1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының
принциптерi
Қазақстан Республикасының орман заңдары:
1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3) ормандардың, табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаты - артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және олардың тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында артықшылығы бар ағаштардың өсiмтал тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
3) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
4) биоқауымдастық - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң жиынтығы;
5) орман аурулары - қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
6) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - ағаштың (дiндердiң және бұтақтардың) кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
7) орманды қайта жаңғырту - сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
8) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
9) орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
10) орман зиянкестерi - орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
11) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) - ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
12) ағашы кесiлген жер - екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
13) өртең - екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
14) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр кездесу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
15) географиялық дақылдар - жаңа жағдайда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым сипатты популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
16) қала ормандары және орманды саябақтар - қалалық елдi мекен шекарасы шегiнде орналасқан және мемлекеттiк орман қорының құрамына кiретiн сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар;
17) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы - қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, мемлекеттiк орман мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзу iсiн жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталатын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын ұйым;
18) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi - мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
19) сүрекдiңдер - орман екпелерiнiң негiзгi бөлiгi болып табылатын ағаштар жиынтығы;
20) шайыр - қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
21) орманды қорғау - орманды зиянкестерден, аурулардан, антропогендiк және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiндегi, жер үстiнде және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
22) орман қорын түгендеу - орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
23) мемлекеттiк орман қорының санаты - мемлекеттiк орман қорының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бөлiнген, ерекше қорғалатын, су сақтау, санитарлық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
24) орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
25) орманды өңiр - қайсыбiр аумақта орман өсуiнiң жердiң жалпы алаңына орман өскен жердiң қатысы арқылы анықталып, процентпен белгiленетiн дәрежесi;
26) орманшылық - орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
27) орман тұқым шаруашылығы - тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
28) орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
29) орман шеберiнiң учаскесi - орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
30) орман қарау аймағы - орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын бiр бөлiгi;
31) орман питомнигi - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
32) орманның гендiк резерваты - өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяцияларының гендiк-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
33) орман ағаштары - орманның сүрiктi ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер;
34) орман иеленушiлер - мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
35) орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
36) орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
37) орман пайдаланушы - осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
38) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
39) орман өсiру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
40) орман шаруашылығы iс-шаралары - орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi кешендi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;
41) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi төмен және сапасы нашар екпе;
42) кесiлмеген ағаш - кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
43) орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
44) қалыпты екпе - өнiмдiлiгi жоғары және орташа, орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында сапасы жақсы және орташа екпе;
45) ормандану - ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiрiп шығару немесе орманның табиғи түрде өсiп шығуы;
46) аса бағалы орман алаптары - тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей орман; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функцияларын орындайтын орман;
47) орманның аса қауiптi зиянкестерi - жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
48) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды мөлшерлей отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш алқабында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
49) ормандарды күзету - орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
50) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер - өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
51) артықшылығы бар ағаш - өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы, дәл сондай орман өсiру жағдайында өзiмен қатар айналасында өсiп тұрған ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық-құндылық белгiлерi және қасиеттерi жағынан айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
52) артықшылығы бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
53) өскiн - орман арасындағы немесе ағашы кесiлген жерде қалған, көтерiлiп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды сүрек ағаштардың жас түптерi;
54) сөл алу - ағаштардың дiңдерiнен шайыр, шырын алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
55) ормандағы өрт қаупi мол маусым - климат және ауа райы факторларын негiзге алып орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
56) орман қорын пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
57) тұрақты орман тұқым базасы - тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
57-1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы тексеру (бұдан әрi - тексеру) - орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдары лауазымды адамдарының, орман иеленушiлердiң, орман пайдаланушылардың және өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын iс-әрекетi;
58) алаңқай жерлер - ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң қалдықтары сақталған орман алаңы;
59) орман соқпағы - орман шаршыларының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
60) тексеру кезеңi - орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
61) селдiреу - жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, өзi өсiп шыққан сүрекдiңдер;
62) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
63) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпе ағаштарын, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да қасиеттерiнен айырылған екпе ағаштарды қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу - жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
65) санитарлық мақсатта ағаш кесу - орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
66) орманның санитарлық жай-күйi - қоқыстану, солып қалған және қураған ағаштар туралы мәлiметтердi, зиянкестер санының және орман ауруларының таралу жылдамдығын, орманның жағдайына керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторларды қамтитын жай-күйiнiң сипаттамасы;
67) ағаш және бұта тұқымдарының селекциясы (орман селекциясы) - табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе орман тұқымдарының шаруашылық және өзге де құндылығы бар түрлерi мен сорттарын қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
68) орманды (кеспеағашты) мөлшерлеу - орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
69) мемлекеттiк орман қоры алқабы - орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру мен орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
70) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
71) усадьба - ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
72) зияндылықтың экономикалық шегi - орман зиянкестерiнiң орман ресурстарына келтiрген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн тығыздығы.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi
1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.
2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.
2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.
3. Мемлекеттiк орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;
2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.
4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған, енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер жатады.
5. Орман қорына:
1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;
2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.
7-бап. Орман қорына меншiк құқығы
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.
2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.
3. Жекеше орман қорының жерiне Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсiрiлген жерлер жатады.
4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.
5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.
6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының жер және азаматтық заңдарымен айқындалады.
9-бап. Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттерi
1. Орман ресурстары сүрек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан, қосалқы сүрек ресурстарынан, жабайы өсетiн жемiстерден, жаңғақтардан, саңырауқұлақтардан, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттан, орман қорында болатын, жинақталатын және өндiрiлетiн өзге де өсiмдiк пен мал өнiмдерi қорынан тұрады.
2. Орманның өсiп тұрған кезiнде өзiне тән экологиялық және әлеуметтiк мәнi бар функциялары (оттегiн бөлiп шығару, көмiр қышқыл газын бойына сiңiру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары қабатындағы ылғалды iшкi қабатына тарту, бальнеологиялық және климат реттеушiлiк қасиеттерi) оның пайдалы қасиеттерiне жатады.
10-бап. Орман құқығы қатынастарының субъектiлерi
Ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыруды, орман өсiру мен (немесе) орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар орман құқығы қатынастарының субъектiлерi болып табылады.
2-бөлім. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
және бақылау
3-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару
11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге
асыратын мемлекеттiк органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары органдар кiредi.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орман
қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттiк орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттiк заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттiк жер қоры учаскелерiн бередi;
4) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiндегi бағдарламаларды бекiтедi;
5) мемлекеттiк орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;<*>
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрiктi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiн бекiтедi;
7) өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерiнiң енiн белгiлеу тәртiбiн айқындайды;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман орналастыру тәртiбiн айқындайды;
9) түбiрiмен босатылатын сүрек төлемақысының базалық ставкаларын бекiтедi, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысын есептеу тәртiбi мен оны бюджетке енгiзу мерзiмiн айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi жинау көлемiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзу арқылы келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеудiң базалық ставкаларын бекiтедi;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi нормалар мен нормативтердi бекiтедi;
13) ағаштардың қурауы мен құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
14) <*>
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
13-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық
органдарының орман қорын күзету, қорғау,
пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман
өсiру саласындағы құзыретi
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттiк орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi жөнiнде бағдарламалар әзiрлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
3) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын, өзiнiң функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi; <*>
4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттiк орман қоры аумағында есептi кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын, шайыр, ағаш шырынын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, орманды жанама пайдалану ережелерiн бекiтедi;
7) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiндегi тендерлердiң материалдарын және шарттардың талаптарын келiседi;
8) орман қорының бiрыңғай мемлекеттiк есебiн, бiрыңғай мемлекеттiк орман кадастрын, ормандардың бiрыңғай мемлекеттiк мониторингi мен орман орналастыруды жүргiзедi;
9) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен бiрлесiп ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар әзiрлейтiн өртке қарсы iс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қатынастары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) ұйымдар және жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
14) облыстық атқарушы орган өкiлiнiң қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
16)
алып тасталды
2. Уәкiлеттi органның аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар):
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру мәселелерi бойынша бағдарламалар әзiрлеуге және оны орындауға қатысады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, уәкiлеттi органның қарауындағы ғылыми, тәжiрибелiк-өндiрiстiк және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды реттейдi;
3) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер арқылы мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
4) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, орман орналастыру мен орман шаруашылығының жоспарлануын қамтамасыз етедi;
5) ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды тоқтата тұрады, шектейдi және тоқтатады;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
8)
алып тасталды
3. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз құзыреттерi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының орман
қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
2) аумақтық органдармен келiсе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, ормандардың молықтырылуы, орман өсiру және орман пайдалану мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарайды.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
15-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
орман қорын
күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру
мен орман өсiру
саласындағы құзыретi
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
1) уәкiлеттi органмен келiсе отырып орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеп, оларды iске асырады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
3) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, iске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасайды;
7) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
12) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
13) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
14) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15)
алып тасталды
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Ескерту. 16-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Ескерту. 17-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
18-бап. Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесiнiң
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы функциялары
Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - орман мекемесi):
1) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды орындауға қатысады;
2) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, тұрақты орман тұқымдары учаскелері мен орман тұқымдары плантацияларын күтiп-ұстау, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу мен сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындайды;
3) орман орналастыру жобаларына сәйкес орман пайдалану орындары мен олардың көлемiн айқындайды;
4) орман ресурстарын тендерге қою үшiн материалдар әзiрлейдi;
5) орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
6) орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн бередi;
7) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнiнде iс-шаралар қабылдайды;
8) орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзедi, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
9) Қазақстан Республикасының орман және азаматтық заңдарына сәйкес, аяқталған объектiлер мен орман пайдаланушылардың орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзуi нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдi қабылдауды жүзеге асырады;
10) отырғызылатын материалды өсiру мен орман тұқымдарын дайындау, көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге екпелердi өсiру, орман шаруашылығы саласында консультациялық және техникалық көмек көрсету, оқу практикасын жүргiзу жөнiндегi, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатысу арқылы жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызмет көрсетедi;
11) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу мен санитарлық мақсатта кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асырады және осы ретте алынған өнiмдердi, оның iшiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен олардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда ағаш кесудi жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылған ағаш кесу билетi арқылы дайындалған сүректi өткiзедi;
12) <*>
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4-тарау. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-бап. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне,
қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың
молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк
бақылау
1. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
2. Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
3. Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:
1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарды растайтын мемлекеттiк орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бiр реттен аспайтындай етiп;
3) мемлекеттiк орман қорындағы орман өрттерi фактiлерi бойынша;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша;
5) жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетiлген мерзiмде бақылау мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
20-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында
мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi
және аумақтық органдардың лауазымды адамдары
1. Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.
2. Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.
3. Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
4. Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
5. Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.
6. Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.
7. Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.
8. Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.
21-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге
асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың
лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының:
1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi, сондай-ақ орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру мен жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде жазбаша нұсқау беру;
2) мемлекеттiк орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге тексерулер жүргiзу үшiн белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктерiн көрсете отырып, ұйымдарға кедергiсiз кiру;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қою;
6) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу, ал қажет болған жағдайларда құқық қорғау органдарына оларды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн материалдар беру құқығы берiледi.
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және аумақтық органдардың лауазымды адамдары:
1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;
1-1) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитарлық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шарттардың сақталуын және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртiбiн;
3) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;
4) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң су басудан, қоқыстанудан, ақаба сулар мен шаруашылық әсерiнiң басқа да түрлерiнен қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;
5) сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;
5-1) кеспеағаш аймағын бөлiп беру бойынша жұмыстарды тексерудi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы режимдердiң сақталуын;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарын аудандастыру ережелерiнiң сақталуын, орман тұқымдарын дайындауды, сақтауды, өңдеудi және олардың сапасын, питомник шаруашылығын жүргiзудi;
8) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң сақталуын;
9) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;
10) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат берiледi.
4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешекпен және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
21-1-бап. Орман қорының жай-күйiне, оны күзетуге,
қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға
және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды
жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және
аумақтық органдардың лауазымды адамдарының
тексеру актiлерi
1. Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргiзiлген мемлекеттiк бақылаудың нәтижесi бойынша орман қорының жай-күйiне, күзетуге, қорғауға, оны пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық органдардың лауазымды адамдары мына актiлердi:
1) тексеру жүргiзу нәтижелерi жөнiндегi актiнi;
2) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы;
3) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасының талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманы;
4) мынадай:
Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кiнәлi адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейiн уақытша сақтау үшiн алынған орман ресурстарын, көлiк құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулыларды шығарады.
Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
22-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман
иелену құқығымен беру
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
2. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен:
1) мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн биосфералық түрлерiн қоса алғанда мемлекеттiк табиғи қорықтарға, мемлекеттiк табиғи қорық-сепортерлерге, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк табиғи саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарға (бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады.
4. Орман иелену құқығы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган беретiн тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiмен куәландырылады.
23-бап. Жекеше орман иелену құқығының туындауы
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың оларға Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды.
24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары
Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi қоспағанда, осы Koдекстe белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) аумақтық органдармен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру құқығы бар.
25-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң құқықтары
Жекеше орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету;
2) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
3) жобалық және техникалық құжаттамаға сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жеке орман қоры учаскелерiнде құрылыстар мен ғимараттар, оның iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi дайындаған өнiмдi және оны өткiзуден түскен табысты меншiктену құқығы бар.
26-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Мемлекеттiк орман иеленушiлер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығын жүргiзуге;
2) ормандардың молықтырылуын, күзетiлуiн, қорғалуын, санитарлық жай-күйiн жақсартуды және күтiп-бапталуын, олардың өнiмдiлiгiнiң, қорғаныштық және өзге де пайдалы қасиеттерiнiң артуын, орманның көп мақсатқа ұтымды пайдаланылуын ұйымдастыруды, орман орналастыруды, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң есебiн жүргiзудi, сондай-ақ табиғи-қорық қорлары объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының ресурстық әлеуетiн пайдалануға;
4) орманның орта құрайтын және ортаны қорғайтын функцияларының сақталуын, сондай-ақ екпелердi, дәрi-дәрмектiк, тағамдық және техникалық шикiзатты дер кезiнде қалпына келтiру жағдайларын қамтамасыз ететiн экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жұмыс жүргiзуге, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi өзге де талаптарды орындауға;
5) мемлекеттiк орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, өрт қауiпсiздiгi мен орман пайдалану ережелерi бұзылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқа да бұзушылықтың алдын алуға, оны дер кезiнде байқап, жолын кесуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
6) орман пайдаланушылар өртке қарсы күрес iс-шаралары жоспарларын әзiрлеген кезде оларға жәрдем көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге міндетті.
27-бап. Жекеше орман иеленушiлердiң мiндеттерi
Жекеше орман иеленушiлер:
1) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде көзделген экологиялық жағынан оңтайлы тәсiлдермен және әдiстермен жүргiзуге;
2) өздерiнiң меншiгiндегi ормандарды күзетудi, қорғауды, ормандардың санитарлық жай-күйiн жақсартуды және оларды күтiп-баптауды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды табыс етуге;
4) өздерiнiң меншiгiндегi немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы жекеше орман қоры учаскелерiнiң өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етуге, ормандағы өрттердi сөндiру, орман зиянкестерi мен орман ауруларына қарсы күрес жөнiндегi қажетті шараларды қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өздерiнiң меншiгiндегi жекеше орман қоры учаскелерiнде ормандағы өрттердi және олардың зардаптарын тiркеудi жүргiзуге мiндеттi.
28-бап. Орман иелену құқығының тоқтатылуы
1. Мемлекеттiк орман иелену құқығы:
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда;
2) мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының
жер туралы
заң актiсiнде белгiленген тәртiппен мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтатылады.
29-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану құқығының туындауы
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.
3. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады.
4. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
5. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн.
6. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы ресiмделедi.
30-бап. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану құқығының туындауы
Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
31-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттiк орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.
3. Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс.
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
32-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында мынадай талаптар:
1) орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң шекаралары;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi;
3) орман пайдалану түрлерi;
4) орман пайдаланудың көлемi (мөлшерi);
5) орман пайдалану мерзiмi;
6) орман пайдалану төлемақысының мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;
7) тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөнiндегi мiндеттерi;
8) тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығы;
9) лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi (орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыратын жағдайда);
10) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
11) Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге деталаптар көрсетiледi.
33-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ
мерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны және
оны мемлекеттiк тiркеу
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты жазбаша нысанда жасалады және ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуге жатады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.
34-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде қысқа
мерзiмдi орман пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман ресурстары қысқа мерзiмдi орман пайдалануға мемлекеттiк орман иеленушiлер беретiн орман билетi негiзiнде бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану кезiнде орман пайдаланудың:
1) жанама орман пайдалану;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалану;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары үшiн пайдалану сияқты түрлерiн ғана жүзеге асыруға болады.
35-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға
беру жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
36-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалануға рұқсаттама құжаттары
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.
2. Тендер нәтижелерi туралы хаттама, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ағаш кесу билетiн беру үшiн негiздеме болып табылады.
3. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сүрек, шайыр, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға және тасып әкетуге құқық беретiн құжат болып табылады.
4. Ағаш кесу билетi орман ресурстарының сандық және сапалық сипаттамасы, орманды пайдалану төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң мерзімдерi, орманды молықтыру талаптары мен ағаш кесу орындарын тазарту, дайындау технологиясына қойылатын орман шаруашылығы талаптары туралы мәлiметтердi, ағаш кесу билетiнiң қолданылуын тоқтату шарттарын қамтиды.
5. Ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға жыл сайын, оны беру үшiн негiздеме болған құжаттарда көрсетiлген орман пайдалану түрлерiн ғана жүзеге асыруға, белгiленген көлемде және мемлекеттiк орман қорының нақты учаскесiне арнап берiледi.
6. Шайыр және ағаш шырындарын дайындауға арналған ағаш кесу билетi орман пайдаланушыға сөл ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.
7. Мемлекеттiк орман иеленушi күтiп-баптау мақсатында кесудi және санитарлық мақсатта кесудi, жанама орман пайдалануды жүргiзген кезде ағаш кесу билетi мен (немесе) орман билетi орманшылық басшысына, ал орманшылық болмаған жағдайда - аталған ағаш кесу мен орман пайдалануды жүргiзуге жауапты лауазымды адамға жазылады.
8. Орман билетi жанама орман пайдалануды жүзеге асыруға, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар қажеттiгi үшiн пайдалануға құқық беретiн құжат болып табылады.
9. Ағаш кесу билетiнiң және орман билетiнiң нысанын, оларды есепке алудың, сақтаудың, толтыру мен берудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.
37-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман
қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге
асырған кездегi құқықтары
1. Орман пайдаланушылардың:
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде жүзеге асыруға;
2) өздерiне орман пайдалануда берiлген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалануға байланысты басқа да орман өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар орнатуға;
4) мемлекеттiк орман қорының санаттарының өзгеруi, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерiн мемлекет қажеттіктері үшiн алып қою салдарынан келтiрiлген шығындарға өтем алуға құқығы бар.
2. Орман пайдаланушылардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
38-бап. Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған
кездегi мiндеттерi
Орман пайдаланушылар:
1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетiмен, орман билетiмен белгiленген талаптарды сақтауға;
2) тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтiруiне жол бермеуге;
3) жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтiн, ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектiлердiң жай-күйiне терiс әсердi болдырмайтын немесе оны шектейтiн және жануарлар дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;
4) сүрек дайындаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлген техника мен технологияларды пайдалана отырып ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;
5) мемлекеттiк орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, өртке қарсы iс-шараларды жүргiзуге, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етуге;
6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген мерзiмдерде жүзеге асыруға;
7) мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде уәкiлеттi орган әзiрлеген және Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiретiн құралдары болуына;
8) ағашы кесiлетiн жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудiң белгiленген мерзiмi аяқталған соң кесiлмеген және дайындалған ағаш сүректерiн қалдырмауға;
9) кеспеағаш аймағын кесiлген ағаштардың қалдықтарынан сүрек дайындаумен бiр мезгiлде тазартуға;
10) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiнген учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;
11) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жұмыс аяқталғаннан кейiн оларды мемлекеттiк орман иеленушiлерге тапсыруға;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты пайдалану мақсатында ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес ағашы кесiлген орман алаңының екi еселенген мөлшерiнен астам алаңына ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;
13) ағашы кесiлген жерлерде және өздерiнiң қызметi салдарынан өскiндер жойылған, ағаш пен бұта өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебiнен жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақтылы енгiзуге;
16) ормандардың санитариялық жай-күйiн қамтамасыз ету мен жақсарту жөнiндегi ережелердi (бұдан әрi - ормандардағы санитарлық ережелер) сақтауға;
17) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;
18) мемлекеттiк орман иеленушiлердi мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн өздерiне бөлiнiп берiлген учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;
19) өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына, облыстық атқарушы органдар мен мемлекеттiк статистика органдарына орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
39-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу
негiздерi
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) орман пайдаланушы Қазақстан Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптарын бұзған;
2) орман пайдаланушы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану жүзеге асырылатын учаскелерiнде орман ресурстарының жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы нәтижесiнде олардың қоры азайған;
2) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн жағдайларда, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болатын кезеңде шектелуi мүмкiн.
3. Егер орман пайдалану құқығының шектелуiн не тоқтатыла тұруын тудырған мән-жайлар немесе жағдайлар жойылса, орман пайдалану құқығы толық көлемiнде қалпына келтiрiледi.
4. Орман пайдаланушы өзiнiң орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқығы бар.
5. Орман пайдалану құқығын шектеу немесе тоқтата тұру орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.
40-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) орман пайдаланушы орман пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан;
2) орман пайдалану мерзiмi өткен;
3) орман пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
4) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгiленген ережелерiн немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетiнде, орман билетiнде көзделген талаптарды үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған;
5) мемлекеттiк орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп соқтырған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда;
6) орман пайдалану төлемақысын енгiзудiң белгiленген мерзiмiн үнемi (екi және одан да көп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың төлемақысын белгiленген мерзiмнен кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;
7) мемлекеттiк орман қоры жерi мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң неғұрлым қатал режимi белгiленген жағдайларда тоқтатылады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және өзгедей жауапкершiлiктен босатпайды.
41-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану құқығын тоқтату тәртiбi
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:
1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының бұзылуы;
2) орман пайдаланушының жазбаша өтiнiшi;
3) ағаш кесу билетi, орман билетi қолданылуының уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы;
4) лицензияның керi қайтарылып алынуы (орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылған жағдайда) негiзiнде тоқтатылады.
42-бап. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры
аумағында болуы
1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болу тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк орман қорының санатымен, аумақтың абаттану деңгейiмен және орман пайдаланудың түрiмен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы жеке ережелермен айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың рұқсаттама құжаттарынсыз демалысын өткiзу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз қажетi үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн болуға құқығы бар.
3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағынан жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты, өзге де орман ресурстарын жинауына өз қажетi үшiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етiледi.
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын жинауына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу мүддесiне орай шектеу қойылуы мүмкiн.
5. Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ құрамында есiрткi заттар бар өсiмдiктер мен құрамында есiрткi заттар бар табиғи шикiзат жинау мен дайындауға тыйым салынады.
6. Жеке тұлғалар өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға және кеспеуге, орман ағаштарының зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының бұзылуына жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына нұқсан келмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинауға мiндеттi.
7. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау және балық аулау мақсатында болуы осы Кодекспен регламенттеледi.
43-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
шаруашылығын ұйымдастыру
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру:
1) орман орналастыру iсiн жүргiзудi;
2) мемлекеттiк орман қорын санаттарға бөлудi;
3) мемлекеттiк орман қорын алқаптар түрлерi бойынша бөлудi;
4) кесу жасын белгiлеудi;
5) кесу жүйесi мен орман ресурстарын молықтыру жүйесiн белгiлеудi;
6) орман пайдалану нормаларын белгiлеудi;
7) ормандарды күзету мен қорғау жөнiнде шаралар белгiлеудi;
8) орман селекциясы мен орман тұқым шаруашылығын жүргізуді;
9) ормандарды зерттеу, есепке алу, күзету, қорғау, молықтыру, орман өcipу, орман пайдалануды реттеу және Қазақстан Республикасының орман заңдарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өзге де құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды қамтиды.
2. Мемлекеттiк орман қорын тиiмдi күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк орман иелiктерi аумағы орманшылықтарға, орман шеберi учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлiнедi.
44-бап. Мемлекеттiк орман қорының санаттары және
орман пайдалануды шектеу режимi
1. Қазақстан Республикасындағы барлық орман су күзету, егiс-топырақ қорғау, гендiк, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және өзге де пайдалы функцияларды атқаратын қорғаныштық орман болып табылады.
2. Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына қарай мемлекеттiк орман қоры:
1) ерекше қорғалатын орман аумақтары, оның iшiнде:
биосфераралық түрлерi мен қорық-сепортерлердi қоса, мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары;
мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары;
мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары;
мемлекеттiк табиғи саябақтар ормандары;
мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары;
табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi;
орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
аса құнды орман алаптары;
жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
орман-жемiс екпелерi;
аса биiк тау ормандары;
2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi;
3) қала ормандары мен орманды саябақтар;
4) елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;
5) эрозияға қарсы ормандар;
6) өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым салынған орман белдеулерi;
7) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
9) егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған және салынып жатқан темiр жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, темiр жол төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегiндегi орман және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегiндегi орман жатады.
4. Мемлекеттiк орман қоры санаттарында орман пайдалануды шектеудiң мынадай режимдерi белгiленедi:
1) қорық режимi - осы Кодексте айтылған жағдайларды қоспағанда, орман пайдаланудың барлық түрлерiне, оның iшiнде ағаштарды кесуге тыйым салынады;
2) тапсырыс режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға, шөп шабу мен мал жаюға тыйым салынады;
3) шектеулi шаруашылық қызметiнiң режимi - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге (ағаш кесудiң өзге де түрлерi осы Кодексте айтылған жағдайларда ғана жүргiзiлуi мүмкiн), шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға тыйым салынады.
45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу,
бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру,
сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу
1. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ орман пайдалануға тыйым салынатын немесе ол шектелетiн ерекше қорғаныштық учаскелерге бөлiнуi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде орман орналастыру материалдары және (немесе) арнайы зерттеулер негiзiнде оның экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық маңызына қарай жүргiзiледi.
2. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды, сондай-ақ бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк орман қорында, осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетiлген санаттарды қоспағанда, орман пайдаланудың шектеулi режимiмен ерекше қорғаныштық учаскелер бөлiнуi мүмкiн.
Ерекше қорғаныштық учаскелер басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу ережелерiне сәйкес орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер кезiнде бөлiнедi.
46-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу
жасын белгiлеу
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кесу жасы ормандардың маңызы мен өнiмдiлiгi, олардың атқаратын функциялары, ағаш және бұта тұқымдастарының биологиялық ерекшелiктерi, сондай-ақ сүректiң мақсатты пайдаланылуы негiзге алына отырып айқындалады.
2. Кесу жасын негiздеу орман орналастыру кезiнде немесе ғылыми зерттеулер нәтижелерi бойынша жүргiзiледi.
3. Кесу жасын бекiтудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
47-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi
кеспеағаш аймағы
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспе ағаш аймағы - басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындаудың орман орналастыру кезiнде орманды үздiксiз және сарқылмайтындай етiп пайдалану принципi негiзге алына отырып, әрбiр мемлекеттiк орман иелiгi бойынша тексеру кезеңiне белгiленетiн жыл сайынғы нормасы.
Республиканың бүкiл аумағы және оның жекелеген облысының аумағы үшiн есептi кеспеағаш аймағы жекелеген мемлекеттiк орман иелiктерiнiң есептi кеспеағаш аймағының жиынтығы ретiнде айқындалады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi есептi кеспеағаш аймағын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бекiтедi және ол орман орналастыру жұмыстары аяқталған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген жағдайда, есептi кеспеағаш аймағы осы учаскелер үшiн, қажетiне қарай уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен белгiленуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк орман қорының шекарасы мен жай-күйi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасы, мемлекеттiк орман қорының қорғаныштық санаты өзгерген кезде есептi кеспеағаш аймағына өзгерiстер енгiзiледi.
Мемлекеттiк орман қоры учаскесiнде өзгертiлген есептi кеспеағаш аймағын бекiтудi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган жүргiзедi.
48-бап. Мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрлерi
Мемлекеттiк орман қорының құрамы:
1) орман алқаптарына (орманды алқаптар; орманның жинақталмаған ағаштары; арнайы мақсаттағы плантациялар, орман питомниктерi, сондай-ақ ағаш өспеген алқаптар - ағашы кесiлген, өртең, алаңқай, селдiр ормандар);
2) ағаш өспеген алқаптарға (ауыл шаруашылығы алқаптары, жолдар, орманның шаршы соқпақтары, өртке қарсы жыртылған жерлер, усадьбалар, сулар, батпақтар, мұздақтар, құмайт жерлер және мемлекеттiк орман қоры құрамындағы басқа да алқаптар) бөлiнедi.
49-бап. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман
пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану
үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман
алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру
1. Орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн мемлекеттiк орман қорындағы орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыруды орман орналастыру немесе арнайы зерттеулер материалдары негiзiнде аумақтық орган жүргiзедi.
Алаңқай жерлер топырақ зерттеу және орман орналастыру материалдары бойынша орман өсiруге жарамсыз деп танылған жағдайларда ағаш өспеген алқаптарға айналдырылуы мүмкiн.
2. Аумақтық органның орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты мақсаттарда орманды алқаптарды ағаш өспеген алқаптарға айналдыру туралы шешiмiнде учаскенiң орналасқан жерi, оның көлемi, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды жүзеге асырудың мақсаты мен мерзiмi, атқаруға рұқсат етiлген жұмыстардың тiзбесi, ағаш өспеген алқапқа айналдыру мерзiмi аяқталғаннан кейiнгi осы учаскенi жаңғырту жөнiндегi iс-шаралар көрсетiледi.
50-бап. Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген
алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру
Мемлекеттiк орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыруды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк орман иеленушi жүргiзедi.
51-бап. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын
жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа
санаттардағы жерге ауыстыру және (немесе)
мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет қажетiне
алып қою
1. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыруды және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет қажетiне алып қоюды Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет қажетiне алып қойған кезде, ағаш өспеген алқапқа айналдыруды және (немесе) алып қоюды өз мүддесi үшiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы мен шығындардың орнын толтырады.
3. Мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты eмec мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстырған және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн мемлекет қажетi үшiн алып қойған кезде осы жерлердегi екпелердi сақтау немесе кесу туралы және кесiлген жағдайда алынатын сүректі пайдалану туралы мәселе бiр мезгiлде шешiледi.
52-бап. Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты
пайдаланылуын өзгерту
Жекеше орман қоры жерiнiң мақсатты пайдаланылуын өзгерту Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жүргiзiледi.
53-бап. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына
әсер ететiн объектiлер салынатын орындарды
келiсу
1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.
2. Кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа объектiлердi орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйiне әсер ететiн жаңа технологиялық процестердi енгiзген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсiптiк және коммуналдық-тұрмыстық шығарындылардың, қалдықтардың және төгiндiлердiң жағымсыз әсерiнен сақтауды қамтамасыз ететiн iс-шаралар көзделiп, жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардың жай-күйiне зиянды әсердi болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген кәсiпорындарды, цехтарды, көлiк жолдары мен басқа да объектiлердi пайдалануға беруге тыйым салынады.
54-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын
жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес
жұмыстарды жүргiзу
1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша облыстық атқарушы органның шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Облыстық атқарушы органның шешiмiнде жүргiзiлетiн жұмыстардың атауы, оларды орындаудың мерзiмдерi мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi экологиялық талаптар көрсетiледi.
5-бөлім. Орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік
есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман
мониторингі
1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды.
Орман орналастыру кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорының шекарасын және мемлекеттiк орман иелiктерiнiң шаруашылық iшiнде ұйымдастырылуын анықтау;
2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттiк орман қорын арнайы картаға түсiру;
3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;
4) табиғат-қорық қоры объектiлерiн, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу, өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, суландыру, күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртiбi мен тәсiлдерiн анықтау;
6) мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызуды негiздеу, мемлекеттiк орман қорын бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн алқаптар түрiне жатқызу және оларды негiздеу;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде есептi кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мөлшерiн, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасын анықтау;
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларының көлемiн анықтау;
9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану мөлшерiн анықтау;
10) орманды биологиялық зерттеулер;
11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау;
12) орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау;
13) өзге де орман орналастыру жұмыстары жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде мемлекеттiк орман қорының шекарасын белгiлеуге, ормандарды түгендеуге және орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлауға байланысты орман орналастыру мемлекеттiң монополиясына жатады.
3. Орман орналастыру материалдары мемлекеттiк орман қоры жерiнiң шекарасын белгiлейтiн және нақтылайтын кезде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылады.
56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі
1. Орман орналастыру уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
2. Мемлекеттiк орман қоры аумағына орман орналастыруды уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттiк орман орналастыру ұйымдары жүргiзедi.
3. Орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте белгiленген тәртiппен бекiтiлген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.
57-бап. Мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман
орналастыру жобалары
1. Мемлекеттiк орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен мемлекеттiк орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi әзiрленедi.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттiк орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын уәкiлеттi орган бекiтедi және олар орман шаруашылығын жүргiзу, оның ағымдағы және болашақтағы дамуын жоспарлау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер болып табылады.
3. Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
58-бап. Орман қоры туралы ақпарат
1. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және уәкiлеттi орган және (немесе) оған ведомостволық бағыныстағы ұйымдар өз функцияларын жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.
2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттiк меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес анықтайды.
9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік
орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі
59-бап. Орман қорының мемлекеттiк есебi
1. Орман қорының мемлекеттiк есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Мемлекеттiк орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттiк табиғи орман ескерткiштерi солардың құрамында есепке алынады.
Орман қорының мемлекеттiк есебiнiң деректерi мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.
2. Орман қорының мемлекеттiк есебi көрсеткiштерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ тиiстi құжаттардың нысандарын статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен уәкiлеттi орган айқындайды.
60-бап. Мемлекеттiк орман кадастры
1. Мемлекеттiк орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттiк орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.
2. Мемлекеттiк орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттiк орман қоры жерiн алып қою, орман пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.
3. Мемлекеттiк орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
61-бап. Мемлекеттiк орман мониторингi
Мемлекеттiк орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану, ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттiк басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.
62-бап. Мемлекеттiк орман қорын күзету мен
қорғау мiндеттерi
Мемлекеттiк орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi:
1) ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
2) мемлекеттiк орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;
3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiн күзету;
4) орман пайдаланушылардың сүрiктi түбiрiмен босату ережелерiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;
5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;
6) биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;
7) мемлекеттiк орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;
8) мемлекеттiк орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер болып табылады.
63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi
іс-шараларды жүзеге асыру
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. <*>
2. Ормандарды өрттен қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган бекiткен, ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiмен регламенттеледi.
3. Ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге тыйым салынады.
4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргiзуге шектеу қояды. <*>
5. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
64-бап. Орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк
өрт қадағалау
1. Орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалау Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органының уәкiлеттi органмен және (немесе) тиiстi облыстың облыстық атқарушы органымен жасаған келiсiмiмен регламенттеледi.
2. Мемлекеттiк орман қорының аумағында жұмыс iстейтiн және болатын орман пайдаланушылар, өзге де жеке және заңды тұлғалар ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
65-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi
авиациялық жұмыстар
1. Ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстарды осы салада маманданған ұйымдар, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатысуға құқығы бар мемлекеттiк мекемелер жүзеге асырады.
2. Орман қорын күзету мен қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар туралы epeжені азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Ормандарды өрттен күзету жөнiндегi авиациялық жұмыстарды орындау үшiн осы салада маманданған ұйымдарды мемлекеттiк метеорологиялық қызмет қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етедi.
66-бап. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiнiң
орман қорын күзетуге қатысуы
1. Орман қорын өрттен күзетуге, олардың алдын алу мен сөндiруге қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерi қатыса алады.
2. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бiрлестiктерiн құру мен олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
67-бап. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi
мен ауруларынан қорғау
1. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттiк орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:
1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;
2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;
3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөнiндегi жер бетiндегi және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;
4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды.
3. Мемлекеттiк орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралар уәкiлеттi орган бекiтетiн, ормандардағы санитарлық ережелермен регламенттеледi.
68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктердiң
орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз
етуге қатысуы
Жеке тұлғалар мен қоғамдық бiрлестiктер орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатысады.
69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
орман күзетi
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi - мемлекеттiк орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттiк орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:
1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;
3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;
5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.
3. Мемлекеттiк орман күзеті мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде:
1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттiк органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;
3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;
4) мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;
5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзуге мiндеттi.
6)
алып тасталды
4. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.
5. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нысанды киiм-кешекпен, қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.
6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.
7. Мемлекеттiк орман күзетiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Мемлекеттiк орман күзетi туралы
ережемен
анықталады.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды
адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
71-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру мақсаттары
1. Ормандарды молықтыру мақсаты мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген, өртелген және бұрын орман өскен өзге де аумақтарында орманды уақытында қалпына келтiру, ормандардың тұқымдық құрамын жақсарту, олардың өнiмдiлiгін арттыру, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Орман өсiру мақсаты бұрын ағаш өспеген аумақтарда екпелер отырғызу болып табылады.
72-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
ормандардың ресурстық және экологиялық
әлеуетiн арттыру
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн арттыру ағаш кесудiң ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты тұқым базасын жасау мен оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитарлық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жол салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетiн көтеру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.
73-бап. Ормандарды молықтыру мен орман өсiру
жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру жөнiндегi iс-шаралар орман өсiру жағдайы мен экономикалық мақсатқа сәйкестiгi ескерiле отырып, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып, неғұрлым қысқа мерзiмде өнiмдiлiгi жоғары және төзiмдi екпелер жасауды қамтамасыз ететiн әдiстермен жүргiзiлуге тиiс.
2. Мемлекеттiк орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстар көлемi орман орналастыру және осы салаға маманданған басқа да жобалау-iздестiру ұйымдары әзiрлеген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Жекеше орман қоры жерлерiнде орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
74-бап. Жердi орман мекемелерiне орман өсiру үшiн беру
Республика аумағының оңтайлы ормандануын, өзендер, су айдындары жағалауларының желектенуiн қамтамасыз ету үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда орман мекемелерiне мемлекеттiк орман қоры жерiнiң құрамына өзге санаттағы жерлер, бiрiншi кезекте ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жарамсыз (сайлар, жыралар, құмдауыттар, басқа да тозған жерлер) жерлер, сондай-ақ босалқы жерлер берiлуi мүмкiн.
Аталған жерлердi орман мекемелерiне беру Қазақстан Республикасының
жер туралы
заң актiсiне сәйкес жүзеге асырылады.
75-бап. Орман флорасы мен фаунасын жерсiндiру
1. Орман биоқауымдастықтарында өсiмдiктер мен жануарлардың түрлерi мен нысандарын қалпына келтiру және молықтыру жергiлiктi байырғы флора мен фаунаның ең жақсы тұқымдарын қайта жерсiндiру жолымен жүргiзiледi.
2. Орман биоқауымдастықтарына жерсiндiру уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Өсiмдiктердiң негiзгi байырғы түрлерiне зиянын тигiзетiн өсiмдiктер түрлерiн жерсiндiруге тыйым салынады.
76-бап. Орман тұқым шаруашылығының мiндеттерi
Орман тұқым шаруашылығының негiзгi мiндеттерi орманды молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi жұмыстарды бағалы тұқым қуалаушылық қасиеттерi бар және себу сапасы жоғары тұқымдармен қамтамасыз ету, селекциялық-гендiк негiзде тұрақты орман тұқым базасын қалыптастыру болып табылады.
77-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi
тұрақты орман тұқым базасы
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi тұрақты орман тұқым базасы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы:
1) орман тұқымы плантациялары;
2) тұрақты орман тұқым учаскелерi;
3) артықшылығы бар екпелер объектiлерiн қамтиды.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тұрақты орман тұқым базасын жасау ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған тұқымдар мен отырғызу материалдарына қажеттiлiктiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi аттестаттау мен есепке алуды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.
4. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлердi қалыптастыру, оларды мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде пайдаланудың режимiн белгiлеу орман орналастырушы және осы салада маманданған басқа да жобалау-iздестiру және ғылыми ұйымдар әзiрлеген, мемлекеттiк-экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
78-бап. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi анықтау мен құру орман өсiмдiктерiнiң гендiк қорын кепiлдi сақтау, тұқым қуалаушылық қасиеттерiн бағалау, орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін неғұрлым келешегі бар тұқымдар түрiн iрiктеп алу үшiн жүзеге асырылады.
2. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлерге:
1) артықшылығы бар ағаштар;
2) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары;
3) географиялық дақылдар;
4) популяциялар мен будандардың сынақ дақылдары жатады.
3. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады және құрылады.
4. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлердi күзетудi мемлекеттiк орман иеленушiлер жүзеге асырады.
79-бап. Орман тұқымын аудандастыру
1. Орман тұқымын аудандастыру ғылыми-зерттеу талдамалары негiзiнде белгiленедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Ормандарды молықтыру мен орман өcipу үшiн тұқымдар мен отырғызу материалдарын пайдалану, олардың орнын ауыстыру уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Орман тұқымдары мен отырғызу материалдарын орман тұқымын аудандастыру талаптарын бұза отырып егуге және пайдалануға тыйым салынады.
80-бап. Орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау
және пайдалану
1. Орман тұқымдарын дайындау тұрақты орман тұқым базасы объектiлерiнде жүзеге асырылады, ал олар жетiспеген жағдайда қалыпты екпелерде дайындауға жол берiледi.
2. Орман тұқымдарын кемiстiгi бар екпелерде және кемiстiгi бар ағаштардан дайындауға тыйым салынады.
3. Сатуға және егу үшiн пайдалануға жататын орман тұқымдарының егу сапасын, олардың мемлекеттiк стандарттарға, техникалық жағдайларға және орман тұқым шаруашылығы жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкестiгiн айқындауды уәкiлеттi органның маманданған ұйымдары жүзеге асырады.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарына сәйкестiгi тексеруден өтпеген орман тұқымдарын сату мен егуге тыйым салынады.
5. Орман тұқымдарын дайындауды, өңдеудi, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
14-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау,
пайдалану, жердің кейбір санаттарында ормандарды молықтыру
мен орман өсіру ерекшеліктері
81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету,
қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды
молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
82-бап. Қала ормандары мен орманды саябақтарда
орман пайдалану ерекшелiктерi
1. Қалалық елдi мекендердiң шекарасы шегiнде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың демалысына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткiзуге, сондай-ақ қолайлы қоршаған ортаны сақтауға арналады.
2. Қала ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
83-бап. Шекара аймақтарында мемлекеттiк орман қоры
учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi
Шекара аймақтарындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара туралы заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
84-бап. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер
пайдаланушыларға пайдалануға берiлген
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және
бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру
және пайдалану ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға ауыл және орман шаруашылықтарын кешендi жүргiзу үшiн берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш және бұта өсiмдiктерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Пайдалануына мемлекеттiк орман қоры учаскелерi берiлген жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осы Кодексте белгiленген тәртiппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргiзуге және орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзуге қатысуға мiндеттi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған ағаш және бұта өсiмдiктерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына бақылауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
85-бап. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер
пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында
орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
ерекшелiктерi
1. Басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзетудi, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлердiң Қазақстан Республикасының
жер туралы
заң актiсiнде белгiленген тәртiппен бөтен жер учаскесiн шектеулi мақсатта пайдалану (сервитут) құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының
жер туралы
заң актiсiне сәйкес, табиғи өсiп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшiн басқа меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерi арасында орналасқан мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң шекарасын бойлай енi жиырма метр болатын күзет аймақтары белгiленедi.
Күзет аймағы шегiнде мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң жай-күйiне керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады.
86-бап. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен
өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi
күзету, қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелер жердi қолайсыз табиғи құбылыстар мен антропогендiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған.
2. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өсiрiлген агроорман-мелиорациялық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған, ауыл шаруашылығына арналған жерлердегi агроорман-мелиорациялық екпелердi шаруа қожалықтары және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алуы мүмкін.
3. Агроорман-мелиорациялық екпелердiң қорғаныштық функцияларын сақтау мақсатымен орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесуге, сондай-ақ өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
87-бап. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына,
каналдарға, магистральдық құбырларға және
басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген
белдеулердегi қорғаныштық екпелердi күзету,
қорғау және пайдалану ерекшелiктерi
1. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулерде орналасқан қорғаныштық екпелер осы объектiлердi қолайсыз табиғи құбылыстардан қорғауға, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, шудың әсерiн азайтуға арналған.
2. Темiр жолдарға, автомобиль жолдарына, каналдарға, магистральдық құбырларға және басқа да желiлiк құрылыстарға бөлiп берiлген белдеулердегi қорғаныштық екпелердi, оларды өсiру жобаларына сәйкес орманды күтiп-баптау мақсатында кесуге, санитарлық мақсатта кесуге, бағалылығы төмен екпелердi, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалта бастаған екпелердi қайта жаңғыртумен байланысты кесуге және өзге де мақсаттарда кесуге жол берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған қорғаныштық екпелердi күзетудi, қорғауды және пайдалануды, осы Кодекске сәйкес, жер пайдаланушылар өздерi орналасқан жерлерде жүзеге асырады.
88-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану түрлері
1. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану түрлерi жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану орман ресурстарын алып қойып, сондай-ақ оларды алмай да жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскесi орман пайдаланудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн жүзеге асыру үшiн бiр немесе бiрнеше орман пайдаланушыға берiлуi мүмкiн.
4. Орман пайдаланудың белгiлi бiр түрлерiн жүзеге асырған кезде орман ресурстары мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану ерекшелiктерi осы Koдекске сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
89-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
пайдалану жөнiндегi қызметтi лицензиялау
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөнiндегi қызмет лицензиялануға жатады.
90-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүрек дайындаудың мынадай түрлерi:
1) толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүргiзiлетiн, басты мақсатта пайдалану үшiн;
2) аралық мақсатта пайдалану үшiн (орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитарлық мақсатта ағаш кесу және құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа қасиеттерiн жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесу, жас шыбықтарды жекелеп кесу);
3) өзге де мақсатта пайдалану үшiн (жаппай санитарлық мақсатта ағаш кесу, су тораптарының, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын тарту, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде орман алаңдарын тазарту, өтiмдi үйiндiлердi жинау, өзге де мақсаттар үшiн ағаш кесу) ағаш кесу тәртiбiмен жүзеге асырылады.
91-бап. Күтiп-баптау мақсатында және санитарлық
мақсатта ағаш кесу кезiнде мемлекеттiк орман
иеленушiнiң жергiлiктi халықтың ағашқа деген
қажетiн қамтамасыз етуi
1. Жергiлiктi халықтың ағашқа деген мұқтажы олардан өтiнiм болған кезде, күтiп-баптау мақсатында және санитарлық мақсатта ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету олардан өтiнiм болған кезде, өтеусiз негiзде мемлекеттiк орман иеленушi айқындайтын кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған өтiнiмдер күтiп-баптау мақсатында және санитарлық мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ кеспеағаш аймағынан тыс жерлердегi қоқымдарды жинауға бiр ай қалғанда тиiстi орман иесiне берiледi.
92-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген
санаттарында орман пайдалануды шектеу
1. Мемлекеттiк орман қорының "биосфералық және сепортер-қорықтарды қоса алғандағы мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары", "табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi", "орманның гендiк резерваттарын қоса алғандағы ғылыми маңызы бар орман учаскелерi", "аса құнды орман алаптары" санаттарында, сондай-ақ қорық режимiндегi мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар мен мемлекеттiк табиғи саябақтар аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттiк табиғи қорықтарды, мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтарды жасау, не аса құнды табиғи ресурстарды сақтау үшiн резервке қойылған мемлекеттiк қорық аймақтары учаскелерiнде орман пайдалануды шектеудiң қорық режимi белгiленедi.
2. Мемлекеттiк орман қорының рекреациялық пайдалану аймақтарындағы, әкiмшiлiк-өндiрiстiк мақсаттағы, келушiлер мен туристерге қызмет көрсетуге арналған шағын аймақтардағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары" және "мемлекеттiк табиғи саябақтар ормандары" санаттарында; мемлекеттiк орман қорының бұзылған ландшафтарды қалпына келтiру аймағындағы "мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының тапсырыс режимi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санатында; мемлекеттiк орман қорының "жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары", "орман-жемiс екпелерi", "aca биiк тау ормандары", "мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi", "эрозияға қарсы ормандар", "өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" және "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер", "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында орман пайдалануды шектеудiң тапсырыстық режимi белгiленедi.
3. Мемлекеттiк орман қорының шектеулi шаруашылық қызметi аймақтарындағы "мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары" және "мемлекеттiк табиғи саябақтар ормандары" санаттарында; мемлекеттiк орман қорының шектеулi шаруашылық қызметi аймағындағы "мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары" санаттарында шектеулi шаруашылық қызмет режимi белгiленедi.
93-бап. Мемлекеттiк орман қорының жекелеген санаттағы
ормандарында және таудағы ормандарда ағаш
кесу ерекшелiктерi
1. Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мемлекеттiк орман қорының "егiс-топырақ қорғау ормандары" санатының толысқан және қураған сүрекдiңдерiнде; мемлекеттiк орман қорының "өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi" санатының су жайылған жерлердегi өскiндерiнен жаңарып шығатын жапырақты сүрекдіңдерiнде жүргізіледі.
Мемлекеттiк орман қорының басқа санаттарындағы сүрекдiңдерде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге тыйым салынады.
2. Басқа мақсатта ағаш кесуге, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында аталған санаттағы ормандарында ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргiзiледi.
Мемлекеттiк орман қорының "халықаралық және республикалық жалпы маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелерi"; "халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман белдеулерi" санаттарында, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерваттардың орнықты даму аймақтары аумағындағы сүрекдiңдерде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге және олардың жүргiзiлу ережелерiне сәйкес өзге де мақсаттарда ағаш кесуге жол берiледi.
3. Мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандарында (биосфералық түрлерiн және сепортер-қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтардың, мемлекеттiк табиғи саябақтардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының қорық режимi аймақтарында, мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорық орталығы аймақтарында, мемлекеттiк орман табиғат ескерткiштерiнде және орманның гендiк резерваттарында орман қорғау iс-шараларын жүзеге асыру үшiн қажеттi санитарлық және өзге мақсаттарда ағаш кесуге ғана жол берiледi.
Аталған мақсаттарда ағаш кесу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органның рұқсатымен жүргiзiледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi таудағы ормандарда осы ормандардың қорғаныштық, эрозияға қарсы және су реттеушiлiк маңызы ескерiле отырып, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәсiлдерi қолданылады.
94-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу
кезiнде сүрек дайындау көлемi
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу тәртiбiмен сүрек дайындау есептi кеспеағаш шегiнде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi орман орналастыру материалдары бойынша, орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудiң, санитарлық мақсатта ағаш кесудiң, құндылығы төмен және қорғаныш функциясы жоғала бастаған екпелердiң құрылымын қайта жаңғыртуға байланысты ағаш кесудiң белгiленген нормаларын негiзге ала отырып анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өзге мақсаттарда ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi құрылыс объектiлерiне арнап орман алаңдарын тазарту, орман соқпақтарын тарту және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын орындау жөнiндегi жұмыстар көлемiмен анықталады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
95-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi
кеспеағаш қоры
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қоры басты мақсатта пайдалану үшiн сүрек дайындауға арналған толысқан босалқы сүрекдіңдерден құралады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi кеспеағаш қорының мөлшерi қылқан жапырақты, қатты жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша деректер бөлiп көрсетiле отырып, мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша жыл сайын бөлек белгiленедi және уәкiлеттi орган бекiтедi.
96-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр
және ағаш шырындарын дайындау
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау толысқан және қураған сүрекдiңдерде жүзеге асырылады, олар сөл алудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесуге арналады.
Толысқан және қураған сүрекдiңдер жеткiлiксiз болған кезде, сөл алу мерзiмiнiң аяқталуына қарай кесу жасына жететiн толысуға таяу сүрекдiңдерден сөл алуға жол берiледi.
Басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жоспарларынсыз аталған сүрекдiңдердi сөл алу үшiн беруге және осы сүрекдiңдерден сөл алуға тыйым салынады.
2. Екпелердiң санитарлық жай-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана олар сөл алудан мерзiмiнен бұрын босатылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шайыр және ағаш шырындарын дайындау ережесiн, сондай-ақ сүрекдiңдерден сөл алынуы мүмкiн аймақтарды уәкiлеттi орган бекiтедi.
97-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қосалқы
сүрек ресурстарын дайындау
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өнеркәсiптiк өңдеу және тұрғын халықтың қажетін қанағаттандыру үшін қосалқы сүрек ресурстарын дайындау орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылуға тиіс.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу жұмыстарын жүргiзу тәртiбiмен кесiлген ағаштардан ғана қабық және бұтақ дайындауға болады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қураған және құлаған ағаштардан қабық дайындау мемлекеттiк орман қорының бүкiл аумағында жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сыпыртқыларды, сыпырғыларды және басқа да сол сияқты заттарды өру, сондай-ақ әзiрлеу үшiн бұтақтарды ағаш кесу ережелерiмен айқындалған тәртiппен өсiп тұрған ағаштардан дайындауға жол берiледi.
98-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жанама
орман пайдалануды жүзеге асыру талаптары
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинау марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, бау-бақша шаруашылықтары, өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру орманға зиян келтiрiлмей, Қазақстан Республикасында Орманды жанама пайдаланудың уәкiлеттi орган бекiткен ережелерiнде айқындалған тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.
99-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
шөп шабу және мал жаю
1. Мемлекеттiк орман қорының шөп шабуға және мал жаюға болатын учаскелерiн орман орналастыру жобаларына немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларына сәйкес мемлекеттiк орман иеленушiлер белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман қорына кiретiн жайылымдарда бақташысыз мал жаюға шалғай, жолы қиын және халық аз қоныстанған аудандарда ерекше жағдайларда жол берiледi. Мұндай аудандардың тiзбесiн облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган бекiтедi.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ешкi жаюға арнайы бөлiнiп қоршалған учаскелерде ғана жол берiледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде шөп шабу және мал жаю ережелерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
100-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық
шаруашылығының қажетiне пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк орман қорының аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн берiлген учаскелерiнде орман пайдалану және орман шаруашылығы iс-шаралары жабайы жануарлардың мекен етуiне қолайлы орта сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
3. Ормандардағы жабайы жануарлар саны экожүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн шекте реттеледi.
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты негiзiнде берiледi.
5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.
101-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге мемлекеттiк орман иеленушiлер мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде бередi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
102-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн
мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк
және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға - шарт талаптарымен, ал қысқа мерзiмдi орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары негiзiнде берiледi.
2. Орман пайдаланушылар өздерiне берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ортасы мен табиғи ландшафтар қорғалған, ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелер сақталған жағдайда абаттандыру және халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды жүргiзеді.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
103-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман
биоқауымдастықтарының гендiк қорын пайдалану
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман биоқауымдастықтарының гендiк қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң гендiк резерваттарын, артықшылығы бар екпелер мен ағаштарды, басқа да селекциялық-гендiк объектiлердi қамтитын шектеулi пайдалану режимiндегi жеке аймақтар түрiнде аумағы жағынан бөлiнедi.
Аталған аймақтарды уәкiлеттi органның және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Орман флорасы мен фаунасының гендiк қорының өсiп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
8-бөлім. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық тетігі
17-тарау. Орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың,
ормандарды молықтыру мен орман өсірудің
экономикалық принциптері мен әдістері.
Мемлекеттік орман қорын пайдалану төлемақысы
104-бап. Орман қорын күзетудiң, қорғаудың,
пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман
өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi
Орман қорын күзетудiң, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудiң экономикалық принциптерi мен әдiстерi:
1) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
2) мемлекеттiк орман қорында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргiзудi қаржыландыру;
3) орман ресурстарын және ормандардың пайдалы қасиеттерiн ақылы түрде пайдалану;
4) ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңiрлердi ұлғайтуды ынталандыру;
6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк орман иеленушiлердiң және орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру болып табылады.
105-бап. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану төлемақысы
1. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жекелеген түрлерi үшiн алынады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысы ормандардың пайдалы қасиеттерi, орман ресурстарының сапасы мен қол жетiмдiлiгi, орман өнiмдерiнiң нарықтық бағалары ескерiле отырып белгiленедi.
4. Мемлекеттiк орман қорын пайдалану төлемақысының ставкалары, оны есептеу және оның сомаларын төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
106-бап. Қазақстан Республикасы аумағының орманды
өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру
Қазақстан Республикасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталандыру:
1) Қазақстан Республикасының
жер туралы
заң актiсiне сәйкес, босалқы жерлерден, ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер беру;
2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсiрудi ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман-мелиорациялық және өзге де қорғаныштық екпелер жасау;
3) республика экономикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнiмi жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру;
4) селекциялық-гендiк негiздегi тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндiру мен қолдануды ынталандыру;
5) орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.
107-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк
орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды
жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың
жауапкершiлiгiн сақтандыру
1. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн сақтандыру мемлекеттiк орман қорына, сондай-ақ үшiншi адамдардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне зиян келуi салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi басталған кезде олардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру олардың ерiк бiлдiруiмен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер мен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыратын орман пайдаланушылардың жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандырудың түрлерi, талаптары және тәртiбi сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы шарттармен айқындалады.
108-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен
орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау
1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi iс-шараларды ағымдағы және перспективалық жоспарлау бағдарламалар, орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларына енгiзiледi.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру осы Koдекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
109-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын
жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру
көздерi
Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2)
алып тасталды
3) орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерi мен тауарлар өткiзуiнен түскен қаражаты;
4) орман пайдаланушылардың қаражаты;
5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырмалдықтары;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен жүргiзiледi.
Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
110-бап. Мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын
жүргiзуге жұмсалатын шығыстарды бюджет
қаражатынан қаржыландыру
Бюджет қаражатынан:
1) орман орналастыру, орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi;
2) ормандарды өрттен күзету, орман зиянкестерiмен ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстары;
4) орман селекциясы және тұқым шаруашылығы, соның iшiнде тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру, орман тұқымдарын сертификаттау саласындағы жұмыстар;
5) орманның аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының және оларға қарсы күрестiң орман патологиялық мониторингiн;
6) орман мен аңшылық шаруашылықтары үшiн мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
7) орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын дайындау;
8) уәкiлеттi органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттiк органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi:
ормандарды өрттен, рұқсатсыз кесуден және Қазақстан Республикасының орман заңдарын өзге де заң бұзушылықтан сақтау, орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау;
ормандарды молықтыру мен орман өсiру;
орман шаруашылығы жолдарының құрылысы және оларды күтiп-ұстау, ормандарды өртке қарсы орналастыру;
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстары;
күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, санитарлық мақсатта ағаш кесу, кеспеағаш аймағын бөлiп беру және оларды мөлшерлеу;
ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiруге күрделi қаржы бөлу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.
Ескерту. 110-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.
N 13
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N
125
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
Ескерту. 111-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
112-бап. Орман мекемелерiнiң ақылы қызметтерiнен
түскен қаражаты
1. Орман мекемелерi:
1) жеке және заңды тұлғаларға:
отырғызылатын материалдар өсiру мен орман тұқымдарын жинау;
көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасау;
орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткiзу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнiнде ақылы қызметтер көрсетуден;
2) ормандарды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу және санитарлық мақсатта ағаш кесу, оның iшiнде тұрғын халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесу, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткiзуден қаражат түсiре алады.
2. Орман мекемелерiнiң қаражатының құралу және пайдаланылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсiруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.
113-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану,
ормандарды молықтыру мен орман өсiру
саласындағы заң бұзушылықтар
1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;
5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық ережелердi бұзу;
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;
9) орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды нысаналы мақсатқа қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттемелердi орындамау;
10) орман қоры жерлерiндегi шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру;
11) ормандар мен орман қоры жерлерiнде өз бетiнше шөп шабу мен мал жаю;
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берiлетiн дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты өз бетiмен жинау;
13) мемлекеттiк орман қорының ағашы кесiлген және ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған басқа да алқаптарында ормандарды молықтырудың тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу;
14) орман үшiн пайдалы фаунаны жою;
15) ормандарды қурап қалуға немесе ауруға ұшырататын не оларды ластайтын ақаба сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру;
16) орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, кәрiз жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру;
17) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сай келмейтiн әрекеттермен жүзеге асыру;
18) ормандардың жай-күйi мен оларды молықтыруға зиянын тигiзуге әкеп соқтыратын объектiлер салу мен оларды пайдалануға беру;
19) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш аймағын бөлiп беру мен мөлшерлеудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;
20) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде сүректердi есептi кеспеағаштардан артық мөлшерде дайындау болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн де жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
114-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдарын
бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының орман заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген
аумақтарды қайтару
1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтар оларды заңсыз пайдалану кезiнде шыққан шығындар өтелместен тиесiлi иелерiне қайтарылады. Бұл ретте мемлекетке орман иеленушi шеккен залал өтеледi.
2. Өз бетімен тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді нысаналы мақсатына сәйкес келтiру және орман алқаптарын қалпына келтiру заң бұзушылар есебiнен жүргiзiледi.
116-бап. Орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта
өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн
жауаптылық
Осы Кодекстiң 6-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа, орман қорына кiрмейтiн ағаш және бұта өсiмдiктерiн заңсыз жойғаны немесе зақымдағаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
117-бап. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман
өсiру мен орман пайдалану саласындағы
халықаралық ынтымақтастық
Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.
118-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Орман кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 45-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 46-құжат).
Қазақстан Республикасының
Президентi