Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей Федерациясына 2000 жылғы 18-20 маусымдағы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай құрамда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының (бұдан әрі - Мемлекетаралық комиссия) ұлттық бөлігі жасақталсын:
Әбдiрахманов Есiркеп - Қазақстан Республикасының Индустрия
Оңланбекұлы және сауда министрлігi
Технологияларды дамыту
департаментінің директоры
Литвинов Михаил - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Константинович iстер министрлiгi ТМД iстерi
жөнiндегi комитетiнiң төрағасының
орынбасары
Андрющенко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Александр Иванович және сауда бiрiншi вице-министрi,
жетекшi
Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Николай Николаевич министрiнiң орынбасары
Метте - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық
Виталий Леонидович компаниясы" ААҚ-ның президентi <*>
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1437
қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467
қаулысымен.
2. Мемлекетаралық комиссияның ұлттық бөлігі ресей тарапымен өткізілген консультациялардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының одан әрі ықпалдасуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі