Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 Өкімі

Қолданыстағы

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай құрамда Комиссия құрылсын:

Келімбетов                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Қайрат Нематұлы                  Банкінің Төрағасы, басшы

Сұлтанов                       - Қазақстан Республикасы
Бақыт Тұрлыханұлы                Премьер-Министрінің орынбасары -
                                 Қазақстан Республикасының
                                 Қаржы министрі

Орынбаев                       - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы                Президентінің көмекшісі

Әбіқаев Нұртай                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                 қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

Дауылбаев                      - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы                прокуроры

Түсіпбеков                     - Қазақстан Республикасы
Рашид Төлеутайұлы                Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
                                 жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
                                 (қаржы полициясының) төрағасы

Жаңбыршин                      - Республикалық бюджеттің
Қозы-Көрпеш Есімұлы              атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
                                 комитетінің төрағасы

Досаев                         - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы              Экономика және бюджеттік жоспарлау
                                 министрі

Абайділдин                     - Қазақстан Республикасы
Талғатбек Жәмшитұлы              Парламенті Сенатының Экономикалық
                                 даму және кәсіпкерлік комитетінің
                                 төрағасы (келісім бойынша)

Редкокашин                     - Қазақстан Республикасы
Владимир Николаевич              Парламенті Сенатының
                                 Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым
                                 комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Қарақұсова                     - Қазақстан Республикасы
Гүлжан Жанпейісқызы              Парламенті Мәжілісінің Қаржы және
                                 бюджет комитетінің төрағасы (келісім
                                 бойынша)

Киянский                       - Қазақстан Республикасы
Виктор Владимирович              Парламенті Мәжілісінің Экология
                                 мәселелері және табиғат пайдалану
                                 комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Мырзахметов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Абылай Исабекұлы                 кәсіпкерлер палатасы басқармасының
                                 төрағасы (келісім бойынша)

Аханов                         - "Қазақстан қаржыгерлерінің
Серік Ахметжанұлы                қауымдастығы" заңды тұлғалар
                                 бірлестігінің кеңес төрағасы
                                 (келісім бойынша)

Бахмутова                      - "Самұрық-Қазына" ұлттық
Елена Леонидовна                 әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының
                                 басқарма төрағасының орынбасары
                                 (келісім бойынша)

      2. Комиссия тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізсін.
      3. Комиссияға:
      1) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, кұжаттар мен өзге де материалдарды, оның ішінде тиісті лауазымды адамдардың ауызша жэне жазбаша түсініктемелерін талап ету;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізу үшін сыртқы сарапшыларды (аудиторларды) тарту;
      3) тиісті мемлекеттік органдардың және мемлекет қатысатын ұйымдардың лауазымды адамдарының тәртіптік және өзге де жауапкершілігі туралы мәселені шешу үшін материалдарды жіберу;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен қарау үшін ақпаратты құқық қорғау органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу құқығы берілсін.
      4. Комиссияның басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуының жай-күйі туралы тоқсан сайын есеп берсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
      6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев