"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 100/НҚ бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 177/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 100/НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 177 бұйрығымен
бекiтілген

"Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ғарыш қызметі саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 12-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі. Комитеттің қысқартылған атауы – "Қазғарыш".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;

      3) ғарыш технологиялары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

      4) Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын жасау;

      5) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау;

      6) Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алуы бойынша жұмыстарды өз құзыреті шегінде үйлестіру.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

      7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер әзірлейді;

      10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      11) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) бухгалтерлік есеп жүргізеді;

      13) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;

      14) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      15) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізеді;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың өз құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2) ғарыш қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;

      3) комитеттің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      5) ғарыш саласындағы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      6) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      12) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғарыш саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      16) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде құзырет шегінде ұсыныстар енгізу;

      17) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      18) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      19) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;

      20) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      21) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;

      22) халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;

      23) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу;

      24) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;

      26) Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

      27) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;

      28) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      29) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;

      30) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      31) ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      32) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;

      33) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;

      34) "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      35) ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;

      36) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;

      37) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;

      38) ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

      39) ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдау тәртібін әзірлеу;

      40) ғарышкерлiкке кандидаттарды iрiктеу және ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер мәртебесiн беру тәртiбiн әзiрлеу;

      41) ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, мертiгуiнiң, ауруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде, сондай-ақ ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн әзiрлеу;

      42) ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      43) ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

      44) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу;

      45) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну тәртiбiн әзiрлеу;

      46) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлеу;

      47) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін әзірлеу;

      48) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратудың тәртiбiн әзiрлеу;

      49) Ресей Федерациясы жүзеге асыратын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және\немесе зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытынды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу және олардың іске асырылуын мониторингілеу;

      50) өнімнің экспортын, реэкспортын, импортын, транзитін және қайта өңделуін келісу бойынша экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу;

      51) құзыреті шегінде рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру;

      52) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, оларға үстеме ақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүдделерін білдіреді;

      6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      7) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      8) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс береді.

      Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын:

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Акционерлік қоғамдар:

      1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

      "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Республикалық мемлекеттік мекеме:

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесі.