Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы N 502 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістер енгізсін және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 26 мамырдағы
N 502 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 32-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

      технологиялар және инжиниринг университеті"

      республикалық мемлекеттік қазыналық

      кәсіпорны Ақтау қаласы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.