Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі

Жаңартылған

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:

Келімбетов                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қайрат Нематұлы                  Банкінің Төрағасы, басшы

Сұлтанов                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы                министрі

Орынбаев                       - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы                Президентінің көмекшісі

Әбіқаев Нұртай                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Дауылбаев                      - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы                прокуроры

Жаңбыршин                      - Республикалық бюджеттің
Қозы-Көрпеш Есімұлы              атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
                                 комитетінің төрағасы

Досаев                         - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ерболат Асқарбекұлы              экономика министрі

Абайділдин                     - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы              Сенатының Экономикалық саясат,
                                 инновациялық даму және кәсіпкерлік
                                 комитетінің төрағасы (келісім
                                 бойынша)

Редкокашин                     - Қазақстан Республикасы
Владимир Николаевич              Парламенті Сенатының
                                 Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым
                                 комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Қарақұсова                     - Қазақстан Республикасы
Гүлжан Жанпейісқызы              Парламенті Мәжілісінің Қаржы және
                                 бюджет комитетінің төрағасы (келісім
                                 бойынша)

Киянский                       - Қазақстан Республикасы
Виктор Владимирович              Парламенті Мәжілісінің Экология
                                 мәселелері және табиғат пайдалану
                                 комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Мырзахметов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Абылай Исабекұлы                 кәсіпкерлер палатасы басқармасының
                                 төрағасы (келісім бойынша)

Аханов                         - "Қазақстан қаржыгерлерінің
Серік Ахметжанұлы                қауымдастығы" заңды тұлғалар
                                 бірлестігінің кеңес төрағасы
                                 (келісім бойынша)

Бахмутова                      - "Самұрық-Қазына" ұлттық
Елена Леонидовна                 әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
                                 басқарма төрағасының орынбасары
                                 (келісім бойынша)

Ерғожин                        - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                   министрлігі Мемлекеттік кіріс
                                 комитетінің төрағасы,

Жұмаділдаев                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әнуар Серқұлұлы                  министрлігі Қаржылық бақылау
                                 комитетінің төрағасы,

Қожамжаров                     - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қайрат Пернешұлы                 қызмет істері және сыбайлас
                                 жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
                                 агенттігінің төрағасы,

Тәжияқов                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бисенғали Шамғалиұлы             министрлігі Қаржы мониторингі
                                 комитетінің төрағасы
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911; 19.05.2015 № 2 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізсін.
      3. Комиссияға:
      1) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, кұжаттар мен өзге де материалдарды, оның ішінде тиісті лауазымды адамдардың ауызша жэне жазбаша түсініктемелерін талап ету;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды (аудиторларды) тарту;
      3) тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды адамдарының тәртіптік және өзге де жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қарау үшін ақпаратты құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу құқығы берілсін.
      4. Комиссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуының жай-күйі туралы тоқсан сайын есеп берсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
      6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев