Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 19 ақпандағы № 75 бұйрығы.

Қолданыстағы

      "Нормативтік құқықтық актілер" туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ергожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберілуін;

      2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы Р.Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 75 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет төрағасының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Алкоголь өнімінің ең төменгі бағасын есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет төрағасының 1999 жылғы 18 қарашадағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 994 болып тіркелген).

      2. "Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелері мен тапсыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 537 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2675 болып тіркелген).

      3. "Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 18 наурыздағы № 133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2785 болып тіркелген).

      4. "Этил спирті және алкоголь өнімінің өндіріс төлқұжаттарын дайындауға қажет мәліметтердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қазандағы № 465 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3926 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) жарияланды).

      5. "Темекі өнімдерінің қалдықтары мен (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, ережелері мен тапсыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 537 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2007 жылғы 3 сәуірдіге № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4628 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 18 мамырдағы № 74 (1277) жарияланды).

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына 2011 жылғы 4 мамырдағы № 237 бұйрығымен бекітілген бұйрықтың өзгерістер тізілімінің 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6981 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 23 маусымдағы № 88 (2078) жарияланды).

      7. "Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7235 болып тіркелген).

      8. "Дәмін айыру комиссиясының ережесін, дәмін айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 491 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 528 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8129 болып тіркелген).