Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 және 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1040. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 қаулысымен (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі)

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілерге бірдей жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 P990431_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 130-құжат):
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Отандық темекі бұйымдары (фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)";
      2) "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 P991251_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 42, 386-құжат;):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы ережеде: 2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "темекі бұйымдары (отандық өндірістің темекі бұйымдары: фильтрсіз сигареттер мен папиростарды қоспағанда)". 2. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.