Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қараша N 1761

Жаңартылған

     Сотталғандарды, қылмыс жасауға күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте 
ұстау жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі 
қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару 
жүйесі комитетінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
     1) түзеу мекемелері:
     Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентінде орналасқан "ОВ-156/21 
мекемесі"; 
     Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналасқан "ОВ-156/22 
мекемесі";
     2) тергеу изоляторлары:
     Шымкент қаласында орналасқан "ИЧ-167/11 мекемесі"; 
     Алматы қаласында орналасқан "ЛА-155/18 мекемесі".
     2. Құпия.
     3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
     1) құрылатын мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және 
олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) осы қаулыны іске асыру жөнінде басқа да шаралар қабылдасын.
     4. Құпия.
     5. 
<*>

     Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1755  
              қаулысымен.  

P011755_

 
     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының 
        Премьер-Министрі   
   
     Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.