Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы N 151
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитеті туралы ережеде:
16-тармақтың 2 абзацындағы "екі орынбасары болады" деген сөздер "үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі