Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1226
P001226_
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми
сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы
мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық
комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі
жасақталсын:
Байғарин - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Бекболат Әбдіғалиұлы индустрия және сауда министрлігі
Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі
комитетінің төрағасы, жетекші
Әбдірахманов - Қазақстан Республикасының Экономика
Есіркеп Оңланбекұлы министрлігі Салалық саясат
департаментінің директоры
Тәңірберген - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Саидмұрат Бапанұлы министрінің Аппараты Халықаралық
әскери ынтымақтастық департаментінің
бастығы
Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Алмас Олжабайұлы индустрия және сауда министрлігі
Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету
және халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры
Байқошқаров - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Жақсылық Зекенұлы министрлігінің Қару-жарақ департаменті
Автомобиль басқармасының бастығы
Егізбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Мұрат Әбілтайұлы министрлігінің Қару-жарақ департаменті
Зымыран-артиллерия қару-жарағы
басқармасының бастығы
Оспанов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Аманжол Хайыржанұлы министрлігінің Қару-жарақ департаменті
Бронетанк басқармасының бастығы
2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен
өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан
әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.