Тәртіптік комиссия туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10478 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 593 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. № 593 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жолдама алу, конкурс өткізу және жеке сот орындаушыларына өкілеттіктер беру қағидалары бекітілсін.
      2. «Жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 99 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9257 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің  
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 125 бұйрығымен    
бекітілген       

Жолдама алу, конкурс өткізу және жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 145-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және жолдама алу, конкурс өткізу және жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру тәртібін айқындайды.
      2. Үміткерге берілген жолдама жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурстық іріктеуге (бұдан әрі - конкурс) қатысу үшін негіз болып табылады.
      Берілген жолдама осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) үміткерге конкурсқа қатысудан бас тартады.
      3. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру бойынша конкурсқа қатысу үшін жолдама беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы (бұдан әрі – өңірлік палата) жеке сот орындаушысының лицензиясы бар тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында конкурс жарияланған кезден бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде өңірлік палата жолдома беруді жүзеге асырады.
      4. Жолдама өңірлік палата бекіткен атқару округының шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке беріледі.
      5. Атқару округының әкімшілік-аумақтық бірлігі жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы болып табылады, ол қалаға, облыстардың аудандарына, қаладағы аудандарға бөлінеді.
      6. Өтініш беруші өтінген кезінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктермей жолдама немесе оны беруден бас тарту ұсынылады.
      7. Жолдама беруден бас тарту туралы дәлелді жауап жазбаша ұсынылады.

2. Конкурс өткізу тәртібі

      8. Конкурсты Министрлік Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен (бұдан әрі – Республикалық палата) бірлесіп, жеке сот орындаушысының лицензиясы бар және атқару округы шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке өңірлік палатаның жолдамасын алған тұлғалардың ішінен жүзеге асырады.
      9. Конкурсты комиссиясы тоқсанына кемінде бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 93 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9251 болып тіркелген) Біліктілік комиссиясы туралы ереже сәйкес өткізеді.
      10. Заңның 140-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша конкурсқа қатысуға жіберуден бас тартылады.
      11. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
      Хабарландыруда мынадай мәліметтер:
      Министрліктің орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 ақпанда № 10308 болып тіркелген) жеке сот орындаушыларының қызметі жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне сәйкес үміткерге қойылатын негізгі талаптар;
      құжаттарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері;
      конкурстың өткізілетін орны;
      комиссияның қарауына ұсынылатын құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
      12. Министрлік www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үміткерлердің өтініштерін қабылдайды.
      Өтінішке комиссияға ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде накологиялық және психиатриялық ұйымдардан берілген медициналық анықтамалар, сондай-ақ атқару округы шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы үміткерге берген жолдамасы қоса беріледі.
      Үміткердің ниеті бойынша біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және тағы басқалар) берілуі мүмкін.
      13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделтген құжаттарды ұсынбаған немесе тиісінше рәсімдемеген кезде үміткерге құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дәлелді хатпен өтінішті одан әрі қараудан бас тартылады.
      14. Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыруда белгіленген мерзім аяқталған күні аяқталады.
      15. Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлердің тізімі, конкурс өткізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өткізу орнын, күні мен уақыты белгіленіп www.adilet.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады.
      16. Үміткер конкурсқа келген кезде жеке басын куәландыратын құжат ұсынады.
      17. Комиссия үміткерлермен әңгімелесу жүргізеді және әрбір жарияланған лауазымға іріктеуді жүзеге асырады, комиссияның қорытындылары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Министрліктің жанындағы біліктілік комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді.
      Комиссия жарияланған әрбір бос лауазым үшін тең көлемде үміткерлерге атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы қолданыстағы заңнаманы білуіне қойылатын сұрақтар тізбесін бекітеді.
      18. Үміткер әңгімелесуді өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өтеді.
      19. Комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлердің, сондай-ақ конкурстан өтпеген және келмеген үміткерлердің тізімі комиссияның хаттамасы шыққаннан кейін келесі күннен кешіктірілмей www.adilet.gov.kz интернет-ресурсына жарияланады.
      Сол мерзімде комиссия хаттамасының көшірмесі Республикалық палатаға мүшесі ретінде қабылдау үшін жолданады.
      Конкурстан өтпеген және келмеген үміткерлерге келесі конкурстарға қайта қатысуына кедергі болмайды.

3. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру тәртібі

      20. Комиссияның оң қорытындысын алған үміткер жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындалады және лауазымына тағайындалған сәттен бастап бір айдан кешікпей кызметіне кіріседі.
      Егер үміткер көрсетілген мерзімде қызметіне кіріспеген жағдайда лауазымына тағайындау туралы бұйрық жойылуға жатады.
      21. Қызметіне кіріскенге дейін жеке сот орындаушысы Өңірлік палатының жолдамасына сәйкес атқару округының шеңберіндегі әкімшілік-аумақтық бірлікте кеңсе ашу жөнінде әрекеттерді жүзеге асырады, Республикалық палатаның мүшесіне кіреді, Министрліктің аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) есептік тіркеу туралы хабарлайды және мемлекеттік кірістер органдарында тіркеледі.
      22. Жеке сот орындаушылары өкілеттіктерін беру бойынша конкурстан өткен және кемінде бір жыл қызметін жүзеге асырған тұлғалар алған жолдамаларына сәйкес бір атқару округынан екіншісіне ауысқан кезде қайталап конкурсқа қатыспайды.
      23. Басқа атқару округына ауысу туралы жолдама алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жеке сот орындаушысы өңірлік палатаға мұрағатты, жеке мөрін, мөртабандарын куәлігін және бланктерін тапсырады, сондай-ақ есептік тіркеуден алу туралы аумақтық әділет органына хабарлайды.
      24. Атқару органын өзгерту жеке сот орындаушысын бұрын қызметін жүзеге асырған атқару органында аумақтық органының есептік тіркеуінен алуға және жеке сот орындаушысының өз қызметін жүзеге асыратын аумақтық әділет органына хабарлау үшін негіз болып табылады.

Жеке сот орындаушысы 
өкілеттіктерін беру, 
өкілеттіктерін беру 
бойынша конкурс өткізу
және жолдама алу   
шарттары мен тәртібіне
1-қосымша      

Нысан

Біліктілік комиссиясының төрағасы
_________________________________
__________________________тұратын
_________________________________
Байланыс телефоны _______________

Өтініш

      Мені __________________________________________________________
             (бос орын бар атқару округының әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)
жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурсқа қатысуқа жіберуіңізді өтінемін.
      Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру, өкілеттіктерін беру бойынша конкурс өткізу және жолдама алу шарттары мен тәртібінің негізгі талаптарымен таныстым, оларды орындауға келісім беремін және міндеттенемін.
      Осымен өзім берген мәліметтердің түпнұсқалығына толық жауапкершілігімді растаймын.
      Қоса берілетін құжаттар: 1. ___________________________________
                               2. ___________________________________
                               3. ___________________________________

      ___________           ______________________
         (Қолы)               (Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ ж. "____"_______________

Жеке сот орындаушысы 
өкілеттіктерін беру, 
өкілеттіктерін беру 
бойынша конкурс өткізу
және жолдама алу   
шарттары мен тәртібіне
2-қосымша      

Нысан

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
жанындағы біліктілік комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ

Астана қаласы           № ____             20____ж. «____»_______

Төрағалық еткен:

Қатысқандар:

(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)

Комиссия мүшелері:
(Т.А.Ә. (бар болса)

КҮН ТӘРТІБІ:

_____________________________________________________________________
                           (өңірдің атауы)

бойынша жеке сот орындаушыларының бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысатын үміткерлерді іріктеу.
      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Біліктілік комиссиясы жеке сот орындаушысының бос лауазымына орналасу үшін конкурс өткізді.
      Баяндалғанның негізінде, Заңның 141-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, конкурстың қорытындысы бойынша Біліктілік комиссиясы:

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мына тұлғалар: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
             (әкімшілік-аумақтық атқару округының атауы)
_____________________________________________________________________
                   (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
конкурстан өтті деп есептелсін.

      2. Мына тұлғалар: _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)

конкурстан өтпеді деп есептелсін.
      3. Жеке сот орындаушыларының бос лауазымына орналасу конкурсына
мына қатысушылар келген жоқ: ________________________________________
                                  (Т.А.Ә. (бар болса) толығымен)
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті Заңға сәйкес осы хаттаманың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларды жеке сот орындаушысының лауазымына тағайындау туралы бұйрық шығарсын.
      Осы хаттаманың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға конкурсқа ұсынған құжаттары қайтарылсын.

Біліктілік комиссиясының
төрағасы_____________________________________________________________
                         (Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)

Біліктілік комиссиясының мүшелері____________________________________
                                          (Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О.

Хатшы _____________________
       (Т.А.Ә. (бар болса)
20___ж. «_____»____________
   (Хаттаманың шыққан күні)