Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шілдедегі N 935 P990935_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., N 34, 298-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары басқарады";
9-тармақ алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комиссияның жеке құрамын Комиссияның жұмыс органының ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және
шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне жүктеледі";
13-тармақтағы "мен хатшысы" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтағы "хатшысы" деген сөз "жұмыс органы" деген сөздермен
ауыстырылсын;
19-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанындағы Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның құрамы
қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
15 ақпандағы
N 252 қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
6 шілдедегі N 935 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияның
құрамы
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төраға
Тілеубердин - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алтай Абылайұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігінің
төрағасы (келісім бойынша)
Котлов - Қазақстан Республикасының
Андрей Николаевич Әділет вице-министрі
Қанешев - Қазақстан Республикасының
Біржан Бисекеұлы Көлік және коммуникациялар
вице-министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Қаржы вице-министрі
Сиврюкова - Қазақстан Республикасының
Валентина Андреевна Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы
Бектас Ғафурұлы Премьер-Министрінің кеңесшісі,
Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің
президенті
Қадамбаев - Қазақстан Республикасы
Тоқтарбай Мемлекеттік сатып алулар
Қадамбайұлы жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары
Елшібеков - Қазақстан Республикасының
Серікбек Кеңесбекұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Әкімшіліктендіру департаментінің
директоры
Марзилович - Қазақстан Республикасының
Ольга Алексеевна Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі Өңдеу өнеркәсібі
және импортты алмастыру
департаментінің директоры
Сағынтаев - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Бақытжан Әбдірұлы ЖАҚ басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Нәубетова - Қазақстан Республикасының
Рашида Аронқызы Министрінің - Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Отбасы
және әйелдер істері жөніндегі ұлттық
комиссия төрайымының кеңесшісі
Төлебаев - Қостанай облысының "Шағын бизнес
Серік Шәмілұлы орталығы" ЖАҚ-ның директоры (келісім
бойынша)
Абт - Қарағанды облысы кәсіпкерлері
Николай Викторович ассоциациясының президенті
(келісім бойынша)
Казанцев - Астана қаласы кәсіпкерлердің
Павел Олегович құқықтарын қорғау жөніндегі
ассоциациясының президенті
(келісім бойынша)
Кононова - Ақмола облысы Сауда-өнеркәсіптік
Татьяна Ильинична палатасының төрайымы, Қазақстан
Республикасы Сауда-өнеркәсіптік
палатасы Төралқасы төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Сатабаева - Павлодар облысы Сауда-өнеркәсіптік
Райхангүл палатасының төрайымы (келісім
Қайырбайқызы бойынша)
Оқаев Ермек Қабиұлы - Қазақстан кәсіпкерлері форумы
кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)".
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.