"Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 тамызда № 11968 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 662 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 31.12.2015 № 662 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 49-4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8406) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдiстемесiнде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Бағалау Уәкілетті органның деректерінің негізінде, сондай-ақ Әдістеменің 3-4-қосымшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. «Мемлекеттік органдардың/Уәкілетті органның норма шығарушылығы қызметінің сапасы» критерийін бағалау кезінде:
      «1) заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын Әділет министрлігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне және Парламентке енгізу, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын Премьер-Министрдің Кеңсесіне заңнамалық актілерді қабылдауға қажетті іске асыруда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге енгізу (құқықтық актілерді қабылдау) мерзімдерді сақтау;
      2) Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА, пысықтауға қайтарылған Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларының саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу (келісу) кезінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасына байланысты, прокурорлық қадағалау актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған Уәкілетті орган тіркеген НҚА саны) ескеріледі.»;
      151617-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын Әділет министрлігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне және Парламентке енгізу, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары жобаларын және Премьер-Министр Кеңсесіне енгізу, заңнамалық актілерді іске асыруда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге енгізу (құқықтық актілерді қабылдау) мерзімдерін сақтау» көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

      Р1= (к1*(1-а/в))+(к2*(1-с/d))

      мұнда Р1 – осы көрсеткіштің мәні;
      k1 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
      k2 – алынған нәтижелерді 5-ке тең үлестік мәнге келтіру коэффиценті;
      а – Заң жобалау жұмыстарының жоспарында Әділет министрлігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне және Парламентке ұсыну мерзімдерін мемлекеттік орган бұзған заң жобаларының саны;
      c – уақтылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобалары, мемлекеттік тіркеуге енгізілмеген НҚА және қабылданбаған құқықтық актілердің саны;
      b – Заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген заң жобаларының жалпы саны;
      d - есептік кезеңде мемлекеттік орган/Уәкілетті орган Премьер-Министрдің кеңсесіне (мемлекеттік тіркеуге) құқықтық заңға тәуелді актілер енгізуге және қабылдауға тиіс құқықтық актілердің жалпы саны.»;
      16. Заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген мерзімдерді сақтау болып Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында Заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесіне сәйкес заң уақтылы әзірлеу және енгізу: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне айдың бірінші күніне дейін, Үкіметке айдың 20 дейінгі мерзімде, Парламенттің қарауына Заң жобалау жұмыстары жоспарында белгіленген айдын соңғы күніне дейінгі мерзімде енгізу ұғынылады.
      Заңнамалық актілерді іске асыруда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларын, сонымен қатар НҚА-ді мемлекеттік тіркеуге енгізу және құқықтық актілердің қабылдау мерзімдерін сақтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде (бұдан әрі – Регламент) көзделген мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
      17. Мемлекеттік органдардың Регламенттің 114-тармағына сәйкес ай сайын берілетін есептік ақпараты заңға тәуелді НҚА және құқықтық актілер бойынша ақпарат көзі болып табылады.»;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Уәкілетті органның заң сараптамасы нәтижелері бойынша пысықтауға қайтарылған Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары жобаларының, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу (келісу) кезінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасына байланысты, прокурорлық қадағалау актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған Уәкілетті орган тіркеген НҚА саны) көрсеткішінің мәні мынадай формула бойынша анықталады:

      Р2=к* (1-а/в)

      мұнда Р2 – осы көрсеткіштің мәні;
      k – алынған нәтижелерді 40-қа тең болатын үлестік мәнге келтіру коэффициенті;
      а – әділет органдарының заң сараптамасы нәтижелері бойынша қайтарылған Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары жобаларының, мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуден бас тартылған НҚА саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен келісілген және бағаланатын кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, бағаланатын кезеңде мемлекеттік тіркеу (келісу) кезінде сапасыз жүргізілген заң сараптамасына байланысты, прокурорлық қадағалау актілері негізінде немесе сот тәртібімен өзгертілген не күші жойылды деп танылған Уәкілетті орган тіркеген НҚА саны);
      b – заң сараптамасына келіп түскен Президент жарлықтары және Үкімет қаулыларының жобаларының, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге келіп түскен НҚА жалпы саны (Уәкілетті орган үшін – Уәкілетті органмен бағаланатын кезеңде келісілген Президенттің нормативтік жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобалары, сондай-ақ есептік кезеңде тіркелген НҚА жалпы саны).
      Бағаланатын кезеңде қабылданған, прокурорлық қадағалау актілері негізінде немесе сот тәртібінде өзгертілген не күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларының санына прокурорлық қадағалау актілерін енгізгенге не тиісті сот талқылауы басталғанға дейін сәйкестендіру бойынша шаралар қабылданған (анықтау туралы хат жіберілген не жоба әзірленген) актілер есепке алынбайды.
      «Ескертпе: Заң сараптамасына (мемлекеттік тіркеуге) келіп түскен Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобаларының, сонымен бірге нормативтік құқықтық актілердің пысықтауға қайтарылған (тіркеуден бас тартылған) санында қайтарылған (бас тартылған) санына қарамастан әр түскен жоба (нормативтік құқықтық акт) саналады.»;
      2122 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Жүргізілген НҚА мониторингі нәтижесі бойынша қабылданған шаралар» көрсеткішінің мәні мынадай формуламен есептеледі:

      P1= (а-(b-c))/a*100%

      мұнда a – құқықтық мониторинг жүргізілген, реттелетін саладағы НҚА-ның жалпы саны;
      b – қайшы келетін, тиімді іске асырылмайтын, ескірген, соның ішінде коллизиялар, олқылықтар, бланкеттік және сілтемелік нормалар анықталған НҚА саны;
      с – құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен сәйкес келтірілген НҚА-ның саны;
      заңнамалық актілер бойынша: Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы) тиісті заң жобаларын қосу, тиісті заң жобаларын әзірлеу, басқа заң жобалары шеңберінде пысықтау арқылы оларды сәйкес келтіру бөлігінде шаралар қабылданған, құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен заңнамалық актілердің саны;
      мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА бойынша: әділет органдарында тіркелген НҚА-ның, сондай-ақ күші жойылған деп танылған актілердің саны;
      Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобалары бойынша: құқықтық мониторинг барысында анықталғандардың ішінен қабылданған заңға тәуелді актінің саны.
      Көрсеткіш бойынша балдар мынадай шкаламен беріледі:
      100% - 15 балл;
      90-99,9% - 12 балл;
      80-89% - 9 балл;
      70-79,9% - 6 балл;
      60-69,9% - 3 балл;
      59,9% төмен - 0 балл.
      22. Бағаланатын мемлекеттік органдар тиісті шараларды қабылдамаған және (немесе) құқықтық мониторинг барысында анықталған актілерді сәйкестікке келтірмеген жағдайда осы өлшем бойынша балдардың мәні 0-ге тең болады.
      Құқықтық мониторинг барысында анықталған саннан 50% аз сәйкестікке келтірген жағдайда осы формула бойынша есептелген балдан 7.5 балл шегеріледі.
      Ескертпе:
      Мынадай:
      1) мемлекеттік орган бағаланатын кезеңнің қарашасында (желтоқсанында) қайта ұйымдастырылған;
      2) бағаланатын кезеңнің қарашасында-желтоқсанында заңнама (заңдар) өзгертілген;
      3) ҚР Үкіметінің Регламентіне сәйкес, егер заңнамалық актіде нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімі көзделген заңнама (заңдар) өзгертілген;
      4) Заңнама өзгерген жағдайда НҚА-ні қабылдау мақсатқа сай емес және қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді деп танылуына байланысты мемлекеттік органдардан және Премьер-Министр Кеңсесінен НҚА-дің қайтарылған айрықша жағдайларда құқықтық мониторинг барысында анықталған актілер заңнамаға сәйкестікке келтірілмеген деп есептелмейді (сәйкестікке келтірілген деп есептеледі).
      Бұл жағдайларда бағаланатын мемлекеттік орган:
      Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА бойынша: әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге тиісті актілерді заң қабылданған кезден бастап екі айлық мерзімде жіберуі;
      Президент жарлықтары мен Үкімет қаулыларының жобалары бойынша: заң қабылданған кезден бастап екі айлық мерзімде тиісті нормативтік құқықтық акт жобасын әзірлеуі және ПМК енгізуі;
      заңнамалық актімен қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімі көзделген НҚА бойынша: ҚР Үкіметінің Регламентіне сәйкес олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберуі керек;
      қабылдау мақсатқа сай емес НҚА жобалары бойынша: заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне хабардар ету.
      23. Әдістеменің 2-1 қосымшасына сәйкес берілетін ақпарат бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талап қоюлар бойынша осы Әдістемеде көрсетілген өлшемдер бойынша жүргізіледі.
      Ескертпе:
      Мыналар:
      мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы мемлекеттік орган бастамашылық жасаған, жеткізушілердің талап қоюына негіз болған себептерді жоюмен байланысты ішінара қанағаттандырылған/ қанағаттандырылмағандар азаматтық істер;
      орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің азаматтық істері;
      мемлекеттік органдардың бастамасымен түскен талаптар толығымен қанағаттандырылған немесе қанағаттандырылмаған жағдайларды қоспағанда қарсы талап-арыз түскен азаматтық істер.
      келесі Министрліктердің:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттерін орындау үшін Қаржы министрлігі тиісті жауапкер ретінде тартылатын азаматтық істер. Көрсетілген істер процесстің бастапқы қатысушысы болып табылатын мемлекеттік органға есептелінеді (Қаржы министрлігі осындай процесстерде бастапқыда талапкер болған жағдайларды қоспағанда);
      2) «Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда сот мемлекетке жүктеген адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» 013 бюджеттік бағдарлама бойынша әкімші ретінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің азаматтық істері есепке алынбайды.
      Бұл ретте, көрсетілген істер бойынша ақпарат ұсынылуы тиіс.»;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Бағаланатын мемлекеттік орган Уәкілетті органға/Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Әдістеменің 2-1, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес Бағалау кестесінде белгіленген мерзімдерде толық және дәйекті есептік ақпаратты ұсынады.»;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-1 қосымшасымен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасы   
Әділет министрінің     
2015 жылғы 25 тамыздағы  
№ 468 бұйрығына қосымша  

Мемлекеттік органдарды құқықтық
қамтамасыз ету тиімділігін  
бағалау әдістемесіне     
2-1-қосымша          

Нысан

20____ жылдың «НҚА-ның құқықтық мониторингі бойынша»
есептік ақпарат
_______________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

Мониторинг жүргізілген НҚА жалпы саны

Заңнамаға қайшы келген, ескірген, құқық қолдану практикасында іске асырылуы тиімсіз ретінде анықталған НҚА жалпы саны

Сәйкестендіріліген НҚА жалпы саны

1.