Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: <*>
Ескерту. Тақырыбы мен кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849
қаулысымен
.
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi; <*>
2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
4-тармақтың төртінші абзацындағы "және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының тізбесін" деген сөздер алынып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" заң күші бар Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 жылғы 21 ақпандағы N 221 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары <*>
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 849 қаулысымен .
1. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жалпы пайдаланымдағы республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын жiктеу жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердiң көшелерiн жiктеу жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Халықаралық не республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы пайдалануға қабылданғаннан кейiн отыз күн iшiнде автомобиль жолдары жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган (бұдан әрi - мемлекеттiк уәкiлеттi орган) автомобиль жолын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныс енгiзедi.
4. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзудi келiсуге материалдар жiберуге мiндеттi.
Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.
5. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
6. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына атау мен индекстi беру халықаралық келiсiмдермен белгiленедi.
7. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң әрпi автомобиль жолының сыныбына сәйкес келедi және мыналармен айқындалады:
"M" - шақырым есебi, шектес мемлекеттiң аумағынан басталатын аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланысын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"А" - Қазақстан Республикасының iрi әкiмшiлiк, мәдени және экономикалық орталықтарының, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жолдарды қоса алғанда, көршiлес мемлекеттердiң арасындағы көлiктiк қатынасты қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары үшiн;
"P" - қалғандары үшiн;
8. Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
Жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi:
"К" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi
___________________________________________________________________
р/с | Қазақстан Республикасы | Индекстегi
N | облыстарының атаулары | әріптің атауы
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
1. Ақмола C
2. Ақтөбе D
3. Алматы B
4. Атырау E
5. Шығыс Қазақстан F
6. Жамбыл H
7. Батыс Қазақстан L
8. Қарағанды M
9. Қызылорда N
10. Қостанай P
11. Маңғыстау R
12. Павлодар S
13. Солтүстiк Қазақстан T
14. Оңтүстiк Қазақстан X
___________________________________________________________________
Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.
2000 жылғы 5 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
N 1809 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі
Ескерту. Өзгеріc енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.27. N 1389
қаулысымен
.
Ескерту. Өзгеріc енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.14. N 541
қаулысымен
.
Ескерту. Өзгеріc енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.09.06. N
935
қаулысымен
.
_______________________________________________________________
Жолдың Жолдардың атауы Ұзақтығы, км
нөмірі
_______________________________________________________________
1 2 3
_______________________________________________________________
М-32 РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент,
Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары 2029
арқылы
М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы,
Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары 2080
арқылы
М-38 РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай
(ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары 1099
арқылы
М-51 РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы
(Новосибирскiге), Петропавл, Омбы 175
қалалары арқылы
А-1 Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы
арқылы 452
А-2 Өзб.Р шек (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-
Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал, 1197
Благовещенка арқылы Қырғызстан
шекарасына кiреберiспен
А-3 Алматы - Өскемен 1036
А-4 Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Прудки-
Талап-Қырғызстанның шекарасы (Жамбыл 132
ескерткiшiне кiреберiспен)
А-5 Ақсай-Шонжы-Көлжат-ЛХР шекарасы 160
А-6 Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы (Түп) 115
А7 Үшарал-Достық 184
А-8 Таскескен-Бақты (ҚХР шек.) 187
А-9 Өскемен-Лениногорск-РФ шек. 167
А-10 Өскемен-Шемонаиха-РФ шек. 120
А-11 Семей-РФ шек. (Барнаулға) 111
А-12 Петропавл-Соколовка-РФ шек. (Есiл 62
қаласына)
А-13 Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық - РФ шек. 278
(Омбы қаласына)
А-14 Тараз-Утмек-Қырғызстанның шек. 14
А-15 "Жизақ-Гагарин-Жетiсай-Киров-
Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жiбек жолы" 221
Атакент ауылына кiреберiспен Өзб.Респ-ң
шек. (Сырдарья, Гүлстан және Чиназ)
және Сарыағаш санаториiне
А-16 Жезқазған-Петропавл, Арқалық қаласы 940
арқылы
А-17 Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек. 1509
А-18 Павлодар-Шербақты-РФ шек. 112
А-19 Қашыр-Михайловка-РФ шек. 108
А-20 Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз 921
А-21 Мамлютка-Қостанай 398
А-22 Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка- 541
Рудный-Қостанай
А-23 Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ. шек. 142
А-24 Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек. (Орынбор 102
қаласына)
А-25 Ақтөбе-РФ шек.(Орск қаласына) 135
А-26 Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз 401
А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шек. (Астрахань 871
қаласына)
А-28 Орал-Атырау 487
А-29 Орал-Каменка-РФ шек. (Озинки 100
қаласына)
А-30 Подстепное-Федоровка-РФ шек. 144
А-31 Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шек. 213
А-32 Орал-Теплое-РФ шек. 28
А-33 Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе- 798
Жетiбай-Ақтау порты
А-34 Жетiбай-Жаңа өзен-Фетисово-Түркменстан 237
Респ. шек. (Түркменбашы қаласына)
Р-1 Бейнеу-Ақжiгіт-Өзб.Респ.шек.(Нөкіс 84
қаласына)
Р-2 Астана-Қорғалжын, Қорғалжын қорығына 176
кiреберiспен
Р-3 Астана-Рождественка-Энтузиаст-Киевка- 257
Темiртау
Р-4 Астана-Ерейментау-Шідерті 243
Р-6 Макин-Степногорск-Торғай 235
Р-7 Бурабай курорт аймағының жолдары 66
Р-8 Шучинск-Зеренді 80
Р-9 Вячеслав су қоймасына кiреберіс 17
Р-10 Астана қаласына айналма жол 36
Р-11 Көкшетау-Рузаевка 196
Р-12 Көкшетау-Атбасар 184
Р-13 Жасы-Есіл-Бузулук 82
Р-14 Көкшетау қаласына айналма жол 18
Р-15 Кеген-Нарынқол 89
Р-16 Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты- 89
Құрметтi, Көлсай көлiне кiреберiспен
Р-17 Алматы-Талғар-Евгеньевка 71
Р-18 Қапшағай-Күрті 67
Р-19 "Алматы-Көктал-Байсерке-
Междуреченское" а/ж - "Екатеринбург- 52
Алматы" а/ж
Р-20 Сарыөзек-Көктал 192
Р-21 Алма-Тау турбазасына кiреберiс 15
Р-22 Алматы-Космостанция, Алматы және
Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен 45
Р-23 Семей-Қайнар 276
Р-24 Өскемен-Семей 195
Р-25 Өскемен-Зыряновск-Большенарымское- 446
Катон қарағай-Рахманов бұлақтары
Р-26 "Омбы-Майқапшағай" а/ж - Қалжыр-Теректі 124
Р-27 Қалкаман-Баянаул-Үмiткер-Ульяновский 324
Р-28 Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне
кiреберіс 24
Р-29 Мерке-Бурылбайтал 273
Р-30 Шу-Благовещенка 56
Р-31 Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр- 145
Төрткөл
Р-32 Түркiстан қаласына айналма жол 13
Р-33 Қызылорда-Жалагаш-"Самара-Шымкент" а/ж 91
Р-34 Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем-
Қаражал-Атасу 144
Р-35 Ақшатау-Ағадыр-Ортау-"Қызылорда- 195
Павлодар" а/ж
Р-36 Қостанай-Әулиекөл-Сурган 257
Р-37 Бастау-Ақтау-Теміртау 53
Р-38 "Қостанай-Жақсы" а/ж - "Қостанай- 6
Қарабұтақ" а/ж
Р-39 "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж-"Екатеринбург- 21
Алматы" а/ж
Р-41 Орал аласына айналма жол 19
Р-42 Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне 4
кіреберіс
Р-43 Рудный қаласының Батыс айналма жолы 6,9
________________________________________________________________
Жиыны 23043,9
________________________________________________________________