"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 сәуірде № 13566 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 22 тамыздағы № 911 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.08.2019 № 911 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қазынашылық департаменттері туралы, облыстар және Алматы қаласы бойынша қазынашылық департаменттерінің аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қазынашылық басқармалары туралы ережелерді бекітеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.Е. Баеділов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен

      кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов