Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.08.2019 № 911 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес Жаңартылған БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары жатады.";
15-тармақта:
30)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"30) жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау;";
келесі мазмұндағы 30-1) және 30-2)-тармақшалармен толықтырылсын:
"30-1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;
30-2) мемлекеттік бюджеттің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын Комитет төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";
2)-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттері басшыларының орынбасарларын;";
4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттері туралы, облыстар және Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары туралы ережелерді бекітеді;";
6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлері мен облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Байгужина А.М.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін электрондық және қағаз түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |