"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 16 желтоқсан N 319-I


      "Бюджет жүйесі туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Z960052_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 402-құжат; 1997 ж., N 11, 153-құжат; N 13-14, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1-бапта:
      екінші азатжолдағы "тиісті" және "кіріс көздерінің және" деген сөздер алып тасталсын;
      бесінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "бюджет процесі - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі заңдармен реттелген қызметі;";
      жетінші азатжолдағы "мемлекеттік кепілдіктер" деген сөздер "мемлекеттік кепілдік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он екінші азатжолдағы "және бюджеттен тыс барлық қорлардың" деген сөздер алып тасталсын;
      он бесінші азатжол алып тасталсын;
      он алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "жергілікті бюджеттер - облыстардың бюджеттері, облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) бюджеттері, арнайы экономикалық аймақтардың және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың бюджеттері;";
      он тоғызыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "бағдарлама және кіші бағдарлама - белгілі бір мемлекеттік міндеттер атқару жөніндегі шаралар кешені;";
      жиырма екінші азатжолда "резервтік қор" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері -" деген сөздермен, "қаржыландыру үшін бюджет қаражаты есебінен құрылатын қор", деген сөздер "қаржыландыруға арналған қаражат", деген сөздермен, "республикалық бюджеттегі" деген сөздер "тиісінше республикалық немесе жергілікті бюджеттегі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      жиырма үшінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен артып кеткен не табыс көздерінен түсетін түсімдер қысқартылатын, соның салдарынан бюджетте көзделген бағдарламаларды толық көлемінде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда енгізілетін қаражаттардың жұмсалуына тыйым салынуын көздейтін арнаулы тетік;";
      жиырма төртінші азатжол алып тасталсын;
      жиырма жетінші азатжол "Қаржы министрлігі" деген сөздерден кейін "ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
      отызыншы азатжол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы - отыз сегізінші азатжолдармен толықтырылсын:
      "қалалық (аудандық) бюджет - аудандық маңызы бар қалалар мен қалалардағы аудандарды қоспағанда, қаланың (ауданның) атқарушы органдарының өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және заңдарда белгіленген салықтар мен басқа да түсімдердің есебінен құралатын ақша қоры;";
      "облыс бюджеті - облыстық бюджет пен қалалық және аудандық бюджеттердің, олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;";
      "бюджеттік өтінім - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша әкімшілер ұсынатын бағдарламалардың қаржылық негіздемесі;";
      "мемлекеттік мекеме - бағдарламалардың әкімшілері - бюджеттерді жасау кезінде республикалық және жергілікті бағдарламаларды қаржы жағынан негіздеу үшін жауапты орталық атқарушы органдар мен облыстардың әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері;";
      "республикалық бағдарламалар - Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейтін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар;";
      "жергілікті бағдарламалар - облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) әкімдері әзірлеп, жергілікті өкілді органдар бекітетін және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалар;";
      "облыстық бюджет (Астана және Алматы қалаларының бюджеті) - облыстың (қаланың), облыстық (қалалық) атқарушы органдардың өз міндеттерін жүзеге асыруына арналған және заңдарда белгіленетін салықтар мен басқа да түсімдер есебінен құралатын орталықтандырылған ақша қоры;";
      "мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік және (немесе) мемлекет тартатын, соның ішінде мемлекеттік кепілдік берілген, қаражаттарды экономиканың басым секторлары бойынша инвестициялау бағдарламасы;";

     "бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе 
тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, алдағы қаржы жылына арналған 
бюджет;";
     "нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе 
тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген 
өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған 
бюджет;".
     
     2. 3-бапта:
     1-тармақтың бесінші азатжолы алып тасталсын;
     2-тармақ алып тасталсын.
     
     3. 4-бапта:
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Қазақстан Республикасында республикалық бюджет пен жергілікті 
бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерін қоса) дербес жұмыс 
істейді.";
     3-тармақтағы "бюджеттен тыс қорлар мен" деген сөздер алып тасталсын;
     
     4. 5-баптың екінші азатжолындағы "нысаналы бюджеттік қорлар құру, 
оларды ішінара қайта бөлу" деген сөздер алып тасталсын.
     
     5. 6-бапта:
     бап мәтіні бойынша "қамтиды" деген сөздер алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы төртінші азатжолмен толықтырылсын:
     "Өтеу" - бюджеттен берілген несиелерді өтеуден түскен түсімдер;";
     алтыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
     "Несие беру" - қайтарым негізінде бюджеттен берілетін төлемдер;";
     жетінші азатжолдағы "Қаржыландыру" деген сөз "Бюджет тапшылығын 
қаржыландыру-" деген сөздермен ауыстырылсын.
     


      6. 7-бапта "жалпымемлекеттік бағдарламалар мен шараларды" деген сөздер "жалпымемлекеттік бағдарламаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7. 8-бапта:
      1) тармақшада:
      екінші азатжолдағы "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "көрсетілген ақылы қызметтер үшін мемлекеттік мекемелерден алынатын, бюджетке түсетін түсімдерді қоса Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8. 9-бапта:
      бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Республикалық бюджеттен республикалық бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі, олар мыналарды қамтиды:";
      1) тармақшаның алтыншы азатжолындағы "және басқа да" деген сөздерден кейінгі "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
      оныншы азатжолындағы "проценттер" деген сөз "сыйақылар (мүдделер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бірінші азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасы бойынша, сондай-ақ

жергілікті бюджеттерге субвенция" ретінде берілетін трансферттік 
шығыстар;";
     он екінші азатжол он төртінші азатжол болып есептелсін;
     мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші азатжолдармен 
толықтырылсын:
     "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдері 
және мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына 
байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі;
     республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін, 
салынуын және қайта жаңғыртылуын қамтамасыз ету жөніндегі;";
     
     9. 10-бапта:
     1-тармақта:
     "бағдарламалар мен шараларды", "бағдарламалар мен шаралардың" деген 
сөздер тиісінше "бағдарламаларды", "бағдарламалардың" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     "жалпы мемлекеттік" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
     "Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің 
бюджетін өздерінің аумағында арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс 
істейтінін ескере отырып әзірлейді және дербес атқарады.".
     
     10. 11-бапта:
     3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     3) "төмен тұрған бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерден немесе 
екінші деңгейдегі банктерден қаржы жылының шегінде уақытша кассалық 
үзілісті жабу үшін заем шарттары түрінде қарызға алған қаражатының 
түсімдері;".
     
     11. 12-бапта:
     1) тармақшада:
     бірінші азатжолы "органдардың" деген сөзден кейін "мынадай 
бағдарламалар:" деген сөзбен толықтырылсын;
     төртінші азатжолындағы "сақтандыру" деген сөз "қамсыздандыру" деген 
сөзбен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
     "жұмыспен қамту;


      жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін, салынуын және қайта жаңғыртылуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстар;";
      3) тармақша "несиелердің" деген сөзден кейін "және олар бойынша сыйақылардың (мүдделердің)" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. 13-бапта:
      "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердің" деген сөздер "Облыстық (Астана және Алматы қалалары) бюджеттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, "республикалық маңызы бар қалалардың" деген сөздер "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. 14-бапта:
      атауындағы және мәтініндегі "Резервтік қорлар", "резервтік қордан", "резервтік қорларының", "Резервтік қордың" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері", "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен", "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы

органдардың резервтік қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
     1-тармақтың бірінші азатжолы мынадай мазмұндағы сөйлеммен 
толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар 
резервтерінің құрамында мемлекеттің сот органдарының шешімдері бойынша 
міндеттемелерін жабуға арналған қаражат көзделеді.".
     
     14. 15-бап алып тасталсын.
     
     15. III тарау мынадай редакцияда жазылсын:
     
     "III тарау. Бюджеттің жасалуы, қаралуы және бекітілуі 
     
     17-бап. Мемлекеттік бюджет 
     1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімде Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігі:


      ұзақ мерзімді Экономикалық даму болжамының негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, алдағы 10 жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу стратегиясын әзірлейді, соған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, 3 жылдық кезеңге арналған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын әзірлейді;
      Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауының, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, бюджеттің ағымдағы атқарылуын бағалаудың, қарыз алу стратегиясының макроэкономикалық көрсеткіштерінің, ақша-несие саясаты мен мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының негізінде әзірленген, салық- бюджет саясатының алдағы қаржы жылына арналған негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.
      2. Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бюджет қаражатын функционалдық топтар бойынша жұмсаудың лимиттерін белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      функционалдық топтар бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін;
      мемлекеттік бағдарламалардың республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінуін;
      мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдарды нақтылайды.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі функционалдық топтар бойынша лимиттер шегінде мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсау лимиттерін мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың мемлекеттік мекеме-әкімшілеріне жеткізеді.
      5. Республикалық бағдарламалардың мемлекеттік мекеме-әкімшілері функционалдық топтар бойынша жеткізілген лимиттер шегінде:
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді;
      заңда белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламалар жөніндегі лимиттерді облыстар бойынша бөледі;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді жергілікті атқарушы органдармен келістіріп отырады;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді аумақтық тұрғыда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді.
      6. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жергілікті бағдарламалар тізбесін айқындайды;
      жеткізілген лимиттер шегінде жергілікті бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне табыс етеді.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) әкімдерімен бірлесіп, алдағы қаржы жылына арналған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес түсімдердің түрлері бойынша мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің аумақтар тұрғысындағы болжамын айқындайды;
      бюджеттік өтінімдер мен мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар тізбесі негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерге бөле отырып, алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің болжамын әзірлейді;
      облыстық бюджеттердің (Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің) теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік салықтардан аударылатын қаржының нормативтері мен республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көлемін әзірлейді;
      алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджеттің болжамын әзірлеп, мақұлдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді.

      18-бап. Республикалық бюджет
      Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда:
      кірістердің, алынған ресми трансферттердің, бұрын бюджеттен берілген несиелер өтелуінің, шығыстардың, несие беру мен бюджет тапшылығы көлемдері;
      республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін салық және салық емес түсімдер түрлерінің, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістердің тізбесі;
      жалпымемлекеттік салықтардан аударымдардың нормативтері және республикалық бюджеттен облыстардың (Астана және Алматы қалаларының) бюджеттеріне теңгерімділікті қамтамасыз етуге арналған трансферттердің көлемі;
      айлық ең төменгі жалақылар мен айлық есептік көрсеткіштердің тоқсандар бойынша шамалары;
      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған сомалар бөліп көрсетілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшері;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен бұрын алынған сыртқы заемдарды өтеу және оларға қызмет көрсету сомасы;
      мемлекеттік борыштың лимиті;
      алдағы қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;
      функционалдық топтар, бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың мемлекеттік мекеме-әкімшілері бойынша шекті шығыстар тізбесі;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бағдарламалар тізбесі қамтылуға тиіс.

      19-бап. Республикалық бюджетті қарау және бекіту
      1. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне табыс етеді.
      2. Республикалық бюджетті бекіту және бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар бірінен соң бірі әуелі Мәжілісте, содан соң Сенатта талқыланғаннан кейін, палаталардың бірлескен отырысында жасалады.
      Талқылау қаралып отырған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің, Ұлттық Банк төрағасының, Үкімет уәкілеттік берген басқа да адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары уәкілеттік берген адамдардың қорытынды жасаған баяндамаларынан басталады.
      3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында есепті жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей бағдарламалар деңгейінде бекітіледі.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы жылға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында Қазақстан Республикасының Парламентіне кіші бағдарламалар деңгейіндегі қаражат бағытының есептерін табыс етеді.
      Егер Қазақстан Республикасының Парламенті кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті "Алдағы қаржы жылының I тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы" Жарлық шығарады, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады.
      Қаржы жоспарының орындалуы республикалық бюджет үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      20-бап. Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі
      Республикалық бюджетті оның атқарылуы барысында нақтылай түсу Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, басқа да заң шығарушылық бастамалар негізінде осы Заңның тәртібі мен ережелері бойынша жүзеге асырылады.

      21-бап. Жергілікті бюджеттер
      1. Жергілікті бюджеттерді жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін бюджеттік жіктеуге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарының теңгерімділігі үшін жауап береді.
      3. Жергілікті атқарушы органдар облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің болжамдарын әзірлеу үшін:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген түсімдер болжамдарының негізінде және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жеткізген жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдардан және республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің көлемінен олардың бюжеттерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін аударымдар нормативтері болжамдарының негізінде кіріс бөлігін арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарды ескере отырып, 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде қалыптастырады;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламалардың және жергілікті бағдарламалардың тиісті орталық атқарушы органдарымен келісу негізінде шығыс бөлігін қалыптастырады;
      салық түсімдерінен және салықтық емес түсімдерден, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістерден аударымдардың нормативтері мен облыстық бюджеттің төменгі бюджеттерге теңдестірілуін қамтамасыз етуге арналған трансферттердің көлемін айқындайды;
      уақытша кассалық үзілісті жабу үшін қарыз алу лимитін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келіседі;
      мемлекеттік бюджет болжамының параметрлеріне сәйкестігі жөнінде келісу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне облыстар (Астана және Алматы қалалары) бюджеттерінің болжамын табыс етеді.
      4. Мәслихаттың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде:
      кірістердің, алынған ресми трансферттердің, шығыстардың, таза несие берудің көлемі;
      республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер түрлерінің тізбесі;
      салықтық және салықтық емес түсімдерден аударымдардың, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістердің нормативтері және облыстық бюджеттен төменгі бюджеттерге теңгерімділікті қамтамасыз етуге арналған трансферттердің көлемі;
      жергілікті маңызы бар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған сомалар бөліп көрсетілген жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері;
      облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің уақытша кассалық үзілісті жабу үшін қарыз алу лимиті;
      орта білім беру мен денсаулық сақтау бағдарламалары бойынша қаражаттың мөлшері, олар тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда көрсетілген тиісті көлемнен төмен болмауға тиіс;
      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік бағдарламалардың және бюджеттік функционалдық жіктелуге сәйкес топтастырылған жергілікті бағдарламалардың тізбесі мен олардың көлемі;
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің атқарылу процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бағдарламалар тізбесі қамтылуға тиіс.
      5. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың төменгі бюджеттердің бекітілу және атқарылу процесіне араласуына жол берілмейді;
      6. Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен кепілдік беруіне тыйым салынады.
      7. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемін нақтылайды және облыстық және қалалық бюджет (Астана және Алматы қалаларының бюджеті) жобасын тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді, ол екі апта ішінде мұны бекіту жөнінде шешім қабылдайды.
      8. Аудандардың (қалалардың) әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бюджеттердің жобасын тиісті мәслихаттың қарауына енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды. Арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері осы тармақта белгіленген мерзімде бекітіледі.
      9. Тиісті мәслихаттар алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуын алдағы қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырады.".

      16. 22-баптың 2-тармағының бірінші азатжолындағы "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. 23-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын.

      18. 25-бапта:
      тақырыбындағы "атқарылу тәртібі" деген сөздер "атқарылуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "Ұйымдар" деген сөз "Мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын және "Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық" деген сөздер "Қаржы министрлігінің Қазынашылығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Барлық мемлекеттік мекемелер:
      тиісті қаржы жылына арналған бюджет заңдарында белгіленген бюджеттік мақсаттағы сомалардан тыс қаржы міндеттемелерін өзіне алуға құқылы емес;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге қажетті ақпаратты белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджеттің атқарылуы процесінде бағдарламаларды іске асырушы мемлекеттік органдардың тізбесіне ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бағдарламалар бойынша тиісті сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылымы мен міндеттерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты өзгерістер енгізуге және республикалық бюджеттің тапшылығын жабу көздерін өзгертуге құқығы бар.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдарға республикалық бюджеттен қаражат бөлуге жол берілмейді.";
      7-тармақта "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8 және 9-тармақтар алып тасталсын.

      19. 26-бапта:
      тақырыбындағы "атқарылу тәртібі" деген сөздер "атқарылуы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бірінші азатжолындағы: "бекітілген бюджеттердің сомалары шегінде құралатын облыстық бюджеттердің, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің, аудан бюджеттерінің тоқсанға бөлінген кірістер мен шығыстарының жазбасы бойынша" деген сөздер "Бюджеттің жасалу және орындалу ережелеріне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-тармақ мынадай редакциядағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "төменгі бюджеттердің жоғары тұрған бюджеттерден немесе екінші деңгейдегі банктерден уақытша кассалық үзілістерді жабу үшін қарыз алу шарттары түрінде тиісті бюджетте қарыз бен ол бойынша төленетін сыйақының (мүдденің) негізгі сомасын өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана қаржы шегінде қарыз алуға құқығы бара.";
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақтағы "республикалық маңызы бар қалалар" деген сөздер "Астана және Алматы қалалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      "ұсталатын" деген сөзден кейінгі "ұйымдарға" деген сөз "мемлекеттік мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және бюджеттен тыс қорлар" және " ..., сондай-ақ мемлекеттің үлес қосып қатысуынсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерге" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Кірістерді асыра орындау нәтижесінде қаржы жылының басында алынған бюджет қаражаттарының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жыл бюджетінің атқарылуы барысында өткен тоқсандағы кірістер бойынша асыра орындау сомаларын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға болмайды.".

      20. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Бюджет шығыстарын өзгерту тәртібі
      Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейі артып кеткен не бюджеттің атқарылу процесінде кіріс көздерінен түсетін түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджетте көзделген шығыстарды әрбір бағдарлама бойынша бекітілген сомалардың 10 процентіне дейін қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен асқан жағдайда ондай шешім республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу және мәслихаттардың тиісті шешімдер шығаруы арқылы жасалады.
      Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен тиісті мәслихаттар тиісті жылға арналған бюджет туралы заң мен шешімдерде белгілейді.".

      21. 29-бапта:
      1-тармақтағы "және бюджеттен тыс қорлардың қаржыларын жұмсайтын барлық ұйымдар үшін де міндетті әрі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткеннен кейін күшіне енетін" деген сөздер алып тасталсын;
      2-тармақтағы "орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың, сондай-ақ нысаналы қаржыландыру қорлары мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      22. 30-бапта:
      1-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Парламентіне" деген сөздерден кейін "және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне" деген сөздермен толықтырылсын;
      "республикалық бюджеттің атқарылуы туралы" деген сөздер "республикалық бюджеттің кіші бағдарламалар деңгейінде атқарылуы туралы және мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     4-тармақтағы "министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де 
орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен басқа да 
ұйымдар" деген сөздер "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
     
     23. 31-баптың 1-тармағының бірінші азатжолындағы "министрліктердің, 
мемлекеттік комитеттердің, ведомостволардың және, меншік нысандарына 
қарамастан, ұйымдардың" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің" деген 
сөздермен ауыстырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.)
          (Қобдалиева Н.М.)