Қазақстан Республикасы Yкiметінің жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелерi бойынша кейбiр шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысы 2000 жылғы 20 қазан N 1575

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Z952235_ Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 999 P970999_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 28, 250-құжат):
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға салық сараптамасын жүргізудiң тәртiбi туралы ережедегi:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкiметі уәкiлеттiк берген құзыреттi орган жасасатын келiсiм-шарттың жобасын талдау мен бағалауды, оған толықтырулар мен өзгерiстердi қамтитын салық режимiн айқындау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын белгілеу мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.";
      3-тармақтағы:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      1) тармақшадағы "Салық реформалары" деген сөздер "Фискальдық саясат және болжамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "облыстардың және Алматы қаласының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Уәкiлеттi органдардың өкiлдерi салықтық сараптама жүргiзу мақсатында келiсiм-шарттарды дайындау кезiнде де, сол сияқты онымен келiсiм-шарт жасасу үшiн жер қойнауын пайдаланушыны анықтау кезiнде де тендерлiк комиссияның жұмысына қатысады.
      5. Жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiлген салықтық сараптаманың нәтижелерi салықтық сараптамадан өту туралы уәкiлеттi органдардың қорытындыларына енгізiледi және келiсiм-шарттардың түпкi мәтiндерiне мiндетті түрде енгiзуге жатады.
      6. Салықтық сараптаманың барысында уәкiлеттi органдар мынадай мәселелердi қарайды:
      1) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi (салықтық режимдi) белгiлеу, оның iшiнде:
      Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң келiсiм-шартта толық көрсетiлуiн, оларды есептеудiң және төлеудiң тәртiбiн, оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерi мен салықтарын есептеудiң және төлеудiң тәртібiн және "Өнiмдi бөлу туралы" келiсiм-шарттардың салықтық режим түрiн белгілеу;
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және құзыретті органмен бiрлесiп, жер қойнауын пайдаланушылар заттай нысанда бюджетке төлеуге жататын роялти сомаларын төлеудiң және есептеудiң тәртібiн белгiлеу;
      құзыретті органмен бiрлесiп бюджетке төленетін тарихи шығындардың мөлшерi мен тәртібiн әзiрлеуге қатысу;
      құзыретті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, кен орнын әзiрлеудiң зардаптарын жою қорын қалыптастырудың мөлшерi мен тәртiбiн айқындауға қатысу;";
      2) салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеуге тікелей немесе жанама қатысты келiсiм-шарттар жобалары ережелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлігi;
      10-тармақтағы:
      "төлемдердiң" деген сөз "бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнде" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыретті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Мемлекеттік кiрiс министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбiн, Үстеме табысқа салық салуды есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбiн және Қазақстан Республикасында жердi пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусын есептеу тәртібiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегі N 1330 P971330_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 41, 386-құжат):
      тақырыбындағы "коммерциялық табу бонусы мен өндіру бонусын есептеу" деген сөздер "жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбi";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбiндегi:
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Көмiрсутегiлер бойынша пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасы сату орнына дейiнгi тасымалдауға арналған iс жүзiндегі шығыстардың сомасына азайтылған жанама салықтарды есептемегендер есептi кезең үшiн көмiрсутегiлердi сатудың iс жүзiндегi қалыптасқан орташа бағасының негізiнде айқындалады.
      13. Осы Тәртiптің 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасымен сатылмаған жағдайда, роялти салу объектiсiн есептеу үшiн ұқсас өнiмдi соңғы сатқан есептi кезеңдегі пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) орташа сату құны қабылданады.";
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      "13-1. Осы Тәртіптiң 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалар (алғашқы тауар өнiмi) сатылмаған жағдайда, есептi кезең үшін роялти салу объектiсiн есептеу үшiн орташа сату бағасына пайдалы қазбаларды өндiруге iс жүзiнде қалыптасқан шығындар қабылданады.
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды (алғашқы тауар өнiмiн) iс жүзiндегi сату бағасын ескере отырып, роялтиге кейiннен түзету жүргiзуге мiндеттi.";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Үстеме пайдаға салық есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбiндегi:
      5-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "уәкiлетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарын жасасу кезінде коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусын есептеудiң тәртiбiндегi:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарын жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындаудың және коммерциялық табу бонусын есептеудiң тәртiбi";
      1-тармақтағы:
      "коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусы" деген сөздер "жазылу бонусы мен коммерциялық табу бонусы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жазылу бонусының бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының

Үкiметі немесе Құзыреттi орган айқындайды, не тендер өткiзудiң шарттары
бойынша айқындалады";
     3-тармақ алынып тасталсын.
     2. "Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген (ренталық) төлемдер туралы" 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы 
N 764  

P950764_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., 
N 20, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетін 2-тармақты 
қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
Оқығандар:
     Багарова Ж.А.
     Икебаева А.Ж.