2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1429

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертуі: P021429  қаулысын қараңыз.

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
610 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРTЫ

      1. Құны: 1195884 мың теңге (бip миллиард жүз тоқсан бес миллион сегiз жүз сексен төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 56, 57-баптары ; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы ; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы;  Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының құрылымы мен штаты туралы" 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 3315 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының құқықтық қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 28 қаңтардағы N 536 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшiлерi болып табылмайтын қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы .
      3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердің барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегi комитеттiң орталық аппараттаpының, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшілерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитеттiң, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкiмшiлерiнiң аппараттарын ұстау.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
  001       Әкімшілік
            шығындар

        001 Орталық       243 бірлік         Жыл    Қазақстан
            органның      бекітілген штат    ішінде Республикасының
            аппараты      саны лимиті шегінде       Жоғарғы Соты,
                          Қазақстан                 Қазақстан
                          Республикасы Жоғарғы      Республикасы
                          Сотының, Қазақстан        Жоғарғы Соты
                          Республикасы Жоғарғы      жанындағы Сот
                          Сотының жанындағы         әкімшілігі
                          сот әкімшілігі            жөніндегі
                          жөніндегі комитеттің      комитет,
                          орталық аппаратын         облыстардағы
                          ұстау.                    және Астана
        031 Облыстардағы, 1745 бірлік мөлшер. Жыл   мен Алматы
            Астана мен    інде бекітілген    ішінде қалаларындағы
            Алматы        штат саны лимиті          соттар
            қалаларындағы шегінде облыстар.         әкімшілері
            әкімшілер     дағы, Астана мен
                          Алматы қалаларын.
                          дағы соттар
                          әкімшілері аппарат.
                          тарын ұстау.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкiмшiлiгi жөнiндегi комитетке, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы соттар әкімшілерiне жүктелген функциялардың сапалы әрi уақытында орындалуы.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
611 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың бiлiктiлiгiн
арттыру және оларды қайта даярлау"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 36366 мың теңге (отыз алты миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнің қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институты" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1567 қаулысы ; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 1994 жылғы 12 ақпандағы N 1569 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Өзінің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн кәсiптiк қызмет саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдерiн, iскерлiк пен ептіліктерiн қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жетiлдiрiп, судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң кәсіптік деңгейiн арттыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, тәжiрибе алмасу, мемлекет қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
  010       Кадрлардың                       Жыл    Қазақстан
            бiлiктiлiгiн                     ішінде Республикасы
            арттыру және                            Жоғарғы Соты
            оларды қайта                            жанындағы Сот
            даярлау                                 әкімшілігі
        005 Мемлекеттiк   Жоспарға сәйкес           жөніндегі
            қызметшiлер.  мемлекеттiк               комитет,
            дiң бiлiктi.  қызметкерлердiң           Қазақстан
            лiгiн арттыру бiлiктiлiгiн              Республикасы
                          арттыру үшiн қызмет       Жоғарғы Соты
                          көрсетудiң түрлерiн       жанындағы
                          сатып алу, оның           судьялар мен
                          iшiнде мемлекеттiк        сот жүйесі қыз.
                          тiлдi жеделдете           меткерлерінің
                          оқыту. Бiлiктiлiгiн       біліктілігін
                          арттырып жүрген           арттыру
                          мемлекеттiк қызмет.       институты
                          керлердің саны 175.
        030 Судьялардың   Қазақстан Респуб.
            және сот      ликасы Жоғарғы Соты
            жүйесi қыз.   жанындағы судьялар
            меткерлерiнiң мен сот жүйесi
            бiлiктiлiгiн  қызметкерлерiнiң
            арттыру       бiлiктiлiгiн арттыру
                          институтын бекiтiлген
                          26 бiрлiк штат саны
                          лимитi шегiнде ұстау,
                          өкiлдiк шығысы мен
                          оқыту шығысын қоса.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: судьялар, сот жүйесi қызметкерлерiнің және мемлекеттiк қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру. Қазақстанда судьяларға бiлiм берудің қалыптасуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
612 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 032 "Сот төрелiгiн жүзеге асыру"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 4094444 мың теңге (төрт миллиард тоқсан төрт миллион төрт жүз қырық төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 47- 57-баптары , Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы" 2002 жылғы 21 наурыздағы N 825 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, республиканың Конституциясының , Заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: жергiлiктi соттардың оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткiзуi жөніндегi қызметiн қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
   032      Сот төрелiгiн Жергiлiктi соттарды Жыл    Қазақстан
            жүзеге асыру  7567 бiрлiк         ішінде Республикасы
                          мөлшерiнде штат            Жоғарғы Соты
                          санының бекiтiлген         жанындағы Сот
                          лимитi шегiнде ұстау.      әкімшілігі
                                                     жөніндегі
       033  Жергiлiктi                               комитет,
            соттар                                   облыстардағы
                                                     және Астана
                                                     мен Алматы
                                                     қалаларындағы
                                                     соттардың
                                                     әкiмшiлерi
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жергілікті соттарға жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
613 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 033 "Әдiлет бiлiктiлiк алқасының
қызметiн қамтамасыз ету"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 3319 мың теңге (үш миллион үш жүз он тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 36-бабы ; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы" Заңының 22-бабы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнің тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және судьяларының бос орындарына тағайындалуға кандидаттарды сапалы таңдау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
   033      Әдiлет        Басылымдар арқылы  Жыл    Қазақстан
            бiлiктiлiк    бос орындар туралы iшiнде Республикасы
            алқасының     ақпарат беру.             Жоғарғы Соты
            қызметiн      Іссапар шығындарын,       жанындағы Сот
            қамтамасыз    конкурстарды өткiзу       әкімшілігі
            ету           туралы бұқаралық          жөніндегі
                          ақпарат құралдарында      комитет
                          хабарландыру, кеңсе
                          тауарларын сатып
                          алу шығындарын төлеу.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: конкурстар ұйымдастыру және өткiзу арқылы судьялық қызметке білiктi кадрларды таңдау.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
614 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 201 "Сот жүйесiнiң органдарын
материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 47, 56-баптары ; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттің қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сот жүйесi органдарының қызметiн оларға жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғимараттарға күрделi жөндеу жүргізу.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
  201       Сот жүйесінің Ғимарат пен үй-    Жыл    Қазақстан
            органдарын    жайларға күрделі   ішінде Республикасы
            материалдық-  жөндеу жасау.             Жоғарғы Соты
            техникалық                              жанындағы Сот
            және өзге де                            әкімшілігі
            қамтамасыз ету                          жөніндегі
                                                    комитет,
                                                    облыстардағы
                                                    және Астана
                                                    мен Алматы
                                                    қалаларындағы
                                                    соттардың
                                                    әкiмшiлерi
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттiк қаражаттар тиісті жағдай жасау, сот әдiлдiгiн сапалы жүзеге асыру мақсаты мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
615 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 500 "Қазақстан Республикасы сот жүйесi
органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау
жүйесiн сүйемелдеу" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 25-бабының  4 тармағы, 56-бабы ; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнің тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнің қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сот төрелігін іске асыру және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды пайдалана отырып Қазақстан Республикасының сот жүйесi органдары мен оның құрамдас бөлімдерінің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету және бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін дамыту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот құжаттарын жинау мен ресімдеудің сапарын арттыру, Қазақстан Республикасы сот шешiмдерiнiң Бiрыңғай мәлiметтер базасын қолдау, судьялар мен аппарат қызметкерлерінің қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану практикасы бойынша көкейкесті әрі дәл ақпараттың ауқымды көлеміне жедел қол жеткізу сапасын арттыру, құжат айналымын және іс жүргізуді, соттардың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен және басқа да мемлекеттік билік органдарымен өзара ақпараттық іс-қимылы жөніндегі міндеттерді қамту.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
  500       "Қазақстан    1. Жоғарғы Соттың, Жыл    Қазақстан
            Республикасы  облыстық соттар    iшiнде Республикасының
            сот жүйесi    мен экономикалық          Жоғарғы Соты
            органдарының  соттардың 2003
            бірыңғай      жылғы сот шешiмдерiн
            автоматтан.   өңдеу және сот
            дырылған      шешiмдерiнiң
            ақпараттық-   базасына енгiзу.
            талдау        2. Пилоттық аймақ
            жүйесiн       шеңберiнде байланыс
            сүйемелдеу    қызметтерi үшiн ақы
                          төлеу.
                          3. Би жүйесiнiң
                          iс-қимыл аймағын
                          қажеттiлiгiнен
                          туындаған бағдарла.
                          малық өнiмнің түзілу
                          негізін қозғамайтын
                          Би жүйесiн
                          бағдарламамен
                          қамтамасыз ету
                          модификациялары,
                          бастапқы есеп
                          құжаттарының, есептiк
                          -статистикалық
                          құжаттардың, жалпы
                          хат-хабарлар мен
                          директивалық
                          құжаттардың өңделуiн
                          ұйымдастыру, облыстық,
                          экономикалық соттарға
                          арналған мәлiметтер
                          базасының бастапқы
                          толтырылуын ұйымдастыру,
                          республикалық және
                          облыстық деңгей
                          аралығында өзара
                          ақпараттық iс-қимылды
                          ұйымдастыру, әкімшілiк
                          ету және пилоттық
                          аймақта Би жүйесiн
                          пайдаланушылардың
                          пайдалану құқықтарын
                          басқару, облыстық
                          және экономикалық
                          соттардың мамандарына
                          Би жүйесiмен жұмыс
                          iстеу машығын игерудi
                          үйрету.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттiк қаржылар сот шешiмдерiн жинауды және өңдеудi, сот шешiмдерi мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасымен қамтып, соттардың сот шешiмдерi мәлiметтерiнiң Бiрыңғай базасына қол жеткiзуiне және сот статистикасын сапалы әрi дәл жүргiзуге, соттардың Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен және басқа да мемлекеттiк билiк органдарымен ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1429 қаулысына     
616 қосымша        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2003 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасы сот жүйесi
органдарының бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау
жүйесiн құру" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ

      1. Құны: 15000 мың теңге (он бес миллион теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 25-бабының  4 тармағы, 56-бабы ; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Заңы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi N 440 Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сот әкiмшiлiгiнің жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: соттар мен сот жүйесi органдарының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге уәкiлеттi органдарының жұмыстарын ақпараттау.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: бағдарламаларды әзiрлеу және бекiту, лицензиялық бағдарламаларды сатып алу.
      6. Бюджеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарлама.  !Бағдарламаларды   !Іске !   Жауапты
 !дар.!бағ.!лардың (кіші !(кіші бағдарлама. !асыру! орындаушылар
 !лама!дар.!бағдарлама.  !ларды) іске асыру !мер. !
 !коды!ла. !лардың) атауы!жөніндегі шаралар !зім. !
 !    !ма. !             !                  !дері !
 !    !ның !             !                  !     !
 !    !коды!             !                  !     !
------------------------------------------------------------------
1  2     3         4               5           6         7
------------------------------------------------------------------
  600       "Қазақстан     Соттарда және     Жыл    Қазақстан
            Республикасы   соттардың әкiмші. ішінде Республикасы
            сот жүйесi     лерiнде сот әкім.        Жоғарғы Соты
            органдарының   шiлiгi жөнiндегi         жанындағы Сот
            бiрыңғай авто. бағдарламалық өнiм       әкімшілігі
            маттандырылған ретiнде автомат.         жөніндегі
            ақпараттық-    тандырылған бiркелкi     комитет,
            талдау жүйесін ақпараттық-талдау        облыстардағы
            құру"          жүйесiн әзiрлеу және     және Астана
                           бекiту (қылмыстық,       мен Алматы
                           азаматтық, әкiмшiлiк     қалаларындағы
                           iстердi, шағымдарды      соттардың
                           және оларға              әкімшілері
                           наразылықтарды,
                           аппеляциялық және
                           қадағалау түрiнде
                           iс қарауы, сот
                           актiлерiн орындалуы
                           қозғалыстарын
                           бақылау), сот
                           актiлер деректер
                           қорын қалыптастыру
                           Интернетте
                           орналастыруымен,
                           статистикалық есеп
                           және есептеме,
                           жүйенiң қауiпсiздiгiн
                           қамсыздандыру,
                           электронды қолтаңба
                           жүйесiн әзiрлеуi,
                           компьютерлiк желiсiн
                           жүргiзуi (бекiтуi),
                           лицензиялық
                           бағдарламаларды
                           сатып алу.
------------------------------------------------------------------
      7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттiк қаржы бағдарламалық өнiм және сот әкiмшiлiгi жөнiндегi деректер қорын жасауға мүмкiндiк бередi, ол iстердi мерзiмiнде және сапалы қарауға және орындауға ықпалын тигiзедi; сот актiлер деректер қорын қалыптастырып Интернетте орналастыруы, қабылданған сот шешiмдердiң жариялығын қамтамасыз етедi. Деректердi өңдеуi және ұсынуы сот билiгiнiң дербестiгi мен судьялардың тәуелсiздiгiн нығайтуға, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға өз ықпалын тигiзедi.