Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 қаңтардағы N 99 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2015 № 1126 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшiлердiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
1999 жылғы 20 қаңтардағы 
N 99 қаулысымен     
бекітілген       

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру
қағидасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Мәтіндегі «Сенімді», «сенімді» деген сөздер «Сенімгерлік», «сенімгерлік» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Осы Қағида мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де  нормативтік құқықтық  актілеріне сәйкес әзірленді. 

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада пайдаланылған ұғымдар:

      1) Сенімгерлік басқару - сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруға арналған шартпен белгіленген өкілеттіктің шегінде мемлекеттік қызметшінің мүддесінде немесе ол көрсеткен басқа тұлғалардың (пайда табушының) мүддесінде жүзеге асыратын, оның иелігіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін өз атынан басқару жөніндегі қызметі;

      2) сенімгерлік басқару объектілері - осы тұлғаларға заңды түрде тиесілі ақшадан, сондай-ақ мүліктік жалға берілген өзге де мүліктен басқа пайдалану кірістер алуға әкелетін, мемлекеттік қызметшіге меншік құқығымен тиесілі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы акциялары, қатысу үлестері, сондай-ақ өзге де мүлкі;

      3) сенімгерлік басқарушы - тиісті шарттың негізінде мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшінің таңдауы бойынша кез-келген адам.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мемлекеттiк қызметшi заңдардың талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенімгерлік басқарушыға берiлетiн құқықтық күштiң көлемiн айқындайды.

      3. Мемлекеттiк қызметшiнiң сенімгерлік басқаруға берiлген мүлiктен кiрiс алуға құқығы бар. 

  2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік
басқаруға берудiң негiздемесi мен тәртiбi

      4. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқару:

      1) мәмiлелердiң;

      2) әкiмшiлiк актiнiң негiзiнде пайда болады (құрылады). 

      5. Мемлекеттiк қызметшi қызметке кiрiскеннен кейiн бiр айдың iшiнде мемлекеттік қызметтi атқару уақытына осы Қағиданың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сенімгерлік басқаруға береді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Мемлекеттік қызметші мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі нотариалды куәландырылған  күнінен бастап он күн мерзімде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шартты бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орны бойынша кадр қызметіне бір ай мерзімде хабарлайды, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін бір ай мерзімде  осы Қағидада белгіленген тәртіппен шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне беріп, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      8. Мүлікті сенімгерлік басқаруға арналған шарт мерзiмiнiң аяқталуы, оның қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасасу туралы одан кейiнгi кез-келген ақпаратты мемлекеттік қызметші көрсетілген оқиғалар орын алғаннан кейін бір ай ішінде жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне ұсынады.
      Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қайтадан жасалған кезде оның нотариалды куәландырылған көшірмесі осы Қағидада белгіленген тәртіппен жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның кадр қызметіне беріледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 508 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Мүлкiн сенімгерлік басқаруға беретiн мемлекеттiк
қызметшi құқықтарының кепiлдiктерi

      9. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға беруiне қатысты мәлiмет жариялауға жатпайды және мемлекеттiк органдардың қызметтік ақпаратын құрайды.
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.27. N 958 қаулысымен. 

      10. Осы мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайда болады.

4. Қорытынды ережелер

      11. Мемлекеттiк қызметшiнiң мүлкiн сенімгерлік басқаруға арналған шарттың көшiрмесi оның жеке басының iсiнде сақталады.

      12. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмыс iстейтiн жерi бойынша мемлекеттiк органның кадр қызметi ұсынылған құжаттардың сақталуы мен алынған ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Мұндай тұрғыдағы ақпаратқа кiруге мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарларына, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғасына), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен құқық қорғау органдарына рұқсат етiледi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.25 N 283 Қаулысымен.

      13. Мүлiктiң сенімгерлік басқаруға берiлгенi туралы ақпарат ұсынбау немесе жалған ақпарат ұсыну тәртiптiк жаза қолдану үшiн негiздеме болып табылуы мүмкiн.