Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қараша N 1724

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959 P000959_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 322-құжат) бекітілген Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптарында:
     1-тармақтың 4) тармақшасы "уәкілетті банктің кепілдік беруі жолымен 
немесе" деген сөздермен басталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Икебаева А.Ж.