Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қараша N 1761

Қолданыстағы
      Сотталғандарды, қылмыс жасауға күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      1) түзеу мекемелері:
      Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде орналасқан "ОВ-156/21 мекемесі";
      Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан "ОВ-156/22 мекемесі";
      2) тергеу изоляторлары:
      Шымкент қаласында орналасқан "ИЧ-167/11 мекемесі";
      Алматы қаласында орналасқан "ЛА-155/18 мекемесі".
      2. Құпия.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) құрылатын мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және

олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да шаралар қабылдасын.
     4. Құпия.
     5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару 
жүйесі комитетінің мәселелері" туралы 2000 жылғы 5 мамырдағы N 668  

P000668_

 
қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
     көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер 
министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың 
тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 94-97-жолдармен толықтырылсын:
     "94. ОВ -156/21 мекемесі  
     95. ОВ -156/22 мекемесі  
     96. ИЧ -167/11 мекемесі  
     97. ЛА -155/18 мекемесі".
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының 
        Премьер-Министрі   
   
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.