Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 5 желтоқсан N 1809

Қолданыстағы
      "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 P001527_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi;
      2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      4. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 P001527_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      4-тармақтың төртінші абзацындағы "және жергілікті маңыздағы

автомобиль жолдарының тізбесін" деген сөздер алынып тасталсын.
     5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Жол қоры туралы" заң күші 
бар Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1996 
жылғы 21 ақпандағы N 221  

P960221_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының 
ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 9, 63-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                         2000 жылғы 5 желтоқсандағы
                                        N 1809 қаулысымен бекітілген
     
             Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы
                      автомобиль жолдарын жiктеу
                              ЕРЕЖЕСI
     


      1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан автомобиль жолдары жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары және қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi.
      2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары өздерінің әкiмшiлiк маңызы бойынша:
      республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары;
      жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары болып бөлiнедi.
      3. Шаруашылық автомобиль жолдарына мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың теңгерiмiндегi автомобиль жолдары жатады.
      4. Қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi жергiлiктi атқарушы органдардың теңгерiмiнде болады.
      5. Республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына:
      Қазақстан Республикасының бас қаласын облыс орталықтарымен қосатын автомобиль жолдары;
      облыс орталықтарын өзара қосатын автомобиль жолдары;
      аса маңызды мемлекетаралық көлiк байланыстарын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары;
      мемлекеттік маңыздағы аса маңызды орталықтарға (iрi өнеркәсiп, сауықтыру, мәдениет орталықтары және т.с.с.) кіреберіс болып табылатын автомобиль жолдары;
      арнайы автомобиль жолдары жатады.
      6. Жергiліктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына:
      облыс орталықтарын аудан орталықтарымен, аудан орталықтарын өзара және кемiнде 100 адам тұрғыны бар елдi мекендермен қосатын автомобиль жолдары;
      облыстық көлiк байланыстарын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары (темiржол станцияларына, әуежайларға, өзен порттарына, мәдениет және өнеркәсіп объектілеріне кіреберістер);
      республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына жатпайтын, жеке меншік және (немесе) шаруашылық автомобиль жолдары болып табылмайтын өзге де автомобиль жолдары жатады.
      7. Республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi бекiтедi.
      9. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауына, әдетте, бастапқы және түпкi елдi мекендердiң атаулары, ал қажет болған жағдайда - аралық мекендердiң атаулары кiруi тиiс.
      10. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының километрлерiн есептеу:
      Қазақстан Республикасының бас қаласынан шығатын автомобиль жолдары үшiн - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ғимаратынан бастап;
      басқа елдi мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшiн - жергiлiктi атқарушы органдардың ғимараттарынан бастап жүргiзiледi.
      11. Жалпы техникалық жай-күйiн бақылауды автожол саласындағы

уәкiлеттi орган жүзеге асыратын жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының 
ұзақтығы мағынасында:
     елдi мекендердi өзара қосатын жолдар үшiн - тиiстi елдi мекендердiң 
шекаралары арасындағы қашықтық;
     басқа жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын өзара қосатын және 
оларға жанасатын жолдар үшiн - түйiсетiн жолдардың білiктерiнiң қиылыстары 
алынады.
     12. Қалалар мен өзге де елдi мекендердің көшелерiнiң ұзақтығы 
мағынасында тиiстi қалалар мен өзге де елдi мекендердiң шекаралары 
шегiндегi қашықтық алынады.
     
                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                         2000 жылғы 5 желтоқсандағы
                                        N 1809 қаулысымен бекітілген
     
          Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық
          маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
                              тізбесі
    Жолдың         Жолдардың атауы              Ұзақтығы, км       
    нөмірі    
      1                  2                           3
  М-32     РФ шекарасы (Самараға) - Шымкент,        
           Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалалары         2020
           арқылы
  М-36     РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы,
           Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары     2045
           арқылы
  М-38     РФ шекарасы (Омбыға) - Майқапшағай
           (ҚХР-ға шығу), Павлодар, Семей қалалары  1099
           арқылы
  М-51     РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы 
           (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы         175
           қалалары арқылы
  А-1      Астана - Петропавл, Көкшетау қаласы
           арқылы                                    443
  А-2      Өзб.Р шек (Ташкентке)-Шымкент-Тараз-
           Алматы-Қорғас, Көкпек, Көктал,            1197
           Благовещенка арқылы Қырғызстан
           шекарасына кiреберiспен
  А-3      Алматы - Өскемен                          1036
     
  А-4      Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Прудки-
           Талап-Қырғызстанның шекарасы (Жамбыл      132
           ескерткiшiне кiреберiспен)
  А-5      Ақсай-Шонжы-Көлжат-ЛХР шекарасы           160
     
  А-6      Көкпек-Кеген-Қырғызстан шекарасы (Түп)    115
     
  А7       Үшарал-Достық                             184
     
  А-8      Таскескен-Бақты (ҚХР шек.)                187
     
  А-9      Өскемен-Лениногорск-РФ шек.               167
     
  А-10     Өскемен-Шемонаиха-РФ шек.                 120 
     
  А-11     Семей-РФ шек. (Барнаулға)                 111
     
  А-12     Петропавл-Соколовка-РФ шек. (Есiл         62 
           қаласына)
  А-13     Көкшетау-Кiшкенекөл-Бидайық - РФ шек.     271
           (Омбы қаласына)
  А-14     Тараз-Утмек-Қырғызстанның шек.            14
  А-15     "Жизақ-Гагарин-Жетiсай-Киров-
           Қызыләскер-Сарыағаш-Абай-Жiбек жолы"      221
           Атакент ауылына кiреберiспен Өзб.Респ-ң
           шек. (Сырдарья, Гүлстан және Чиназ) 
           және Сарыағаш санаториiне
  А-16     Жезқазған-Петропавл, Арқалық қаласы       940 
           арқылы
  А-17     Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шек.        1509
     
  А-18     Павлодар-Шербақты-РФ шек.                 112
     
  А-19     Қашыр-Михайловка-РФ шек.                  108
     
  А-20     Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз          921 
     
  А-21     Мамлютка-Қостанай                         398 
  А-22     Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-        541
           Рудный-Қостанай
  А-23     Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ. шек.      142
  А-24     Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек. (Орынбор            102 
           қаласына)
  А-25     Ақтөбе-РФ шек.(Орск қаласына)             135
  А-26     Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз               401    
  А-27     Ақтөбе-Атырау-РФ шек. (Астрахань          871
           қаласына)
  А-28     Орал-Атырау                               487       
  А-29     Орал-Каменка-РФ шек. (Озинки              100
           қаласына)
  А-30     Подстепное-Федоровка-РФ шек.              144
  А-31     Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шек.       213
  А-32     Орал-Теплое-РФ шек.                       28
  А-33     Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-     798
           Жетiбай-Ақтау порты
  А-34     Жетiбай-Жаңа өзен-Фетисово-Түркменстан    237 
           Респ. шек. (Түркменбашы қаласына)
  Р-1      Бейнеу-Ақжiгіт-Өзб.Респ.шек.(Нөкіс        84
           қаласына)
  Р-2      Астана-Қорғалжын, Қорғалжын қорығына      176
           кiреберiспен
  Р-3      Астана-Рождественка-Энтузиаст-Киевка-     257
           Темiртау
  Р-4      Астана-Ерейментау-Шідерті                 243
  Р-5      Көктоғай а. кіреберіс                     12
  Р-6      Макин-Степногорск-Торғай                  235
  Р-7      Бурабай курорт аймағының жолдары          66
  Р-8      Шучинск-Зеренді                           80
  Р-9      Вячеслав су қоймасына кiреберіс           17
  Р-10     Астана қаласына айналма жол               36
  Р-11     Көкшетау-Рузаевка                         196
  Р-12     Көкшетау-Атбасар                          184
  Р-13     Жасы-Есіл-Бузулук                         82
  Р-14     Көкшетау қаласына айналма жол             18
  Р-15     Кеген-Нарынқол                            89                    
  Р-16     Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-            89
           Құрметтi, Көлсай көлiне кiреберiспен
  Р-17     Алматы-Талғар-Евгеньевка                  71 
  Р-18     Қапшағай-Күрті                            67                    
  Р-19     "Алматы-Көктал-Байсерке-
           Междуреченское" а/ж - "Екатеринбург-      52 
           Алматы" а/ж
  Р-20     Сарыөзек-Көктал                           192
  Р-21     Алма-Тау турбазасына кiреберiс            15
  Р-22     Алматы-Космостанция, Алматы және
           Алма-Арасан санаторийлеріне кiреберiспен  45      
  Р-23     Семей-Қайнар                              276
  Р-24     Өскемен-Семей                             195                   
  Р-25     Өскемен-Зыряновск-Большенарымское-        446 
           Катон қарағай-Рахманов бұлақтары
  Р-26     "Омбы-Майқапшағай" а/ж - Қалжыр-Теректі   124
  Р-27     Қалкаман-Баянаул-Үмiткер-Ульяновский      324   
  Р-28     Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне 
           кiреберіс                                 24
  Р-29     Мерке-Бурылбайтал                         273
  Р-30     Шу-Благовещенка                           56 
  Р-31     Кентау-Түркiстан-Арыстанбаб-Шәуiлдiр-     148
           Төрткөл
  Р-32     Түркiстан қаласына айналма жол            13 
  Р-33     Қызылорда-Жалагаш-"Самара-Шымкент" а/ж    91        
  Р-34     Қызылорда-Павлодар" а/ж - Жәйрем-
           Қаражал-Атасу                             144 
  Р-35     Ақшатау-Ағадыр-Ортау-"Қызылорда-          195
           Павлодар" а/ж
  Р-36     Қостанай-Әулиекөл-Сурган                  257
  Р-37     Бастау-Ақтау-Теміртау                     53
  Р-38     "Қостанай-Жақсы" а/ж - "Қостанай-         6  
           Қарабұтақ" а/ж 
  Р-39     "Қостанай-Қарабұтақ" а/ж-"Екатеринбург-   21
           Алматы" а/ж
  Р-40     Махамбет-Новобогат                        45
  Р-41     Орал аласына айналма жол                  19
  Р-42     Қабанбай батырдың ескерткiш кешенiне      4 
           кіреберіс
     
                          Жиыны                      23011
     
     
     
     
     Оқығандар:
     Орынбекова Д.К.
     Қобдалиева Н.М.