«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
2) «Әділет» ақпараттық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интранет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 1025 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің жұмысын тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 290 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7763 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы № 551-556 (27629) «Егемен Қазақстан», газетте жарияланған).
2. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 611 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8041 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қарашадағы № 763-767 (27839) «Егемен Қазақстан» газетте жарияланған).
3. «Әуеайлақтық метеорологиялық органның қызметін тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 272 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8460 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28174) «Егемен Қазақстан» газетте жарияланған).
4. «Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 273 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8461 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қазандағы № 235 (28174) «Егемен Қазақстан» газетте жарияланған).
5. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 755 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8834 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) «Егемен Қазақстан» газетте жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасында әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етумен байланысты қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша тексеру парағының нысанын бекіту және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 197 бұйрығының 1 - тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9346 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 шілдеде «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жарияланған).