Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 22 тамыздағы № 911 бұйрығы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Б. Шолпақұлов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 911 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже

1 – тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.

      4. Комитеттің заңды тұлға болып табылатын республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша қазынашылық департаменттері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары жатады.

      5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқарушының бұйрықтарымен ресімделетін заңнамада белгіленген тәртіппен жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.

      7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитет функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      13. Егер Комитетке заңнамалық актiлермен кірістер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.

2 – тарау. Комитеттің мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Комитеттің міндеттері:

      1) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету;

      2) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және бекiту;

      3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;

      4) республикалық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттердің атқарылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қазынашылық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қазынашылық ақпараттық жүйелерін жетілдіру;

      5) бюджеттік есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету;

      6) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша қаржылық есептілікті шоғырландыру;

      7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік есептілікпен қамтамасыз ету;

      8) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;

      9) Комитеттің құзыреті шегінде ЕАЭО бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;

      10) Бюджеттің ақшасын басқару;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

      15. Комитеттің функциялары:

      1) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу, жүргiзу және жабу;

      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджеттің мiндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру кезінде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының (сыртқы қарыздарды, гранттар мен кредиттеуді есепке алмағанда) жобаларын тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына сәйкестігі тұрғысынан қабылдап алу және тексеру;

      3) түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық және жергілікті бюджеттердің мiндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне (бұдан әрі – ҚБАЖ) енгізу;

      4) түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына жылдық сомаларды қоса алғанда, өзгерістері мен толықтырулар енгізу;

      5) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептік деректерді тұрақты және жүйелі жеткізу бөлігінде бюджеттiк мониторингтi іске асыруға қатысу және республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша (сыртқы қарыздарды, гранттар мен кредиттеуді есепке алмағанда) уақтылы міндеттемелерді қабылдамау және төлемдерді жүргізбеу себептерін анықтау мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ақпарат жинақтау;

      6) ҚБАЖ-да Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жүргізу;

      7) ҚБАЖ-да Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығын жүргізу;

      8) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;

      9) түсімдерді әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және ЕАЭО мүше мемлекеттерге бөлу нормативтерін ҚБАЖ-да жүргізу;

      10) түсімдердің бөлінуін қайта есептеу (облыстардың мәслихаттары шешімі бойынша бөлу нормативтердің өзгеруі нәтижесінде);

      11) түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;

      12) түсімдердің сомаларын бюджеттер деңгейлерінің арасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына, кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бөлу;

      13) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан түсімдердің сомаларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;

      14) ақшалай қаражатты ЕАЭО-ның қолма-қол ақшаны бақылау шотынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндеашқан шоттарына аудару;

      15) бюджетке түсетін түсімдер бойынша есептіліктерді қалыптастыру және салыстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына есептіліктерді ұсыну;

      16) мемлекеттiк мекемелер мен квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң міндеттемелері бойынша аударым операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;

      17) түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу жөніндегі мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмаларын орындау;

      18) инкассалық өкімдердің атқарылуына қызмет көрсету;

      19) мемлекеттiк мекемелер жүргізген төлемдерді қайтару кезінде кассалық шығыстарды қалпына келтіруді жүзеге асыру;

      20) бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттiк мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      21) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт қажеттілігінің көлемін ай сайын болжамдау;

      22) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферт аудару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сомасын көрсете отырып, өтінім жіберу;

      23) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң депозиттерiне республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджеттiк ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемiн болжамдау;

      24) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу есебіне жеке тұлғалар мен мемлекеттiк мекемелердің өкілдерінен қабылданған ақшаны есепке жатқызу бойынша агенттің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу және агенттің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу бойынша республикалық бюджеттен жұмсалатын қаражатты болжамдау;

      25) ҚБАЖ-да операциялық күнді жабу (ұлттық және шетел валюталарындағы шоттар бойынша банктік үзінділерге тексеруді жүзеге асыру);

      26) шетел валютасында шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу;

      27) мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау тәртібін айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      28) бюджеттік есеп пен есептілікті күн сайын қалыптастыру;

      29) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау;

      30) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;

      31) мемлекеттік бюджеттің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау;

      32) мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуi мен жұмсалуы жоспарларының орындалуы туралы есептерді жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну;

      33) мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы деректерді дайындау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну;

      34) мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы жиынтық есептерді жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну;

      35) үкіметтік сыртқы қарыз шоттарының, байланысты гранттардың, республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру мен бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес қазынашылық органдарында ашылған сыртқы қарыз арнайы шоттарынан қаражат алуға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерін қарау және келісу;

      36) үкіметтік сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар қаражатының түсуі мен жұмсалуы жөнінде ай сайын жиынтық есептілікті қалыптастыру; Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін есепті кезеңдегі тиісті деректерді ҚБАЖ-ға енгізу: сыртқы қарыздардың игерілуі мен республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражатының жұмсалуы бойынша тоқсан сайынғы есептілікті қалыптастыру;

      37) кредиттік шарттар бойынша төлеуге жататын сыйақы сомаларын есептеу жүргізу мен республикалық бюджетке негізгі борыштың, сыйақылар мен басқа да төлемдердің тиесілі сомаларын Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына төлеу туралы қарыз алушыларды хабардар ету;

      38) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде, оның ішінде мемлекеттің мемлекет кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерін орындауымен байланысты талаптар бойынша туындайтын үкіметтік талаптардың борыштық міндеттемелерін есепке алуды қамтамасыз ету;

      39) бюджеттік кредиттер мен олардың қалдықтары бойынша қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы берешектерін өтеуі жөнінде ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және осы ақпаратты тиісті пайдаланушыларға нәтижелерді бағалау және мониторинг жүргізу үшін ұсыну;

      40) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен міндеттемелерді өндіріп алу жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру;

      41) Үкіметтік қарыздық міндеттемелерді орындау жөнінде алдағы айға талап етілетін көлемде шетел валютасының қажетті сомасын сатып алу туралы ақпаратты келісу және болжамды төлем кестесін құрастыру және бекіту;

      42) мемлекеттік қарыздарды (Қаржы министрлігі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзімді ноталарын қоспағанда), мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгерлігімен берілген қарыздарды, сондай-ақ қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер мен Қаржы министрлігі жасасқан кредиттік шарттар мен оларға қосымша шарттарды тіркеу;

      43) республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы жөніндегі есептілікті және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өзге де есептілікті мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыну;

      44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті дайындау және ұсыну;

      45) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;

      46) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есепті жасау;

      47) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау;

      48) ҚБАЖ-ның төлем жүйелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      49) қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      50) қазынашылық ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      51) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын қаржылық құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігіне алдын ала және ағымдағы бақылау;

      52) мемлекеттiк мекемелердiң жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкестігін бақылау;

      53) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаны мемлекеттік мекемелер шоттарына есепке жатқызудың дұрыстығын бақылау;

      54) мемлекеттiк мекемелер ұсынатын мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, шот-фактуралардың, шот-хабарламалардың, орындалған жұмыстар актілерін, жүкқұжаттары мен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де құжаттардың және азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң бюджет заңнамасына сәйкес келуiн тексерудi жүзеге асыру;

      55) квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi ұсынатын төлем тапсырмаларына тексерудi жүзеге асыру;

      56) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуден түскен ақшаның жұмсалуы жөніндегі операциялардың жүргізілуін бақылау;

      57) шетелдік валюталарды айырбастауға, қайта айырбастауға мемлекеттiк мекемелер ұсынатын өтінімдерді, шетелдік валютада ақша аударуға берілген өтініштерді бюджет заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді жүзеге асыру;

      58) республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті өкілетті органдарының тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бюджеттiк есептiлiктерiн және жарты жылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктерін қабылдауды және тексерудi жүзеге асыру;

      59) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан алынған кеден баждарының сомалары бойынша ақпаратты салыстыруды жүзеге асыру;

      60) аумақтық қазынашылық органдарының жұмыс істеуі кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау;

      61) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көзделген бюджеттiң атқарылу тәртiбiн айқындайтын басқа да нормативтiк құқықтық актiлер бұзылуы кезiнде мемлекеттiк мекемелер төлемдерiнiң жүзеге асырылуын тоқтата тұру;

      62) бағалы қағаздардың ішкі нарығында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;

      63) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарын орындау саласында аумақтық қазынашылық органдарының қызметін үйлестіру, бюджет заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелері бойынша аумақтық органдарға тексерулер жүргізеді, сондай-ақ аумақтық органдардың өздеріне белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады;

      64) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу;

      65) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді игеруді есепке алу және олардың мониторингі;

      66) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;

      67) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Құқықтары:

      1) мемлекеттiк мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді алу, ал оларды уақтылы ұсынбаған жағдайда бухгалтерлік есептілікті сұрату;

      2) қаржылық тәртіпті сақтауға, мемлекет қаражатын мақсатқа сай және тиімді пайдалануға бағытталған ұсыныстар енгізу;

      3) бірыңғай қазынашылық шоттары болуы және теңгемен және шетелдік валютада банктік шоттары болуы;

      4) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдардан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатының түсуі (игерілуі) және жұмсалуы туралы есептер сұрату және алу;

      5) шет елдердің қазынашылық жұмыстарының тәжірибесін практикалық пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша түсімдердің болжамды көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізу;

      Міндеттер:

      7) мемлекеттік мекемелердің қаржылық құжаттарында бұзушылықтар айқындалған кезде оларды тиісті органдардың қарауына жіберу;

      8) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау;

      9) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының қызметтеріне тексеруді жүзеге асыру, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      10) мемлекеттік бюджетке қатысты және оның есебінен ұлттық және шетелдік валютада (оларды жүзеге асыруға үшінші тұлғаларға өкілеттік беру құқығынсыз), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) өткiзуінен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олар алатын, мемлекеттік мекемелер үшін, қайырымдылық көмектен түскен ақшаға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарымдылық не белгілі бір жағдайлар туындағанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен мемлекеттік мекемелерге беретін ақшаларына; квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарын ұлғайту және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына көзделген ақшаға қатысты мынадай банк операцияларын іске асыру:

      қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу, жүргiзу және жабу және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу;

      аударым операциялары: мемлекеттік мекемелердің төлеуге берілетін шоттарының, мемлекеттік кірістер органдары, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң төлем тапсырмаларының негізінде;

      аккредитив ашу, олар бойынша міндеттемелер орындау және жабу.

3 – тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      17. Комитет аумақтық органдарына басшылық етуді жүзеге асырады.

      18. Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.

      Комитет төрағасының екі орынбасары болады, оларды заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалмағаны үшін дербес жауап береді.

      21. Комитет төрағасы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары басшыларының және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады:

      Комитет қызметкерлерін;

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттері басшыларының орынбасарларын;

      Облыстар және Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармаларының басшыларын;

      Облыстар бойынша Қазынашылық департаменттері ведомстволық бақылау қызметінің басшыларын;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттері туралы, облыстар және Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары туралы ережелерді бекітеді;

      5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;

      6) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;

      7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, сыйақылар беру мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;

      8) өз құзыретінің шегінде Комитеттің құқықтық актілеріне қол қояды;

      9) заңнамаға сәйкес Комитетті барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;

      11) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Комитет төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін Комитет төрағасы айқындайтын өзінің орынбасарларының бірі атқарады.

      23. Комитет қазынашылық органдары қызметінің мәселелерін қарайтын және консультативтік-кеңес органы болып табылатын алқа құруы мүмкін. Алқаның саны мен дербес құрамын Комитет төрағасы бекітеді.

4 – тарау. Комитеттің мүлкі

      24. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптастырылады.

      25. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 – тарау. Комитеттің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы

      27. Комитеттің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 911 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 95 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13566 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Қарж министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 360 бұйрығы (2017 жылғы 13 мауысымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 768 бұйрығы (2018 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы вице- министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 209 бұйрығы (2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 403 бұйрығы (2019 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).