«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Заңға тәуелді актілер департаменті:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-не Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық «Әділет» жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 662 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы тізбе
1) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 № 8406 болып тіркелген) бұйрығы;
2) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы № 80 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9180 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қаңтарда № 12 (27888) «Казахстанская правда»; «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 1 қаңтарда № 12 (28490) жарияланған) бұйрығы;
3) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 20 қарашадағы № 325 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 9913 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) бұйрығы;
4) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 11968 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 тамызда № 11968 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) бұйрығы.