Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 Қаулысы

Жаңартылған

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 23 тамыздағы N 72  өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенiмдi басқаруға берудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
1999 жылғы 20 қаңтардағы 
N 99 қаулысымен     
бекітілген       

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімді басқаруға
берудің тәртібі туралы
Ереже

      Осы Ереже мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік құқықтық  актілеріне сәйкес әзірленді. 

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар:

      1) Сенімді басқару - сенімді басқарушының сенімді басқаруға арналған шартпен белгіленген өкілеттіктің шегінде мемлекеттік қызметшінің мүддесінде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесінде жүзеге асыратын, оның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін өз атынан басқару жөніндегі қызметі;

      2) сенімді басқару объектілері - осы тұлғаларға заңды түрде тиесілі ақшадан, сондай-ақ мүліктік жалға берілген өзге де мүліктен басқа пайдалану кірістер алуға әкелетін, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығымен тиесілі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары, қатысу үлестері, сондай-ақ өзге де мүлкі;

      3) сенімді басқарушы - тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез-келген адам.

      2. Мемлекеттiк қызметшi заңдардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенiмдi басқарушыға берiлетiн құқықтық күштiң көлемiн айқындайды.

      3. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiмдi басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар. 

  2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi
басқаруға берудiң негiздемесi мен тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқару:

      1) мәмiлелердiң;

      2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде пайда болады (құрылады). 

      5. Мемлекеттiк қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр айдың iшiнде мемлекеттік қызметтi атқару уақытына осы Ереженiң 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сенiмдi басқаруға беруге мiндеттi.

      6. Мемлекеттiк қызметшi сенiмдi басқаруға арналған шарттың нотариалдық расталған көшiрмесiн жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметiне беруге мiндеттi.

      7. Тараптардың бiреуi сенiмдi басқаруға арналған шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметшi ол туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметiне хабарлауға мiндеттi, ал сенiмдi басқаруға беруге жататын мүлiк шарт бұзылғаннан кейiн бiр ай мерзiмде осы Ережемен белгiленген тәртiппен қайтадан сенiмдi басқаруға берiлуi керек.

      8. Сенiмдi басқаруға арналған шарт мерзiмiнiң аяқталуы, оның қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасасу туралы одан кейiнгi кез-келген ақпарат жұмыс орны бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметiне ұсынылады.

3. Мүлкiн сенiмдi басқаруға беретiн мемлекеттiк
қызметшi құқықтарының кепiлдiктерi

      9. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқаруға беруiне қатысты мәлiмет жариялауға жатпайды және мемлекеттiк органдардың қызметтік ақпаратын құрайды.
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.27.   N 958 қаулысымен. 

      10. Осы мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайда болады.

4. Қорытынды ережелер

      11. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенiмдi басқаруға арналған шарттың көшiрмесi оның жеке басының iсiнде сақталады.

      12. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметi ұсынылған құжаттардың сақталуы мен алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Мұндай тұрғыдағы ақпаратқа кiруге мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарларына, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғасына), сондай-ақ Қазақстан      Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен құқық қорғау органдарына рұқсат етiледi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.25  N 283 Қаулысымен.

      13. Мүлiктiң сенiмдi басқаруға берiлгенi туралы ақпарат ұсынбау немесе жалған ақпарат ұсыну тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылуы мүмкiн.