Қазақстан Республикасы Yкiметінің жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелерi бойынша кейбiр шешімдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметінің қаулысы 2000 жылғы 20 қазан N 1575. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

Күшін жойған

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*> 
      Ескерту. 1-тармақтың 1) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. N 1705 қаулысымен.
      2) "Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбiн, Үстеме табысқа салық салуды есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбiн және Қазақстан Республикасында жердi пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусын есептеу тәртібiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегі N 1330  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 41, 386-құжат): 
      тақырыбындағы "коммерциялық табу бонусы мен өндіру бонусын есептеу" деген сөздер "жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбi"; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбiндегi: 
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "12. Көмiрсутегiлер бойынша пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасы сату орнына дейiнгi тасымалдауға арналған iс жүзiндегі шығыстардың сомасына азайтылған жанама салықтарды есептемегендер есептi кезең үшiн көмiрсутегiлердi сатудың iс жүзiндегi қалыптасқан орташа бағасының негізiнде айқындалады. 
      13. Осы Тәртiптің 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасымен сатылмаған жағдайда, роялти салу объектiсiн есептеу үшiн ұқсас өнiмдi соңғы сатқан есептi кезеңдегі пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) орташа сату құны қабылданады."; 
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "13-1. Осы Тәртіптiң 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалар (алғашқы тауар өнiмi) сатылмаған жағдайда, есептi кезең үшін роялти салу объектiсiн есептеу үшiн орташа сату бағасына пайдалы қазбаларды өндiруге iс жүзiнде қалыптасқан шығындар қабылданады. 
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды (алғашқы тауар өнiмiн) iс жүзiндегi сату бағасын ескере отырып, роялтиге кейiннен түзету жүргiзуге мiндеттi."; 
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Үстеме пайдаға салық есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбiндегi: 
      5-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "уәкiлетті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарын жасасу кезінде коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусын есептеудiң тәртiбiндегi: 
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарын жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындаудың және коммерциялық табу бонусын есептеудiң тәртiбi"; 
      1-тармақтағы: 
      "коммерциялық табу бонусы мен өндiру бонусы" деген сөздер "жазылу бонусы мен коммерциялық табу бонусы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "1-1. Жазылу бонусының бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе Құзыреттi орган айқындайды, не тендер өткiзудiң шарттары бойынша айқындалады";
      3-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Мұнайға, газға және көмiрге тiркелген (ренталық) төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 20, 221-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетін 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі