ақпараттық-телекоммуникациялық құралдар мен жүйелер саласында мамандар үшiн оқу бағдарламасы мен оқу құралдары әзiрлендi.
8. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеудің, жасаудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.20. N 462 қаулысымен .
__________________________________________________________________
Р/с! Іс-шара ! Аяқталу !Орындауға !Орын. !Болжа. !Қар.
N ! ! нысаны !жауаптылар !далу !нып !жылан.
! ! ! !мерзі.!отырған!дыру
! ! ! !мі !шығыс. !көзі
! ! ! ! !тар !
__________________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
__________________________________________________________________
1. Ұйымдастыру іс-шаралары
__________________________________________________________________
1. Барлық мүдделі мем- Бұйрық ЭМРМ, ККМ, 2000 - -
лекеттік органдарды ҚорМ, ҰҚК жылғы
тарта отырып, Бағ- (келісім 4-тоқсан
дарламаның негізгі бойынша)
бағыттары бойынша
жобаларды іріктеу
жөнінде конкурстық
комиссия қалыптастыру
2. Бағдарламаның негізгі Бұйрық ЭМРМ 2000 - -
міндеттері бойынша жылғы
жобаларды іріктеу 4-тоқсан
жөнінде конкурс ұйым-
дастыру және өткізу,
бағдарлама бойынша
бас ұйымды айқындау
3. Бағдарламаның 2001- Бұйрық ЭМРМ 2000 - -
2005 жылдарға арнал- жылғы
ған кеңейтiлген нұс- 1-тоқсан
қасын қалыптастыру.
Бағдарлама бойынша
бас ұйыммен мемлекет-
тiк келiсiм-шарт
жасасу
4. Технологиялық сипат- Бұйрық ИСМ 2001- 2001- Рес-
тағы қолданбалы 2005 2005 пуб-
ғылыми зерттеулерге жылдар жылдарға ли-
республикалық бюджет- арналған ка-
те көзделетiн қаражат қаржылан- лық
есебiнен және шегiнде дыру кө- бюд-
бағдарламаны мақсатты лемі 690 жет
қаржыландыруды қамта- млн. теңге,
масыз ету оның ішінде
жылдар
бойынша:
2001 ж. -
130 млн.тг;
2002 ж. -
140 млн.тг;
2003 ж. -
140 млн.тг;
2004 ж. -
140 млн.тг;
2005 ж. -
140 млн.тг;
5. Аралық есептердi ғы- Бұйрық ИСМ, Жыл - -
лыми-техникалық кеңес- бас ұйым сайын,
те қарау және бекiту. 4-тоқсан
Бағдарламаның кезектi
жылға арналған кеңей-
тiлген нұсқасын қалып-
тастыру және бекiту
6. Бас ұйымның бағдарлама- Қазақстан ИСМ, 2005 - -
ны iске асыру жөнiндегi Республи- бас ұйым жылғы
қорытынды есебiн дайын- касының 4-тоқсан
дау және қарау Үкіметіне
есеп
__________________________________________________________________
2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар
_________________________________________________________________
7. Қазақстан Республикасы- Бұйрық ИСМ 2001- - -
ның электр энергетикасы, 2005
көліктік құбыр өткiзгiш- жылдар
тер және көлiк құралдары
қозғалысын бақылау сала-
сындағы мемлекеттiк бас-
қару органдары мен өнер-
кәсiптiк кешенiн ақпарат-
тық-телекоммуникациялық
қамтамасыз ету жөнiнде
жүйелiк жобаларды әзiрлеу
және iске асыру
8. Арна құру, коммутация және Бұйрық ИСМ 2001- - -
терминалдық құрылғылар 2005
аппаратураларын, ұялы жылдар
байланыс құралдарын,
сондай-ақ бақылау және
диагностика аппаратура-
ларын қоса алғанда, ақпа-
раттық-телекоммуникация-
лық жүйелер үшін отандық
өндiрiстің аспап-сайман
паркін құру. Өндiрiстiк
процесте отандық жинақ-
таушы бұйымдар үлесін
ұлғайту жөнiнде ұйымдас-
тыру-техникалық iс-шара-
лар әзiрлеу және iске
асыру
9. Жоғары мүмкiндiктi Бұйрық ИСМ 2001- - -
ғарыштық түсiрулердi 2005
пайдаланып, ГАЖ техно- жылдар
логиясын құру және
енгiзу. Сандық элек-
тронды карталар құру
үшiн қолданбалы бағ-
дарламалық қамтамасыз
етудi әзiрлеу. Перс-
пективалы ғарыштық
жүйелермен жоғары
мүмкiндіктi Жерді
қашықтықтан зерттеу
ақпаратын қабылдауды
және өңдеудi қамтамасыз
ету. Геостационарлық
және төменгi орбиталық
байланыс серiктерi туралы
астрономиялық және фото-
метриялық ақпаратты жинау
және өңдеу өңiрлiк орта-
лығын құру
10. Мемлекеттiң қорғаныс Нормативтік ИСМ, ҚорМ, 2001- - -
қабiлетi мен қауiпсiз- -құқықтық ҰҚК (келі- 2005
дiгiн қамтамасыз ету актілер сім бойынша) жылдар
мүддесiнде радиоэлек-
трондық кешендердi,
жүйелер мен құралдарды,
оның iшiнде автоматтан-
дырылған басқару жүйе-
лерiн техникалық бiрге
алып жүруді құру және
қамтамасыз ету. Жоғары
энергетикалық және уақытша
параметрлермен радио-
электронды қарсы iс-қи-
мыл кешендерін әзiрлеу
және шығаруды қамтамасыз
ету. Бағдарлама қайта
құрылатын жұмыс жиiлiк-
терi қағидатында байланыс
аппаратурасын шығаруды
ұйымдастыру
__________________________________________________________________