Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлігін жасақтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 17 қазан N 1541

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1226 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:    

     Әбдiрахманов Есiркеп    - Қазақстан Республикасы Индустрия
     Оңланбекұлы               және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс
                               өнеркәсiбi комитетi төрағасының
                               орынбасары

     Андрющенко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Александр Иванович        және сауда бiрiншi вице-министрi,
                               жетекшi

     Поспелов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Николай Николаевич        министрiнiң орынбасары

     Жиенбаев                - Қазақстан Республикасының Индустрия
     Ринат Сұлтанұлы           және сауда министрлiгi Қорғаныс
                               өнеркәсiбi комитетiнiң төрағасы

     Литвинов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Михаил Константинович     iстер министрлiгi Тәуелсiз
                               Мемлекеттер Достастығы iстерi
                               жөнiндегi комитетi басқармасының
                               бастығы
     Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1437 қаулысымен.

     2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі