Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 шілде N 1027

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы N 151 P000151_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі 
комитеті туралы ережеде:
     16-тармақтың 2 абзацындағы "екі орынбасары болады" деген сөздер "үш 
орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады" деген сөздермен 
ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
        Оқыған:
     Орынбекова Д.Қ.