Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 327 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 ақпандағы кеңейтілген мәжілісінде айтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі


  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 шілдедегі
  N 1021 қаулысымен бекітілген

Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
Тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.10.11 N 1313, 2003.09.26 N 979, 2004.08.03 N 829, 2007.05.22 N 409,2008.05.26 N 502, 2008.09.11 N 847, 2009.09.14. N 1369, 2009.10.12 N 1560, 2010.09.17 N 957, 2011.06.28 № 722, 29.05.2013 N 529; 03.05.2019 № 241; 11.10.2019 № 752; 09.04.2021 № 227 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 8-т. қараңыз); 18.02.2022 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2022 № 868 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.08.2023 № 702; 06.10.2023 № 881; 20.02.2024 № 105 қаулыларымен.


Атауы

Мекен-жайы

1

"Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қаласы

2

алынып тасталды

Алматы қаласы

3

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қаласы

4

"Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

5

"Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

6

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Алматы қаласы

7

"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Өскемен қаласы

8

алынып тасталды - РҚ Үкіметінің 29.05.2013 N 529 қаулысымен.

9

алынып тасталды


10

"Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Талдықорған қаласы

11

"Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Атырау қаласы

12

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.10.2019 № 752 қаулысымен.


13

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қарағанды қаласы

14

алынып тасталды


15

"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қызылорда қаласы

16

алынып тасталды


17

"Торайғыров университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Павлодар қаласы

18

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Петропавл қаласы

19

алынып тасталды - РҚ Үкіметінің 29.05.2013 N 529 қаулысымен.

20

алынып тасталды


21

"Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Орал қаласы

22

"М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Шымкент қаласы

22-1.

"Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Шымкент қаласы

23

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 11.10.2019 № 752 қаулысымен.


24

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Нұр-Сұлтан қаласы

25

"Қазақ ұлттық өнер университеті" мемлекеттік мекемесі

Астана қаласы

26

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қаласы

27

"Ақмола мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Астана қаласы

28

"Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтөбе қаласы

29

алынып тасталды


30

"Семей мемлекеттік медицина академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Семей қаласы

31

алынып тасталды


32

"С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Алматы қаласы

32-1.

"Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ақтау қаласы

32-2.

"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы қаласы

33

алынып тасталды


34

"Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Теміртау қаласы

35

"Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ақтөбе қаласы

36

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Семей қаласы

37

"Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Арқалық қаласы

38

"М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Тараз қаласы

39

"Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Павлодар қаласы

40

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қостанай қаласы

41

"Рудный индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Рудный қаласы

42

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Көкшетау қаласы

43

"Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Өскемен қаласы

44

"Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қарағанды қаласы

45

"Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Нұр-Сұлтан қаласы

46

"Ұлытау техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Жезқазған қаласы