Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 593 бұйрығы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесінің белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жіберілуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Министрдің м.а.                                   З. Баймолдина

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің м.а.
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 593 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Борышкердің мүліктік жағдайы туралы ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 сәуірдегі №141-144 (26546) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Жеке негізде (жеке сот орындаушылары) атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін және тексеру парағының нысанын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8400 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      3) «Біліктілік комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 93 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9251 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
      4) «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 94 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9260 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
      5) «Жеке сот орындаушыларының орындаудағы әлеуметтік маңызды істер санаттары бойынша атқарушылық құжаттардың үлесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 109 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9250 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 11 сәуірде жарияланған);
      6) «Тәртіптік комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 121 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10478 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған);
      7) «Жолдама алу, конкурс өткізу және жеке сот орындаушыларына өілеттіктер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 125 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10470 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған);
      8) «Республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10508 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған).