Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 27 қараша N 1761

Жаңартылған

     Сотталғандарды, қылмыс жасауға күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
     1) түзеу мекемелері:
     Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде орналасқан "ОВ-156/21 мекемесі";
     Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан "ОВ-156/22 мекемесі";
     2) тергеу изоляторлары:
     Шымкент қаласында орналасқан "ИЧ-167/11 мекемесі";
     Алматы қаласында орналасқан "ЛА-155/18 мекемесі".

     2. Құпия.

     3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
     1) құрылатын мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да шаралар қабылдасын.

     4. <*>
     Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.

     5. <*>
     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755 қаулысымен.   

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі