Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 № 1025 бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің жұмысын тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 29 мамырдағы
№ 290 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметінің жұмысын тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган: ___________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт (№, күні):___________________________
Күні, орны және тексеру өткізу кезеңі:_______________________________
Аэронавигациялық ұйымның атауы (филиал): ____________________________
БСН: ________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы: _______________________________________________
р/с № |
Атауы |
Сәйкестігін бағалау (+/-) |
Сәйкессіздік ұстанымының нөмірі |
Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету |
|||
1. |
ААБ қызметінде сапа жүйесінің болуы және оның Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (ISO) сериясы 9000 сапа кепілі стандарттарына сәйкес келуі. |
||
2. |
Деректерді жариялауға дайындау немесе қолдану кезеңдерінде анықталған қателерді түзету мақсатында аэронавигациялық деректердің негізін анықтауды қамтамасыз ету үшін белгіленген рәсімдердің болуы. |
||
3. |
Аэронавигациялық деректердің сапасына рұқсат беру дәрежесімен аэронавигациялық деректерді жариялауды қамтамасыз ету. |
||
4. |
NОТАМ хабарламаларын әзірлеу және жариялау тәртібін сақтау. |
||
5. |
«Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының 12-тармағының талаптарына сәйкес Аэронавигациялық ақпарат жинағын жариялауды қамтамасыз ету. |
||
6. |
Арнайы журналдың болуы және алынған бастапқы аэронавигациялық ақпаратты тіркеу. |
||
7. |
Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер ұсынған аэронавигациялық деректерді сақтау. |
||
8. |
АІRАС жүйесінің мерзімінде аэронавигациялық ақпаратты жариялауды және таратуды қамтамасыз ету. |
||
9. |
Аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізілетін аэронавигациялық карталардың жариялануын қамтамасыз ету. |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ААБ қызметі – аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі
NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таратылатын және кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгерту, қызмет көрсету және қағидалар немесе қауіп туралы ақпаратты, ұшуды орындаумен байланысты персонал үшін маңызы бар уақтылы ескерту ақпаратын қамтитын хабарлама.
АІRАС - аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу және бақылау.
Сәйкестік бағасы:
(*) – осы ұйым үшiн мiндеттi емес;
(-1) – ұшу қауіпсіздігіне едәуір ықпал ететін сәйкессіздік;
(-2) – ұшу қауіпсіздігіне едәуір ықпал ететін және уәкілетті органмен келісілген мерзімде жоюға жататын сәйкессіздік;
(-3) – ұшуды орындау қауіпсіздігіне елеулі ықпал етпейтін елеусіз сәйкессіздіктер.
ААБ қызметінің сәйкессіздік тізбесі осы Аэронавигациялық ұйымның қызметін тексеру парағының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Аэронавигациялық ақпаратты
басқару қызметі жұмысын
тексеру парағының нысанына
қосымша
нысан
ААБ қызметінің сәйкессіздіктер тізбесі
______________________________________________________
Субъект атауы
ААБ қызметінің жай-күйіне сәйкессіздік ұстанымының № |
Сәйкесіздіктің сипаттамасы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
Тексерушілер: ______________________________________________________
_____________________________________________________
______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Тексеру жүргізген күні: «_______» жылғы «___»______________
Таныстым:
Тексерген ұйымның басшысы: _________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)