Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.02.2016 № 75 бұйрығымен.
Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу және бақылауды жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру Ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Ким Р.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға |
Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру
нөмірлерді-кодтарды беру Ережелері
Осы Ережелер заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында өндіретін және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импортталатын Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді-кодтарды беру құрылымы мен тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) темекі өнімдерінің таңбалары - темекі өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын жиынтығында заңды және жеке тұлғалар пайдаланатын, осы темекі өнімдерін тұтынушы сәйкестендіре алуына арналған тауар белгісінің элементі;
2) темекі өнімдерінің атауы - осы темекі өнімін (сигареттер, папиростар, сигаралар, сигариллалар және құрамында темекі бар өзге де өнімдер) нақты және дұрыс сипаттай алатын, оны темекі өнімдерінің басқа түрлерінен айыра білуге мүмкіншілік беруі тиіс атауы;
3) қорап - картоннан немесе басқа материалдардан жасалған, темекі өнімдерінің белгілі бір санынан тұратын тұтынушы ыдысының бірлігі;
4) жеке сәйкестендіру нөмір-коды - Қазақстан Республикасында өндірілген және тауарларды еркін айналымға шығарудың режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін темекі өнімдерінің әрбір таңбасына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН-код) және темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) тізіліміне енгізіледі;
5) тізілім - уәкілетті орган қалыптастыратын ЖСН-кодтары бойынша деректердің электрондық банкі;
6) сүзгі - сүзгілеуші мүштік;
7) шаруашылық етуші субъект (өтінім беруші) - темекі өнімдерін Қазақстан Республикасында өндіру саласында қызметті және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.
2. ЖСН-код құрылымы
2. ЖСН-кодты құру кезінде кодтаудың фасеттік жүйесі қабылданған.
ЖСН-код құрылымы мынадай сызбада ұсынылған:
ХХХХ ХХ ХХХХ ХХ
| | | |_________ Қораптағы немесе бумадағы темекі
| | | өнімдерінің саны
| | |
| | |______________ темекі өнімдерінің таңбасы
| |
| |___________________ тауарлар тобы
|
|________________________ шаруашылық етуші субъектінің коды
Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) - шаруашылық етуші субъектінің коды.
Екінші фасет (екінші топ екі саннан) - тауарлар тобы (сүзгілі немесе сүзгісіз темекі өнімдері).
Тауарларды мынадай кодтау белгіленеді:
01 - сүзгімен темекі өнімдері;
02 - сүзгісіз темекі өнімдері.
Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) - темекі өнімдерінің маркасы.
Төртінші фасет (төртінші топ екі саннан) - қораптағы немесе бумадағы темекі өнімдерінің саны.
3. ЖСН-кодтарды беру шарты мен тәртібі
3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары, "Астана - жаңа қала" бойынша салық комитеттері (бұдан әрі - салық комитеттері) темекі өнімдерінің жаңа таңбаларын айдың 1 күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей сатуды жүзеге асыруды жоспарлайтын өтінім беруші (бұдан әрі - өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін) тиісті салық комитеттерінде тіркеу есебінде тұрған шаруашылық етуші субъектілерден қораптағы (бумадағы) темекі өнімдерінің атауын, бірлік санын және сүзгінің бар-жоғын (бұдан әрі - өтінім) көрсетумен Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын темекі өнімдері таңбаларының тізбесін қоса берумен ЖСН-кодтарды беруге арналған өтінімдерді (1-қосымша) жинауды қамтамасыз етеді.
4. Шаруашылық етуші субъектілерден қабылдаған өтінімдердің негізінде салық комитеттері өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 25 (жиырма бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға ЖСН-кодтарды беруге арналған жиынтық өтінімдерді (2-қосымша) жібереді.
5. Уәкілетті органға ЖСН-кодтарды беруді оларды жиынтық тізілімге енгізу арқылы жүзеге асырады (3-қосымша).
6. ЖСН-кодтарды беру жөнінде уәкілетті орган өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей темекі өнімдерінің таңбаларының тізілімі мен оларға берілген ЖСН-кодтарды көрсетумен салық комитеттерін жазбаша хабардар етеді.
7. Салық комитеттері өтінім беруші темекі өнімдерін сатуды бастағанға дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей ЖСН-кодтарының берілгені туралы шаруашылық етуші субъектіні жазбаша хабардар етеді.
8. Темекі өнімдерінің әрбір таңбасына басқа темекі өнімдерінің түрлеріне пайдаланыла алмайтын жеке ЖСН-код беріледі.
9. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына бірнеше шаруашылық етуші субъектілер темекі өнімдерінің бірдей түрлерін импорттаған жағдайда, ЖСН-кодтар беруге арналған өтінімді шаруашылық етуші субъектілердің әрқайсысы жеке жеке береді.
Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді- кодтарды беру Ережелеріне 1-қосымша |
_______________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Салық комитеті Төрағасына
____________________________
(шаруашылық етуші субъектінің
____________________________
атауы, СТН-і, орналасқан орны)
"___" ____________ жыл
Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын
беруге арналған өтінім
___________________________________________________________________
N |Темекі |Темекі өнімдерінің |Қораптағы |Сүзгінің
р/с|өнімдерінің|(сигареттер, |(бумадағы) |бар-жоғы,
|таңбасы |папиростар, |темекі |(бар/жоқ)
| |сигаралар, |өнімдерінің |
| |сигариллалар және |бірлік саны,|
| |құрамында темекі бар |(дана) |
| |өзге де өнімдер) атауы| |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Басшы ______________________ _____________
(Аты-жөні) (қолы)
МО
Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді- кодтарды беру Ережелеріне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасына |
_____________________
"___" ____________ жыл
Темекі өнімдеріне ЖСН-кодтарын
беруге арналған жиынтық өтінім
___________________________________________________________________
N |Шаруашылық |Темекі |Темекі |Қораптағы |Сүзгінің
р/с |етуші |өнімдерінің|өнімдерінің |(бумадағы) |бар-жоғы,
|субъектінің|таңбасы |(сигареттер, |темекі |(бар/жоқ)
|атауы | |папиростар, |өнімдерінің |
| | |сигаралар, |бірлік саны,|
| | |сигариллалар |(дана) |
| | |және құрамында | |
| | |темекі бар өзге| |
| | |де өнімдер) | |
| | |атауы | |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Төраға __________________ ________ ____________
(Облыс) (қолы) (Аты-жөні)
Темекі өнімдеріне жеке сәйкестендіру нөмірлерді- кодтарды беру Ережелеріне 3-қосымша Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері |
Темекі өнімдерінің жеке сәйкестендіру
нөмірлер-кодтарының тізілімі N ___
___________________________________________________________________
N |Шаруашылық |СТН|Темекі |Темекі |Қораптағы |Сүзгі.|ЖСН
р/с|етуші | |өнімдерінің|өнімдерінің |(бумадағы) |нің |-код
|субъектінің| |маркасы |(сигареттер,|темекі |бар- |
|атауы | | |папиростар, |өнімдерінің|жоғы, |
| | | |сигаралар, |бірлік |(бар/ |
| | | |сигариллалар|саны, |жоқ) |
| | | | және |(дана) | |
| | | |құрамында | | |
| | | |темекі бар | | |
| | | |өзге де | | |
| | | |өнімдер) | | |
| | | |атауы | | |
___________________________________________________________________
1.
___________________________________________________________________
2.
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасы __________________ ___________________
(қолы (Аты-жөні)
"___" _________200___ жыл