Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959
қаулысымен
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 322-құжат) бекітілген Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақтың 4) тармақшасы "уәкілетті банктің кепілдік беруі жолымен немесе" деген сөздермен басталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі