Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 13 мамырда № 8461 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1025 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.10.2015 № 1025 бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және МОИП орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы        
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 17 сәуірдегі      
273 бұйрығымен бекітілді      

Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) бақылау субъектілерін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – азаматтық авиация саласындағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету қызметі нәтижесіндегі оның салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тексерілетін субъектiлер – мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, азаматтық авиация саласындағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
      3. Азаматтық авиациядағы ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы өлшемдер мыналарға бөлінеді:
      1) тексерілетін субъектілер қызметінің түріне байланысты тәуекелдер маңыздылығына негізделген объективтік түрі;
      2) тексерілетін субъектілер тарапынан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын бұзуына байланысты белгіленетін субъективті түрі.
      4. Тексерілетін субъектілерін тәуекел тобына обьективтік өлшемдерді есепке ала отырып, біріншіге жатқызу жүзеге асырылады.
      5. Тексерілетін субъектілерін тәуекел тобына субъективтік өлшемдерді есепке ала отырып, кейінгіге жатқызу.
      6. Объективті өлшемдер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне бірінші жатқызылған тексерілетін субьектілерге субъективті өлшемнің тәуекел дәрежесі қолданылмайды.
      Тәуекелдің жоғарғы дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субьектілер жарты жылда бір рет бақылаудан өтеді.
      7. Объективті өлшемдер бойынша:
      1) жоғары тәуекел тобына орташа тәулікті әуеайлақтардағы қарқынды ұшулар отыз және одан да көп болған кезде азаматтық авиация ұшуларына метеорологиялық қызмет көрсететін тексерілетін субьектілер жатады (өткен жылдың қорытындысы бойынша (жартыжылдық);
      2) орташа тәуекел тобына орташа тәулікті әуеайлақтардағы қарқынды ұшулар отыздан кем болмаған кезде азаматтық авиация ұшуларына метеорологиялық қызмет көрсететін тексерілетін субьектілер жатады (өткен жылдың қорытындысы);
      3) тексерілетін субьектілер елеулі емес тәуекел тобына жатқызылмайды.
      8. Субъективті өлшемдер бойынша:
      1) жоғары тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 6 және одан да көп балл жинаған тексерілетін субьектілер жатады;
      2) орташа тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 3-тен 5 балға дейін жинаған тексерілетін субьектілер жатады;
      3) елеулі емес тәуекел тобына тексеру нәтижесі бойынша 0-ден 1 балға дейін жинаған тексерілетін субьектілер жатады;
      Тәуекел дәрежесін бағалау бойынша субъективті өлшемдер сәйкесінше саладағы тексерілетін субьектілерді бақылау осы Өлшемдерге  қосымшада келтірілген.
      9. Бір тәуекел тобындағы тексерілетін субьектілерді тексерулер жоспарына қосылатын бірінші кезекті өлшемдер:
      1) бұрын жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша субьектілерді көп жиналған баллдың саны;
      2) соңғы жүргізілген жоспарлы тексеріс мерзімінің ескіруі.

Азаматтық авиациядағы ұшуларды 
метеорологиялық қамтамасыз ету 
саласындағы тәуекелдер дәрежесін
бағалау өлшемдеріне қосымша   

Өлшемдер

Балл

1

2

3

1

«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1768 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларының үлгілік сызбасы бойынша белгіленген нақты әуеайлақта авиациялық пайдаланушыларды метеорологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ метеорологиялық органының өкілдері әзірлеген және әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) органдарымен және әуежай әкімшілігімен келісілген Әуеайлақта ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығының болмауы.

3

2

Метеорологиялық бақылау функциясы жүзеге асырылатын ұшу ақпаратының белгіленген аумағының немесе диспетчерлік ауданының болмауы.

3

3

Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтердің шығарылмауы.

3

4

Әуеайлақ бойынша тұрақты метеорологиялық мәлімет (METAR) және арнайы метеорологиялық мәлімет (SPECI) шығаруының болмауы.

3

5

Шығарылатын мәліметтердің мазмұны және форматы қағидаларының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.

3

6

Белгіленген қағидалардағы метеорологиялық мәліметтерін тарату тәртібінің сақталмауы.

3

7

ТАF әуеайлағы бойынша болжамдарды шығарудың, ұшуға және қонуға арналған болжамдардың болмауы.

3

8

Әуеайлақ бойынша ұшу және қону үшін шығарылатын болжамдарының мазмұны мен форматы қағидаларына белгіленген талаптарының сәйкес келмеуі.

3

9

Ұшу бағыты және аудандары бойынша болжаулардың шығарылуының болмауы.

3

10

Ұшудың бағыты және аудандары бойынша болжамның мазмұны мен форматы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3

11

Төмен биіктіктердегі ұшуға арналған GAMET аймақтық болжаулары шығарылуының болмауы.

3

12

Төмен биіктікте ұшуға арналған GAMET аймақтық болжаулары мазмұны мен форматы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3

13

Ауа райы метеорологиялық шарттары мен ауа райы құбылыстар қарқынының пайда болуы немесе өзгеруі туралы ескертулердің шығарылмауы.

3

14

Ауа райы метеорологиялық жағдайлары мен құбылысы қарқындылығының пайда болуы мен өзгеруі бойынша ескертулердің мазмұны мен форматы қағидаларының белгіленген талаптарға, сондай-ақ жел қозғалысы туралы ескерту мен хабарламалар шығарылуының сәйкес келмеуі.

3

15

Әуе кемелердің төменгі биіктікте ұшу қауіпсіздігіне (бұдан әрі - AIRMET) әсер ететін ұшу бағдарында белгілі ауа райылық құбылыс пайда болуы және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне (бұдан әрі - SIGMET) әсер ететін бағдардағы ауа райы жағдайы туралы ақпаратты жібермеу.

3

16

AIRMET және SIGMET ақпараттарының мазмұны мен форматы қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3

17

Әуе кемелері экипажының ұшу алдындағы метеорологиялық дайындығын жүргізу кезінде консультациялар және метеоақпаратты көрсету бойынша талаптардың сақталмауы.

3

18

ӘК экипажына берілетін метеорологиялық ақпаратты әзірлеу және ұшу құжаттамасына енгізілетін талаптардың сақталмауы.

3

19

Ұшу алдындағы дайындықтың автоматтандырылған жүйесін пайдалану кезінде қағидалар талаптарының сақталмауы.

1

20

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары үшін ақпарат беру кезінде қағидалар талаптарының сақталмауы.

3

21

Өндірісті басқару органдары үшін ақпаратты беру кезінде қағидалар талаптарының сақталмауы.

1

22

Қағидаларда белгіленген мерзімге сәйкес барлық метеорологиялық құжаттар, мәліметтер және басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етілмеуі.

3

23

Аэронавигациялық ақпарат қызметі органдары үшін ақпарат беру кезінде қағидалар талаптарының сақталмауы.

3

24

Авиациялық жұмыстардың, таулы жерлердегі ұшудың, тікұшақтардың теңіз кемелеріне және ашық теңіз платформаларына ұшудың метеорологиялық қамтамасыз ету ерекшеліктерінің сақталмауы.

3

25

Әуеайлақтық метеорологиялық органның байланысқа арналған талаптарының сақталуы және оның метеорологиялық ақпаратты тарату кезінде пайдаланылуы.

3

26

Авиациялық климаттық ақпаратты жүргізу қағидалары талаптарының сақталмауы.

1